Әлемдегі ең көне 10 қала
Жер бетінде ежелгі көрікті жерлерімен әйгілі көптеген қалалар бар. Бұл бірнеше мың жылдық тарихы бар және бірнеше ірі ежелгі өркениеттерден аман қалған қалалар. Зерттеушілер осы қалалардың ең көнелерінің рейтингін жасапты.
1. Иерихон (Палестина)
Інжіл әңгімелерінен белгілі, Иордан аңғарында орналасқан Иерихон әлемдегі ең көне, үздіксіз қоныстанған қала ретінде танылды. Оның жасы 9000 жылдан асады деп есептеледі. Орта қола дәуірінде Иерихон керемет гүлденуді бастан кешірді. Кейбір басқа ежелгі қалалар сияқты, Иерихон да бірнеше рет жойылып, қайта салынды.
Бірақ орта қола дәуірінің соңында Иерихон жойылды. Оған жақын жерде құлаған үлкен мұз метеоритінің жарылуы себеп болуы мүмкін. Бүгінде Иерихон туристер арасында өте танымал. Інжіл бойынша Мұса осында жерленген, Иса осында шомылдыру рәсімінен өткен. Сонымен қатар, осы жерден әйгілі Өлі теңіз шиыршықтары табылды.
2. Дамаск (Сирия)
Сирияның ең үлкен қаласы - Дамасктың жасы 9000 жыл. Бірақ ресми түрде ол әлі күнге дейін ескі Библостан болып саналады. Бұл жер бетінде бар заманауи астаналардың ең көнесі. Дамаск араб мәдениетінің астанасы ретінде белгілі, ол көптеген өркениеттердің өрлеуі мен құлдырауын бастан кешірді. Осы уақытқа дейін бұл қала Шығыс Жерорта теңізіндегі ірі діни орталық ретінде белгілі.
3. Библос (Ливан)
Ғаламшардағы ең көне қалалардың үштігінде үшінші орынды Ливанның Библос қаласы (Джубайль) алады. Тарихшылардың пайымдауынша, ол алғаш рет 9-10 мың жыл бұрын қоныстанған және тұрғындар тұрақты мекендеген үлкен қала ретінде айтылады. Тарихи деректерде біздің дәуірімізге дейінгі 5 000 жылдары пайда болған. Тарихта Библос жердің осы бөлігінде болған барлық ірі империяларды кезек-кезек жаулап алды дейді. Айтпақшы, «Библия» сөзі осы көне қаланың атынан шыққан деген болжам бар.
4. Алеппо (Сирия)
Сирияның Алеппо қаласының жасы 8 мыңнан асқан екен. Ол Месопотамия мен Жерорта теңізін байланыстыратын Жібек жолының аяғында орналасқан. 1869 жылы Суэц каналы ашылғанға дейін ол сауда мен экономикада орасан зор рөл атқарды. Алеппода көптеген сәулет ескерткіштері болды. Алайда, өздеріңіз білетіндей, 2013-2016 жылдардағы Сириядағы соңғы соғыс кезінде көне қаланың көп бөлігі қираған. Сол қорқынышты уақытта Алеппо тұрғындарының жартысынан көбі қырылды.
5. Аргос (Грекия)
Аргос - Грекияда орналасқан Еуропадағы және бүкіл әлемдегі тағы бір көне қала. Ол өзінен жүз шақырымдай жерде орналасқан Афинамен құрдас. Аргос Пелопоннес түбегінде орналасқан, ол арқылы негізгі автомобиль жолы және теміржол өтеді. Өз тарихында бұл қала (дәлірек айтсақ, қалалық елді мекен) бір немесе басқа мемлекеттің ықпалында болғанымен, ірі соғыстарға қатыспай, бейтараптықты сақтауға тырысты. Аргос біздің дәуірімізге дейінгі 371 жылы осы жерде болған халықтың олигархтардың атақты қырғынымен танымал. Ол туралы Гомердің «Илиадасында» да айтылады: Батыр Диомед Аргос қаласының патшасы болған.
6. Афины (Грекия)
Грекияның астанасы - ең көне қалалардың бірі. Афинының іргесі 7000 жыл бұрын қаланған және Батыс мәдениетінің, философиясының, ғылымының және жалпы Батыс өркениетінің негізі болғаны белгілі. Өзінің бүкіл тарихында қала екі рет қирауды бастан өткерді - дорийлық замандағы шабуыл және қаланы парсылардың басып алуы кезінде. Бүгінде Грекия астанасы 4 миллионға жуық халқы бар мегаполис және ең маңызды туристік орталық болып табылады.
7. Сузы (Иран)
Иранның Суза қаласы немесе Сузы (басқа атаулары - Сусан, Шушань) Библияда бірнеше рет айтылады. Оның іргесі 6 300 жыл бұрын Тигр өзенінің маңында қаланған. Мұнда алғашқы қоныстар одан да ертерек – 7 мың жыл бұрын пайда болған. Қаланың тарихында ассириялықтар оны толығымен дерлік талқандаған қайғылы эпизод болды. Кейінірек Суса қалпына келтірілді және Парсы империясы кезінде қала өзінің гүлдену кезеңін бастан кешірді. Бүгінгі таңда Сузы Иранның Хузестан провинциясының бір бөлігі болып табылады. Мұнда негізінен шиит мұсылмандары мен парсы еврейлері тұрады.
8. Эрбиль (Ирак)
Тағы бір 6000 жылдық тарихы бар Эрбиль қаласы Күрдістанда (Ирактың автономиялық аймағы) орналасқан және оның астанасы болып табылады. Күрдтер бұл қаланы Хевлер деп атайды. Тарихшылардың айтуынша, ежелгі қаланың негізін Месопотамия шумерлері салған, кейінірек ол да бірнеше рет ұлы империялардың құрамына енген. Ол Ескі Ассирия империясы кезінде ерекше маңызды орталық болды. Эрбиль бекінісі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысаны болып табылады.
9. Сайда (Ливан)
Ливанның Сайда қаласы (ежелгі уақытта - Сидон) Жерорта теңізінің жағалауында алты мың жыл бұрын құрылған. Ол ел астанасы Бейруттен 50 шақырымдай жерде орналасқан. Бұл қала Киелі кітапта «Ханаанның тұңғышы» деп аталады. Басқа ұқсас қалалар сияқты, Сидонды тарихтағы ең үлкен империялар - Вавилон, Ассирия, Египет, Македония, Рим және Осман империялары бірнеше рет жаулап алды. Порт қаласы Финикия империясының маңызды сауда орталығы болды. Айтпақшы, «сайда» араб тілінен аударғанда «балық аулау» деп аударылады, бұл осы қаланың экономикалық маңыздылығын көрсетеді.
10. Пловдив (Болгария)
Жер бетіндегі ең көне қалалардың ондығына Пловдив жатады. Бүгінде Болгарияның екінші үлкен қаласы және әйгілі туристік қала. Табиғаты тамаша, экономикасы мен өнеркәсібі дамыған. Бұл жерде маңызды темір жол торабы бар. Пловдив 6000 жыл бұрын құрылған. Төбеде тұрған ежелгі қала бірнеше жаулап алудан аман қалды. Ол парсылардың, фракиялықтардың, македондықтардың, османдықтардың ықпалында болды және әрқашан ірі экономикалық және сауда орталығы болды. Гректер оны Филиппополь, ал түріктер Филибе деп атаған екен.
Керімсал Жұбатқанов
Abai.kz