Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3143 0 пікір 6 Маусым, 2013 сағат 10:59

Ауыт Мұқибек. 2050: Сонда шеттегі қандастар қайда қалады, Ғареке?!

Құрметті бауырлар!

Ардақты ағайын!                  

КішіқұрылтайдыңәлемдікмәдениетүлгілерінтоғыстырғанПариждеөтуініңмаңызызор. Шет­елдердегі қазақтардың өз атамекенін қастерлей білетіндігі осыдан көрінеді. Сіздер жырақта жүрсеңіздер де ана тілімізді ардақтап, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді дамытуға үлес қосып келесіздер.

Қазақ елі өзінің шет елдердегі қандастарына ерекше ілтипатпен қарайды. Еуропа мемлекеттері мен Қазақстан арасына алтын кө­пір орнатуға бәріміз мүдделіміз. Сіз­дер де бұл маңызды іске белсене атса­лысуларыңыз қажет.   

Менбылтыр «Қазақстан-2050» Стратегиясықалыптасқанмемле­­кеттіңжаңасаясибағыты» аттыЖолдауымдыжарияладым. Жолдаудың алға қойған басты мақсаты – таяу жылдары Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің катарына косу. Бұл ауқымды міндетті жүзеге асыруға біздің әлеуетіміз толық жетеді. Осы игі істен Еуропа қазақтары да шет қалмауға тиіс.

Құрметті бауырлар!

Ардақты ағайын!                  

КішіқұрылтайдыңәлемдікмәдениетүлгілерінтоғыстырғанПариждеөтуініңмаңызызор. Шет­елдердегі қазақтардың өз атамекенін қастерлей білетіндігі осыдан көрінеді. Сіздер жырақта жүрсеңіздер де ана тілімізді ардақтап, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді дамытуға үлес қосып келесіздер.

Қазақ елі өзінің шет елдердегі қандастарына ерекше ілтипатпен қарайды. Еуропа мемлекеттері мен Қазақстан арасына алтын кө­пір орнатуға бәріміз мүдделіміз. Сіз­дер де бұл маңызды іске белсене атса­лысуларыңыз қажет.   

Менбылтыр «Қазақстан-2050» Стратегиясықалыптасқанмемле­­кеттіңжаңасаясибағыты» аттыЖолдауымдыжарияладым. Жолдаудың алға қойған басты мақсаты – таяу жылдары Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің катарына косу. Бұл ауқымды міндетті жүзеге асыруға біздің әлеуетіміз толық жетеді. Осы игі істен Еуропа қазақтары да шет қалмауға тиіс.

ҚазірҚазақстанғакеліп, еліміздіңдамуынаүлесқосыпжүргеншетелдіказаматтаржеткілікті. Олардың арасынан өз қандастарымызды кез­дестіру – біз үшін үлкен қуаныш. Та­рихи Отанымыздың өсіп-өркендеуіне атсалыссақ деген тілектеріңізді әрқашан құптаймыз. Сіздердің ел экономикасына, оның мәдениеті мен ғылымының дамуына косар үлестеріңіз айрықша маңызды.

Елордамыз – Астанада 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесі өтеді. Бұл шара Қазақстанның бүкіл әлем алдындағы беделін бұрынғыдан да биіктете түсері анық. Қазір елімізде көрмеге жан-жақты әрі қызу дайындық жүргізілуде. Еуропа қазақтары да оның ойдағыдай өтуіне белсене қатысады деп сенеміз.

Сіздерге атамекеннің құшағы қа­шан­да айқара ашық! Барыс-келісіміз ұлғайып, байланысымыз нығая берсін! Баршаңызға мол табыс, бақ-береке тілеймін!

Нұрсұлтан Назарбаев

Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл Франция астанасы Парижде өткен Еуропа қазақтарының кезекті кіші құрылтайы қарсаңында кәрі құрлықтағы қандастарымызға Талғат Мамашев арқылы жолдаған үшбу құттықтау хаты.

Иә, қазақ қайда жүрсе де қазақ. Заты емес, әрине! Тек аты ғана. Бұдан былайғы жерде тілі, діні, салт-санасы, ғұрып-әдеті... бірдеме деу қиын. Осылай кіші құрылтайлатып, құттықтау жолдап, «баршасына мол табыс, бақ-береке тілеп» жүре берсек, бәрінен айырылары хақ. Айырылып та жатырмыз.

«Сіздер жырақта жүрсеңіздер де ана тілімізді ардақтап, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді дамытуға үлес қосып келесіздер». Әй, қайдам, Нұреке?! Үлкендері акцентпен әрең-әрең, жастары мүлде өзге тілде сөйлейді бұлардың. Осы түрлерімен қайтіп «салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді дамытуға үлес қосып келеді» олар?!

«...Осы игі істен Еуропа қазақтары да шет қалмауға тиіс». Дұрысы – шетте қалдырмай, бастаған істі орта жолда тастамай сол қандастарды түгел жиып алуымыз керек қой, Нұреке! Өзіңіз де айтыпсыз ғой: «Жолдаудың алға қойған басты мақсаты – таяу жылдары Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің катарына косу. Бұл ауқымды міндетті жүзеге асыруға біздің әлеуетіміз толық жетеді» деп. Демек, 2030-ға дейін шеттегі бес миллион қазақты көшіріп алу сынды «бұл ауқымды міндетті жүзеге асыруға да біздің әлеуетіміз толық жетеді» деген сөз. Көшіріп алуымыз керек! Бұл – бір.

Екінші, «Париждегі кіші құрылтайдың келесі күнгі өткізген үлкен іс-шарасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемле­кеттің жаңа саяси бағыты» атты Пре­зи­­­дент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан туын­дайтын міндеттерге орай ұйымдас­тырылған дөңгелек үстел мәжілісі» жайында. Оны жүргізген академик, сенатор Ғарифолла Есім өзінің кіріспе сөзінде: «Бұл – бізді биіктетер бағдарлама. Қысқа да нұсқа қағидалармен қашалған қуатты құжат. Мұнда егемен еліміз атқарар ауқымды істер мен алар асулар жөнінде қадау-қадау мәселелер қарымды ойлармен қамтылған», – депті. Мен жоғарыдағы жолдарды жазған Жанболат Аупбаевты айыптағалы отырғам жоқ. Әлемнің әр шалғайында Атажұртына жете алмай тентіреп жүрген сол бес миллион қазақты көшіріп алу туралы бір ауыз сөз айтылмаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемле­кеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауды Ғарифолла ағам шеттегі қандастар ортасына қай бетімен апарып, дөңгелек үстел мәжілісін ұйымдас­тырды екен деп таң қалып отырмын (http://old.abai.kz/content/auyt-mykibek-kazakstan-2050-strategiyasy-rei-men-mit).

Мысылы, Хасекең – Хасен Оралтай тірі болып, «әй, бала, өзі зуылдатпай тоқташы,  2050 жылы Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің катарына косады екенсіңдер. Дұрыс! Менің де арманым сол. Сонда мына біз –шеттегі қандастар қайда қаламыз? Қазақтардың бір елден екінші мемлекетке қаңғып, балаларына өз ұлтынан қалыңдық іздеп жүргені мынау!» - десе, айтыңызшы, не деп жауап берер едіңіз, Ғареке?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2062