Сенбі, 23 Қараша 2024
1358 2 пікір 11 Шілде, 2023 сағат 13:24

Путин мен Пригожин кездесті

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 29 маусымда Владимир Путиннің "Вагнер" жеке әскери компаниясының командирлерімен және басшылығымен, оның ішінде Евгений Пригожинмен кездесу өткізгенін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Песковтың айтуынша, кездесуде 35 адам болған.

"Ол 35 адамды шақырды. Барлық командирлер мен компания басшылығы, соның ішінде Пригожин. Кездесу 29 маусымда өтті. Ол шамамен үш сағатқа созылды. Егжей-тегжейлері белгісіз. Президент компанияның майдандағы іс-әрекетіне баға берді, сонымен қатар 24 маусымдағы оқиғаға баға берді. Командирлер өз нұсқаларын айтып, Бас қолбасшының сенімді жақтастары екендіктерін және әрі қарай жалғастыруға дайын екендіктерін атап өтті", - деді Песков.

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні “Вагнер” ЖӘК басшысы Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Ол науқанның мақсатын «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылығын жауапқа тарту» деп атады. ЖӘК басшысы «Президенттік билік, үкімет, Ішкі істер министрлігі және басқа да құрылымдар Қазақстандағы жұмысты жалғастырады» деп сендірді.

Путин Пригожинді «сатқындық жасады» деп айыптап, бүлікті басуға бұйрық бергенін мәлімдеді.

Путиннің мәлімдемесіне берген жауабында “Вагнер” Ресейде жаңа жуырда жаңа президент болатынын айтты.

Көп ұзамай Ресейлік ФСБ «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады. Қазақстандықтардан жақын арада Украинамен шекаралас Ресей территорияларына бармауды сұрады.

Алайда Пригожин райынан тез қайтты. Оны қарулы қақтығысты тоқтатуға үгіттеген – Беларусь президенті Александр Лукашенко. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ол Пригожинге қарсы қылмыстық іс тоқтатылатынын, оның Беларуське кететінін жеткізді.

25 маусымға қараған түні  «Вагнер» жауынгерлері  Дондағы Ростовтағы Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтері маңындағы аумақты тастап кеткені мәлім болды.

Бүліктен кейінгі халыққа жолдауында Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" жалдамалыларына екі жол ұсынды.

Сондай-ақ, "Вагнердің" бұдан былай Украинадағы соғысқа қатыспайтыны хабарланды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383