Жұма, 8 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2383 4 пікір 3 Тамыз, 2023 сағат 14:00

Ресей елшілігі: Қазақстан орыс хакерін АҚШ-қа бермейді

Кезінде бабаларымыз айтқан екен, «Қытайдікі жез ноқта, орыстікі темір ноқта» деп, КСРО келмеске кетсе де оның орнын басқан Путиндік Ресей әлі күнге «жаман үйді қонағы билейді» дағдысынан танбай келеді.

Осы жолы тым қатты кетті. Ұрымтал жерге пышақ ұрып, ақыры біздің билікке тағы бір рет бас игізді. Қазақстан «Хакер» журналының бұрынғы бас редакторы, қазірде F.A.C.C.T. компаниясының топ-менеджер Никита Кислицинді Ресей өтінішімен АҚШ-қа беруден бас тартты. Бұл турасында Ресейдің Алматыдағы бас консулдығының елші-кеңесшісі Артем Оганов ТАСС агенттігіне берген мәлімдесінде: «Сот шешімімен Кислицин Ресей сұрауы бойынша АҚШ жіберілмейді», -деп қуана паш етті.

Никит Кислицин біздің елімізде 28 маусымда ұсталып, 2 тамыз күні тағдыры АҚШ емес, Ресей пайдасына шешілді.

Киберқарақшы Никита Кислицин осыдан 10 жыл бұрын Group-IB тобының құрамында Formspring платформасының мәліметтерін ұрлап, АҚШ-тың қас жауына айналған еді.

Енді міне, кибер ұрыны қазақтар өз отанына қайырып беріп, АҚШ-қа тағы бір рет қарабет болып қалды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1130
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2317
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2317