Ерлан Арын – екінші атаман!
Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын Қазақстандағы казак ұйымының шешімімен атаман атанды. Сөйтіп, арын папахаға айырбастаған Арын қазақтан шыққан нөмірі екінші атаман болып отыр. Бірінші атаман – Президент Н.Назарбаев.
31 мамыр күні саяси-қуғын сүргін құрбандарына облыс орталығынан мемориал кешенін ашып, алғыс алған әкім бүгін казак атанып қазақтан қарғысын алып отыр. Қарғыс алатыны – патшалық Ресей қазақ жерін отарлауда казактарды алға салғаны белгілі. Ал, казактар Қазақстанның солтүстігінен бастап кіріп, қазақ ауылдарын аяусыз қырып, жүкті әйелдердің қарнын жарып, сәбилерін мылтықтың ұшына шаншып, қыздарын зорлап ойына келгенін істеп, онымен қоймай көзіне түскен қазақты қорлап отарлаушы елдің қанды қолшоқпары болғаны тарихтан мәлім. Оның бір айғағы – Павлодар облысы, Ақсу қаласының атаман Ермактың атымен аталып, қалада Ермактың ескерткішің совет өкіметі құлағанша қасқайып тұрғаны. Мұны көзі ашық жұрт тегіс біледі. Сол ескеркішті ұлт намысы мен болашағын ойлаған қазақтың қайсар ұл-қыздары күресіп жүріп, құлатқан (http://old.abai.kz/content/svetlana-kondykerova-ermak-kylagan-k-n). Ал, бүгін Ерлан Арын тұтас ұлттың намысын шабақтап, қазақтың елі мен жерінің тұтастығы үшін қан майданда күрескен батыр бабаларымыздың аруағын күңірентіп, қазақты жерге қаратып, атаман атағын алды.

Әлбетте, казактардың қолынан сыйлық алмай, оларды жақсы сөзбен шығарып салса, әкімге «Сен неге өйттің?» деп ешкім айтпасы анық. Демек, атаман атану – Арынның таңдауы, еркі. Бұл қадамы арқылы облыс әкімі – казактардың қазақ халқына жасаған адам жаны түршігетін қиянатын, зорлық-зомбылығын дұрыс көретінін, казактарды қолдайтынын танытып отыр.
Жер бетінде казак деп аталатын ұлттың болмағанын һәм ешқашан болмайтынын әкім мырза білсек керек. Казак – әскери топ. Ал, Қазақстан Конституциясында мемлекет аумағында әскери топ құруға тыйым салынатыны туралы айтылған. Яғни, әкім казактардың қолынан атаман атағын алу арқылы Ата заңға қарсы әрекетке барып, қылмыс жасап отыр. Әрине, казак деген ұлт болмаған соң, оның мәдениеті, салт-дәстүрі де болмайды. Сондықтан казактардың Қазақстан халқы ассамблеясы секілді қуыршақ ұйымдарға кіруге ешқандай құқығы жоқ. Ал, оларды ұйымға қабылдағандар да қазақ халқына – мемлекетке қарсы қылмыс жасады. Оның ішінде Арында бар.
Уақыты келіп, биік ауысқанда казактардың қазаққа жасаған қылмыстары әшкереленіп, олардың атамандары тарихи қылмыстары мен ел аумағында заңсыз әскери ұйым құрып, мемлекет бекіткен әскери форма мен әскери атақтардан өзге форма киіп, шен тағайындағандары үшін жауапқа тартылатыны сөзсіз. Ендеше, бірінші атаман бастап, Арын қостаған атамандар осы бастан айылдарын жиып, аяқтарын тартсын!
Күні ертең әрбір казак және олардың атамандары Ермактың ескерткішінің аяғын құшып, жермен жексен болып қирап, қоқысқа тасталатынын бір сәтке де естерінен шығармасын!!!
Ал, Ерлан Арынға айтар соңғы сөзіміз: Сенген әкімім сен болсаң, атаман болғаныңды ұрайын!
Abai.kz