Жексенбі, 20 Сәуір 2025
1692 1 пікір 12 Шілде, 2023 сағат 15:44

«Әскери құрылыс» 596 млн теңге жымқырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Әскери құрылыс» АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтың және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады.

11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтың қарамағындағы «Әскери құрылыс» ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты қарамағындағы адамдар бар.

Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарт жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенеді.

Залалдың жалпы сомасы - 596 млн теңге.

Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта айыпталушылар сотқа берілді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4932
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129