ҚР-да мұнай индустриясы туралы ғылыми-көпшілік кітап жарық көрді
Алматы. ҚазТАГ. 2 қырқүйек – Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің 110 жылдығын атап өту қарсаңында Равиль Чердабаевтың «Мұнай: кеше, бүгін, ертең» атты кітабы жарық көрді. Бұл ғылыми-көпшілік басылым қазақстандық автордың мұнай туралы жазған энциклопедиялық бағыттағы зерттеу жұмысы болып табылады.
Р.Чердабаевтың кітабы мұнайдың шығуы, оны пайдалану тарихына, оның шығу теориясынан бастап, ежелгі әлемде оны өндіру туралы мәліметтер мен осы сөздік этимологиясына тоқталып, Қазақстанның мұнай өнеркәсібі туралы әңгімелейді. Тірі тілмен жазылған кітап мұнаймен кәсіби түрде айналысатын оқырмандарға және мұнай туралы көбірек білгісі келетін көпшілік ортаға көмекші болуға арналған.
«Біз көмірсутек энергетикасы заманында өмір сүріп жатырмыз, оның лайықты өкілдері болу үшін оның қайдан бастау алатынын, мұнайды неліктен «қара алтын» және «қазіргі экономиканың қаны»деп атайтынын білуге тиіспіз» - дейді автор осы кітапты жазуға түрткі болған себептерін айта келе.
Кітапты жазуға бірнеше жыл уақыт кетті және оған қатысты айтылған алғашқы пікірлер «Мұнай: кеше, бүгін, ертең» зерттеуінің оқуға тұрарлық екенін көрсетеді.

«Мұнай: кеше, бүгін, ертең» аяқталған ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады және осы мәселеге арналған үздік басылымдардың қатарынан орын алады» - деп мәлім етті өз пікірін жеткізген Ресейдің экс-премьер-министрі Виктор Черномырдин.
Р. Чердабаев – экономика ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық минералдық ресурстар академиясының, халықаралық инженерлік академиясының, Еуразияның экономикалық академиясының академигі. Әр жылдары Украина мен Молдовадағы елші болған, Атырау облысы әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған, Қазақстанның мұнай және газ саласының алғашқы министрі болған.