Сейсенбі, 8 Қазан 2024
Қоғам 7428 1 пікір 31 Шілде, 2023 сағат 11:39

«9 балдық жер сілкінісінің аналогы»: BAZIS-A жаңа ғимаратты сынақтан өткізді

Алматыда 27 шілдеде қызықты эксперимент жасалды. Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты (ҚазҚСҒЗИ) мен BAZIS-A компаниясы  LEGENDA тұрғын үй кешеніндегі 14 қабаттан, 52 пәтерден тұратын жаңадан салынған ғимаратқа вибродинамикалық сынақ жүргізді.

 ҚазҚСҒЗИ мамандары ғимараттың төбесіне арнайы діріл аппаратын орнатып, амплитудасы жоғарылаған ғимаратты шайқады. Бұл технологияның көмегімен сейсмологтар мен құрылысшылар жер сілкінісі кезінде тербелісті бақылайды. Ғимаратқа сезімталдығы жоғары 60-тан астам сенсор орналастырылды. Бұл аппараттар барлық параметрлерді жазып алып, компьютерге жіберді. Сынақ жүктемені біртіндеп арттыру арқылы жүргізілді. Сынақты ұйымдастырушылар журналистерді ғимараттың ең биік 14-қабатына шығарды. Ал соңғы кезеңде діріл 9 балдық деңгейге жеткенде тілшілер мен операторлар «естен кетпес эмоцияны» бастан өткерді (өздерінің айтуы бойынша). Бұған қоса, журналистер кейінірек, қатты діріл мен сілкініс кезінде құрылымдардың төзімділігіне тәнті болғанын мойындады. Жапсырма мен жабындылар, тіпті, үйдің бірде-бір бөлігі зақымданбаған.

ҚазҚСҒЗИ өкілдерінің айтуынша, осындай эксперименттік сынақтар арқылы шынайы жер сілкінісі болған ғимараттардың қандай күйде болатынын көрсетеді. Бұл жағдайда құрылымдар тәжірибесін ескере отырып,  құрылысшылар мен жобалаушылар белгілі бір объектінің құрылыс сапасын бағалау ғана емес,  зерттеуі үшін маңызды деректі анықтауға мүмкіндік алады.

«Вибродинамикалық сынақтардың нәтижесінде біз құрылым туралы ғана қоймаймыз. Сейсмикалық жоғары аймақтарда белгілі бір құрылымдық жүйелерді, материалдарды, инженерлік шешімдерді пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды жасай аламыз. Нысанның жер сілкінісіне төзімділігін бағалау кезінде ғимараттың қаңқасына ғана емес, оның ішкі және сыртқы қабырғаларына, қасбеттеріне де назар аударамыз. Біз 6-7 баллдық шағын жүктемелерден бастаймыз және сенсорлардан ақпаратты бақылаймыз. Мәселен, «құрылым сілкініс кезінде қалай болды, қозғалды ма, өзгеріс болды ма?» деп бәріне мән береміз.. Келесі кезең сайын жүктемені бірте-бірте арттырамыз. Ал сынақтың соңғы кезеңінде 9 балл деңгейінде ауытқулардың қарқындылығында күшейтіп, ғимараттың төзімділігін тексереміз. Бұл мақсатта көптеген құрылымдық элементтерге, түйіспелерге, тігістерге ондаған сенсорлар орналастырылған. Олар тестілеу кезінде барлық қажетті параметрлерді жазады. Нәтижесінде ғимараттың негізгі қаңқасы және оның құрамдас бөліктері қалай әрекет ететіні, онда қандай үдеулер мен қозғалыстар болатыны, олар қандай жүктемелерді бастан кешіретіні және соққы күшінің артуымен бүкіл процесс динамикада қалай көрінетіні туралы интегралды математикалық сурет қалыптасады», – деді ҚазҚСҒЗИ көпқабатты үйлердің сейсмикалық төзімділігі зертханасының меңгерушісі Жасұлан Омаров.

 Оның айтуынша, бұл сынақтардың қорытындылары институт мамандарына жер сілкінісі қаупі бар аймақтардағы ғимараттарды жобалау және салу стандарттарын жетілдіруге қажет болады.

Осы орайда, «Bazis-A Corp.» ЖШС-нің бас инженері Павел Бобылев сынақ компанияның барлық үйлері сейсмикалық төзімділік бойынша ең қатаң талаптарға сай келетінін тағы бір рет дәлелдеуге мүмкіндік бергенін жеткізді.

«Алматы – 9 баллға дейінгі жер сілкінісі болуы мүмкін сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі. Құрылыс компаниясы ретінде біз салған үйлерде тұратын адамдар қауіпсіз екендігіне сенімді болуы үшін осы сынақ кезінде ғимараттарымыздың сапасын тексердік», –  деді ол.

ҚазҚСҒЗИ өкілдерінің айтуынша, институт мұндай зерттеулерді BAZIS-A-мен бірге он жылдан астам уақыттан бері жүргізіп келеді. Компания ғимараттарына толық ауқымды вибродинамикалық сынақтар тұрақты түрде жүргізіледі. Мұндай сынақтар алғаш 2001 жылы «Фантазия» тұрғын үй кешенінде өткізілген. Сол кезден бері жер сілкінісіне қатысты сынақтар «Cтоличный центр», «Mega Tower Almaty»  тұрғын үй кешендерінде және «Нұрлы Тау» ОФО тұрғын үй ғимаратында өткізілді.

Павел Бобылевтің сөзінше, ҚазҚСҒЗИ мен BAZIS-A ғимараттарға вибродинамикалық сынақтармен қатар, құрылыс материалдарын 9 балдық жер сілкінісі кезіндегідей жүктемелер жағдайын қолдан туындатып, тұрақты стендтік эксперименттен өткізеді. Мұндай стендтік сынақтар әр түрлі уақытта әзірлеуші ​​​​қолданған бетон блоктарына, сыртқы үш қабатты панельдерге, желдетілетін қасбеттерге, гипс қабырғалары арасына, газ блоктарына өткізілді.

«Ақырында сейсмикалық аймақтардағы ғимараттарды салу кезінде ең берік және сенімді жаңа материалдарды пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Біз сынақ қорытындысы бойынша анықталған бұл мәліметтерді тек BAZIS-A компаниясында ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының басқа құрылыс компаниялары да пайдаланады», –  деді «Bazis-A Corp.» ЖШС-нің бас инженері.

Бүгінде BAZIS-A Алматыдағы ғимараттарының сейсмикалық төзімділігіне діріл-динамикалық сынақтарды жүргізетін жалғыз қазақстандық құрылыс компаниясы екенін бәрі біледі.

 

Abai.kz

1 пікір