Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2967 2 пікір 4 Тамыз, 2023 сағат 14:12

Ескі Қазақстанның тағы бір өкілі: Есенов Kcell-ге иелік етеді

Коллаж: Ulysmedia.kz

Бизнесмен Ғалымжан Есенов Kcell ұялы байланыс операторының акционері болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Биылғы 28 шілде күні Ғалымжан Есенов эмитенттің (Kcell – ред.) 10% және одан да көп қатысу үлесін иеленетін акционері атанды. Ал Pioneer Technologies S.A.R.L. акционерлер қатарынан шығып қалды", - делінген құжатта.

1 шілдедегі жағдай бойынша Pioneer Technologies S.A.R.L. Kcell акцияларының 14,87%-ына, "Қазақтелеком" – 51%-ына, "First Heartland Jusan Bank" АҚ –  9,08%-ына және "БЖЗҚ" АҚ – 7,06%-ына иелік етті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Есенов Jusan Bank-тегі өз үлесін 100%-ға дейін ұлғайтуы мүмкін екені хабарланған болатын. Дәл қазір ол First Heartland Jusan Bank-тің 20,11%-ына иелік етеді.

Бизнесмен академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының негізін қалады. Есенов 2018 жылдан 2021 жылға дейін "Қазфосфат" ЖШС Байқау кеңесінің жалғыз иесі – төрағасы және 2013 жылдан 2020 жылға дейін "АТФБанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болған. Еңбек жолын 2002 жылы "Golden Grain" АӨК-де ЖЖМ техникасын пайдалану және жабдықтау департаментінің менеджері қызметінен бастады. Бес жыл (2015 жылдан 2020 жылға дейін) ҚР Шахмат федерациясының президенті болды. Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның 2023 жылғы ең бай бизнесмендерінің тізімінде 18-орында.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 956
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2460
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 661
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639