Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаһан жаңғырығы 1978 0 пікір 7 Тамыз, 2023 сағат 13:53

Жидда жиыны: Украинаның тұтастығын қолдаймыз!

Сауд Арабиясының Жидда қаласында Украинада бейбітшілік орнатуға байланысты өткен екі күндік шараның қорытындысы бойынша, қатысушылар Украина аймағының тұтастығын қолдады.

Бұл туралы бірқатар халықаралық агенттіктер мен батыс елдерінің баспасөзі дереккөзіне сүйеніп жазды. Бұл мәліметтерді украин президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак растады.

"Түрлік көзқарастар болды. Бірақ қатысушылардың бәрі өз елдері БҰҰ-ның жарғысын, мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын сыйлау ұстанымдарына берік екенін мәлімдеді", - деді Андрей Ермак.

40-тай елдің өкілдері қатысқан жиында нақты бір құжат қабылданбаған. Себебі бұл жиынның мақсаты пікір алмасу болған.

Бұл жиынға Ресей шақырылмады. Эр-Рияд жиынның қорытындысы бойынша Мәскеуге мәлімет беретінін айтты.

Ермактың айтуынша, кездесуде украин делегациясы Украинаның аймақтық бүтіндігі туралы БҰҰ жарғысын сақтау, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты Киевтің 10 жобадан тұратын "бейбіт формуласы" жөнінде кеңірек мәлімет бергенін білдірді.

DPA агенттігі дереккөзіне сүйеніп хабарлағандай, кездесуде Украинаға бейбітшілік орнату бойынша Сауд Арабиясы бастаған бірнеше өлкенің жаңа жоспарына ерекше көңіл бөлінген. Онда тараптар оқ атуды тоқтатып, БҰҰ араағайындығымен келіссөз жүргізуді бастау керек екенін жазған.

Дереккөзі: centralasian.org

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379