Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Дат 4211 4 пікір 13 Шілде, 2023 сағат 14:39

Бесеудің соты: Президент мырза, араша түсіңіз!

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа!

Мен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі ретінде, Мемлекет Басшысы, Ұлттық Құрылтайдың Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелеұлы Тоқаевтан 2023 жылдың 11-ші шілдесінде Қаңтар оқиғасы кезінде «әуежайды басып алу ісі» бойынша сотталған журналист Әйгерім Тілеужанға, белсенді Қалас Нұрпейісовке, Нұрлан Дәлібаевқа, Ермұхамет Шилібаевқа және Жанайдар Кәрменовке шығарылған үкімді егжей-тегжейлі зерттеп, осы іске ерекше назар аударуын сұраймын.

Және де Ата Заңымызда белгіленген «халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі» ретінде Президентімізден жоғарыда аталған азаматтарға араша түсуін және рақымшылық жасауын сұраймын.

Сонымен қатар, елге жанашыр қоғам белсенділеріне емес, керісінше Әділетті Қазақстан құру идеясына, оны ұсынған Президентке қарсы астыртын әрекеттер жасап отырған мысықтілеу тұлғалар мен күштерді әділ анықтап, оларға қолданыстағы заң аясында қатаң жаза қолдануын сұраймын.

Құрметпен,

Ақберен Елгезек

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1471
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3091
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1097
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1023