Сенбі, 23 Қараша 2024
2006 8 пікір 19 Маусым, 2023 сағат 16:04

Қазақстанда Кремль насихатшысының концерті өтпейді

Ресейлік әнші Григорий Лепстің концертін өткізу үшін өз алаңын ұсынған Macao Luxury Village Resort іс-шара ұйымдастырушысымен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Компанияның хабарлауынша, шешім біржақты тәртіпте қабылданған. Сондай-ақ, билет ақшасын алған жерден қайтарып алуға болатыны хабарланды.

Еске салайық, Лепс 8 шілдеде Қонаев казиносының бірінде өнер көрсетуді жоспарлаған Концерт билеттерінің бағасы 50 мың теңгеден басталады. Ең қымбат билеттер 1 миллион теңгеге бағаланған.

Қазақстандықтар соғысты қолдайтын әртістің елімізде өнер көрсететініне наразылықтарын білдірді. Бұған дейін Ресей әншілері Николай Басков пен Григорий Лепс украин танктерін жойғаны үшін әрқайсысы бір миллион рубльден төлеуге дайын екендіктерін мәлімдеген.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Ресейдің Украинға қарсы соғысын қолдайтын өнер иелерін Қазақстанға шақырушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек екенін айтты.

Сурет: ғаламтордан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417