Сенбі, 23 Қараша 2024
Өзгелер 2053 0 пікір 3 Шілде, 2023 сағат 13:23

Франциядағы қақтығыс: Макрон отставкаға кете ме?

27 маусымнан бастап Францияның бірнеше қаласында жаппай тәртіпсіздіктер болып жатыр. Елдегі наразылықты бақылауға алуға 45 мың полиция жұмылдырылған. Әлеуметті желілерде таралған видеоларда полиция мен шерушілер арасында қақтығыстар болғаны, полицияның көзді жасаурататын газ қолданғаны көрсетілген.

Париж қаласында 126 адам ұсталып, қауіпсіздік шаралары күшейген. Ал Марсель, Лион, Лиль сияқты қалаларға қосымша көмек жіберілген.

Франция президенті Эммануэль Макрон осы оқиғаларға байланысты Германияға жоспарланған сапарын кейінге қалдырды. Тәртіпсіздіктердің төртінші түнінде елде 1300-ден астам адам қамауға алынды. Наразылыққа шыққандар ғимараттар мен көліктерді өртеп жіберді. Марсель, Лион, Тулуза, Страсбург, Лилль, Париждегі дүкендер тоналған.

Франциядағы көтерілістер Нантер қаласында алжирлік иммигрант Наэль М. атты жасөспірімді полиция атып өлтіргеннен кейін басталған. Кәмелетке толмаған 17 жастағы ер бала «Mercedes» көлігін тізгіндеп, жол ережесін бұзған.

Француз қоғамы полицияның әрекетін қатігездік деп бағалап, оларды «нәсілшіл» деп айыптады.

Жасөспірімді атып өлтірген полиция қызметкері қамауға алынды, оған қасақана кісі өлтірді деген айып тағылды. Бейсенбіде ол марқұмның отбасынан көпшілік алдында кешірім сұрады.

Франция президенті Эммануэль Макрон жұма күні кешке тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталғандардың шамамен үштен бірі «өте жас жеткіншектер» екенін мәлімдеді. ІІМ басшысы Жеральд Дарманен тұтқынға алынғандардың арасында 13 жастағы балалардың барын айтқан.

Ол ата-аналарды балаларының үйден шықпауын қадағалауын сұрады.

Франция президенті Эммануэль Макрон наразылықты қоздырушыларды кінәлады. «Олар баланың өлімін пайдаланып, біздің институттарға шабуыл жасауды көздеп отыр. Олардың мойнында үлкен жауапкершілік жатыр.  Біз зорлық-зомбылық әрекеттерін қатаң айыптаймыз»,-деді ол.

Алжирлік иммигранттардың баласының өлімі француз қоғамында онсыз да өршіп тұрған нәсілшілдік проблемасын тағы да көтерді. Бұл оқиғалар президент Макронның отставкаға кетуіне себеп бола ма?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5380