Сенбі, 23 Қараша 2024
1835 0 пікір 14 Шілде, 2023 сағат 11:44

Белсенді Бесжан Төлеубекұлын полиция алып кетті

Бұл туралы Facebook желісінде Күлтегін Аспанұлы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Осы жаңа белгілі болған ақпарат бойынша, Алматы полиция департаментінің бір топ полицейі белсенді Бесжан Төлеубекұлын (Тараздағы соттан келген бойда) үйіне кіреберісте ұстап әкеткен. Белсенді телефонда айтып үлгерген сөзіне қарағанда, әкімшілік жазаға тартып, 20 тәулікке дейін қамауы ықтимал”, – делінген жазбада.

Болжам бойынша, белсендінің ұсталуына 11 шілдеде қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сотталғандарды қолдап, ел қатарлы сыртта (сот залында емес) сөйлегені сылтау болуы мүмкін. Үкім оқылған отырысқа Бесжан Төлеубекұлы ғана емес, кемі 160 азамат қолдауға барған.

“ҚР Ішкі істер министрлігі мұны «санкцияланбаған митинг» деп есептей ме?” деп наразылық білдіруде желідегі жұрт.

Еске салайық, 11 шілдеде Алматының Наурызбай аудандық сотында қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша айыпталушыларға үкім оқылды.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, Әйгерім Тілеужанды 4 жылға бас бостандығынан айырды. Қалас Нұрпейісов пен Нұрлан Дәлібаев 8 жылға сотталды.

Сот үкімімен Ермұхамет Шілібаевқа пен Жанайдар Кәрменов те 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдары бойынша, Тілеужан мен Нұрпейісов жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды (ҚР ҚК 272 - бабының 1-бөлігі) деп айыпталса, Дәлібаев, Шілібаев және Кәрменовке әуежайдың стратегиялық объектілері мен "КазАэроНавигация" РМК шабуыл жасау және басып алу кезінде зорлық-зомбылықпен, өртеумен, мүлікті қиратумен және жоюмен қатар жүрген жаппай тәртіпсіздіктерге (ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі) қатысты деген айып тағылды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сотталушыларды қолдауға жиналғандардың қарасы қалың болды. Олардың көпшілігі белсенділерді босатуды талап еткен плакаттар көтеріп келді. Сот залына жиналғандар үкімге наразылықтарын білдіріп, полициямен төбелесуге дейін бара жаздады.

Сотталушыларды қолдауға барғандардың бірі белсенді Бесжан Төлеубекұлы қаңтаршыларды көліктерге тиеп алып кететін сәтте жиналған адамдарды күшпен итермелеп, жолды босатуды талап еткен полиция қызметкерлеріне:

“Елімізде 170 мың полиция қызметкері бар, қаңтар оқиғасы кезінде неге ОДКБ әскеріне қарап қалдыңдар? Неге бізді тағы да орысқа қаратып қойдыңдар? Көмектерің керек кезде неге жұмыста болмадыңдар? Қазір қоғамдық тәртіп туралы айтып тұрсыңдар”, – деген болатын.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456