Жұмыспен қамтудың жаңа жолы
Біріншіден, азаматтар инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесі арқылы жұмыспен қамтылады. Бұл механизм 2009-2010 жылдардағы «Жол картасында» қолданылған болатын. Яғни, халық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, республикалық маңызы бар нысандарды, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды жөндеу жұмыстарына тартылады. Сонымен қатар, биыл ауылдардағы фельдшерлік-акушерлік қосындар құрылысына, абаттандыруға көңіл бөлінетіндіктен, шалғайдағы шағын елді мекендерде екі қолға бір күрек табылады.
«Жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыны есепке алғанда, аталған бағытты жүзеге асыруға қарастырылған соманың жалпы көлемі 57,6 млрд теңге және 22,5 мың жұмыс орны пайда болады» деп атап өтті құжатты таныстырған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова

Екінші бағыт бойынша ауылда жеке кәсіппен айналысқысы келетіндерге 3 миллион теңгеге дейін шағын несие беру арқылы қолдау көрсетілмекші. Мұндай әдіс бұдан бұрын жүзеге асырылған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында да болған еді. Бірақ, бұл жолғы бастаманың өзгешелігі – «тірек ауылдар» идеясы. Жұртшылықпен кеңесе отырып, әр ауылдың өз даму жоспары дайындалады. Онда ауылға қандай инфрақұрылым, қанша маман қажеттігі, басқа да жұмыс орнын көбейтуге септігі тиетін шаралар егжей-тегжейлі жазылады. Ондай тізімге кірген ауылдардың кәсіпкерлеріне берілетін шағын несие көлемі 5 миллионға дейін арттырылмақ. Тек жергілікті жердің әжетіне жарайтын шаруа бастаса болды. Өсімі пайыздан аспайды. Ал, кооперативке біріккендерге арнайы бір жобаны жолға қоятындай-ақ қаржылай қолдау көрсетіліп, керек құрал-жабдық пен технология сатып алуға гранттар бөлінеді. Әзірге қанатқақты жобаға еліміздің алты облысынан (Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Атырау, Алматы, Қарағанды облыстары) 11 «тірек ауыл» іріктеліп алынды. Екінші бағыт бойынша 11,4 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оған 25,7 миллиард теңге бөлінеді.
Үшінші бағытты бұрын-соңды болмаған соны тәжірибе десек те болады. Бұдан былай жұмыс беруші өзінің болашақ қызметкерін оқытуға тікелей үлес қосады. Іс-тәжірибеден өтуге жағдай жасайды және біртіндеп жұмысқа алуға кепілдік береді. Бір сөзбен айтқанда, жұмыс беруші болашақ маманмен әлеуметтік келісімшартқа отырады. Ал, әлеуметтік жұмысқа тартылғандарға келісімшарт мерзімі бір жылдың орнына бір жарым жылға, «жастар практикасы» жарты жыл орнына бір жылға ұзартылып отыр. Мемлекет «жастар практикасына» іліккендерге жалақыны біртіндеп кеми беретін шкаламен төлейді, ал, қалған алты айын жұмыс беруші өз мойнына алады.
Бағдарламада еңбеккерлерді тұрғын үймен қамту мәселесіне де көңіл бөлініпті. Бірақ, тұрғын үй тек жұмыс берушіден нақты ұсыныс түскен жағдайда ғана салынады. Мысалы, қазіргі таңда СҚО, ШҚО, Павлодар, Қызылорда облыстарының жұмыс берушілері жұмысқа алуға кепілдік бере отырып, жалпы көлемі 313 пәтер баспана салу бастамасын көтеріп отыр. Үй салуға кететін қаржы мен құрылысты жүргізу міндетін мемлекет пен жұмыс беруші теңдей бөліседі. Ал, құрылыстың орны нақты бір өндіріске қарай таңдалады. Жалпы, үшінші бағыт бойынша кемі 90,1 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Оны жүзеге асыруға 213,4 млрд теңге қарастырылады.
Abai.kz