Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 2681 7 пікір 24 Шілде, 2023 сағат 12:26

Лавров: Қырғыз тілі заңы демократияға қайшы!

Қырғызстанның «өз мемлекеттік тілін өз халқына біл» деп, заң тұрғысынан міндеттеуі Ресейдің шамына тиіп жатыр. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Бұларың демократиялық принципке жат», - депті.

«Орталық Азияда белсенді түрде заңдарын өзгертіп жатыр. Қырғызстанда бірнеше ай бұрын заң қабылданды. Бұл ұсыныс түскен кезде, мұның демократиялық емес екенін қырғыз әріптестерімізге ескерттік. Онда мемлекеттік қызметкерлердің бәрі қырғыз тілін білуі керек және осы тілде жұмыс жүргізуі тиіс делінген. Мемлекеттік қызметкерлер категориясына мұғалімдер, дәрігерлер де кірді. Біз әрі қарай жұмыс істеуді жалғастырамыз. Біз бірнеше рет ескерттік. Қырғыз Конституциясында орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі», - деді Ресей СІМ басшысы 19 шілдеде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу кезінде.

Оның сөзінше, орыс тілі Ресейде болып жатқан оқиғалар туралы шынайы ақпарат жеткізуге, орыс мәдениетін білуге, отандық білімді алға жылжытуға қажет.

«Ол орыс тілін барлық жерде кемсіту жүріп жатыр. Украинаны айтпағанда, Балтық елдері де осыны істеп отыр. Орыс тілі қазіргі әлемде қажет», - депті Сергей Лавров.

Бұған дейін, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Қырғызстандағы мемлекеттік тіл туралы» заңға қол қойған. Заң 18 шілдеден бастап күшіне енді.

Құжатқа сай енді  мемлекеттік қызметкерлер, барлық мемлекеттік мекемеге қарайтын қызметкерлер, оның ішінде депутаттар, Ұлттық банк қызметкерлері, сот, прокурорлар, адвокаттар, нотариус қызметкерлері қырғыз тілін білуі тиіс және бүкіл жұмысты қырғыз тілінде жүргізуіге міндеттелді.

Бұл заң меншік түріне қарамастан телерадиокомпанияларды бағдарламаның кемі 60 пайызын қырғыз тілінде жүргізуге міндеттейді. Бірлескен компаниялар мен шетелдік компаниялар атауы қырғыз тіліндегі транслитерациямен жазылуға тиіс. Ал орыс тілі Қырғызстанда ресми тіл ретінде қолданылады.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364