Сенбі, 23 Қараша 2024
1514 5 пікір 19 Маусым, 2023 сағат 12:26

Сәтпаев: «Соғыс насихатшыларын Қазақстанға шақырғандар жазалануы керек»

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстанға Ресейдің соғыс насихатшыларын шақырғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек екенін айтты.

«Ниет пен саяси жігер болса, Украинадағы соғысты қолдайтын шоу бизнестегі Лепс сияқты Путиннің насихатшыларын Қазақстанға концерт қоюға шақырып жүргендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады. Өйткені олардың Қазақстанға келуінің өзі соғысты насихаттау болып саналады. Олар 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап өнер иесі деген аттан насихаттаушы деген атқа өткен. Ертең-ақ тура осындай сөздерімен Қазақстанның тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына күмән келтіретін болады»,-деп жазды саясаттанушы өзінің Facebook парақшасында.

Айта кетейік, Ресейлік әншілер Григорий Лепс пен Николай Басков осыдан біраз уақыт бұрын Украина танктерін жарып жібергендерге әрқайсысы 1 миллион рубльден төлейтінін айтқан. Сүйткен Григорий Лепс шілде айында Қонаев қаласына концертін өткізуге келмек.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419