Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
2284 1 пікір 14 Шілде, 2023 сағат 11:31

Бүлдіршіннің өлімі: Тоқаев жіті тергеуді талап етті

Мемлекет басшысына Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды.

Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.

Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Мемлекет басшысы биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды.

«Баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адамның 5 жасар бүлдіршінді айуандықпен өлтіргені туралы хабарланған.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1394
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2973
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1042
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 972