3 қырқүйекте Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Біржан сал» көркем фильмінің премьералық көрсетілімін бастайды
Алматы. 2 қырқүйек. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Алматыдағы «Алатау» кинотеатрында «Біржан сал» көркем фильмінің премьералық көрсетілімі басталады. Сеанстың алдында көрермендер кинотуындының актерлары мен түсіру тобымен кездеседі, деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.
Қоюшы режиссерлар Д. Жолжақсынов пен Р. Әлпиев түсірген «Біржан сал» фильмі аты аңызға айналған халық әншісі мен композиторы Біржан Қожағұловтың өмірі туралы баяндайды. Бұл - тәкаппарлық пен бойсұну, намыс пен қорлық, ар мен арсыздық туралы фильм. Бұл - соңғы махаббат пен жалғыздық туралы хикая.
Картинаны түсіру барысында авторлар сол заманның тынысын жеткізетін атмосфераны қалыптастыратын жағдайларға ерекше мән берді. Мұрағат материалдарын мұқият зерттеу оларға XIX ғасырдың соңына тән тұрмыс заттарын қалпына келтіріп, адамдардың сөйлеу мәнерін жеткізуге мүмкіндік берді.
Түсіру жұмыстары Біржан салдың туған жері Көкшетау облысында жүргізілді. Ол жерде бірнеше ауыл салынды, ал жергілікті тұрғындар көпшілік қатысатын түсіру кезеңдеріне белсенді түрде қатысты.
Фильмде композитор Т. Мұхамеджановтың музыкасы қолданылды, әндерді Еркін Шүкімәнов, Қарагөз Сүлейменова, Қанат Жүніс орындайды.
Фильмді оператор Р. Ибрагимов түсірді. Басты рөлдерде Д.Жолжақсынов, А.Матай, С.Оразбаев, Қ.Төлегенов, Б.Әбділманов, Г.Тұтова ойнайды.

Алматыдағы премьералық көрсетілімнен кейін түсіру тобының шығармашылық кештері 5 қырқүйекте Астанада, 7 қырқүйекте Көкшетауда, 9 қырқүйекте Қарағандыда, 11 қырқүйекте Семейде және 15 қырқүйекте Шымкентте өтеді.