Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3247 0 пікір 19 Маусым, 2013 сағат 05:19

Cирия бұлғақ пен сергелдең еліне айналды

Сирия Араб Республикасы Таяу Шығыста орналасқан мемлекет. Ливан және Израйльмен оңтүстік-батыста, Иорданиямен оңтүстікте, Иракпен шығыста және Түркиямен солтүстікте шекараласады.
БҰҰ мәліметтері бойынша Сирия халқының саны 2011 жылы 20,8 млн адамға жеткен.  15 жастан асқан сириялықтардың сауаттылығы ер адамдарда 86 пайыз, ал әйел адамдарда 73,6 пайызды құраған. Этникалық құрамы бойынша 90 пайызы арабтар, 9 пайызы күрдтер. Елдегі жұмыссыздық 2005 жылы 20 пайызға жеткен.

Сирия Араб Республикасы Таяу Шығыста орналасқан мемлекет. Ливан және Израйльмен оңтүстік-батыста, Иорданиямен оңтүстікте, Иракпен шығыста және Түркиямен солтүстікте шекараласады.
БҰҰ мәліметтері бойынша Сирия халқының саны 2011 жылы 20,8 млн адамға жеткен.  15 жастан асқан сириялықтардың сауаттылығы ер адамдарда 86 пайыз, ал әйел адамдарда 73,6 пайызды құраған. Этникалық құрамы бойынша 90 пайызы арабтар, 9 пайызы күрдтер. Елдегі жұмыссыздық 2005 жылы 20 пайызға жеткен.

 Өзінің тәуелсіздік алған жыл­дарынан бастап Сирияда 14 әс­кери төңкеріс болған. Сунниттік ұлтшылдар алауиттерге өз мем­лекетін құруға жол бермеді, ал өз кезегінде алауиттер өздеріне бүкіл Сирияны алды. Панарабизм өте ыңғайлы қару, себебі панарабизм­мен сунниттер алауиттерді жаулап алды. Ал алауиттер осы қарумен бүкіл Сирияны жаулап алды.
1960-70-жылдары сириялық алауит­тердің елдегі орнының өз­геруіне әкелді. Алауиттердің қата­рынан шыққандар Сириядағы мем­лекеттік-партиялық зиялы қау­ым құрады. Бірақ та алауиттерге қарсылық көрсеткен сунниттік көпшілік алауиттерді басқа ел­дердегі (Ирак, Ливан, Иран) алау­ит­термен тығыз қарым-қатынас құруға мәжбүрледі. Осы қатынас­тардың орнауына тағы да себеп ретінде, елдегі антибааситтік оп­позицияның («ағайынды-мұсыл­мандар») әрекеттері, Сирия-Ирак қарым-қатынасының күшеюі, сондай-ақ Сирия мен Иранның бірлігі болды. Хафез Асад елде Жоғарғы Джафариттік Рухани Кеңестің құруы елдегі алауиттердің 12 имамның жолын ұстанушы шииттік қоғамның бір бөлігі еке­нін көрсетті. Алауиттік қоғам жаңа статус алып, олардың мем­лекеттендірілуі басталды.
Алауиттік офицерлердің би­лік­ке ұмтылысы басқа этно-кон­фессионалдық қоғам өкілдерімен қатыгез текетіресте дамыды. Осы текетіресте алауиттердің басты қа­руы ретінде ішкі бірлік пен баа­сит­тік партиямен бірлігі бо­л­ды. 1963 жылдың наурызында ПАСВ (немесе БААС) билікке ке­луі алауиттік офицерлердің би­лей­тін күшке айналуына себеп болды.
1999 жылы Хафез Асад қайтыс болғаннан кейін, билікке 34 жас­тағы дәрігер-офтальмолог Башар Асад ойламаған жерден келді. Әке­сі Хафез Асадтың орнын үл­кен ұлы, Башардың ағасы, сол кез­де атақты саяси және әскери тұлға болған Басел Асад алуы ке­рек еді. Бірақ та әкесінен бірнеше жыл бұрын қайтыс болып кеткен Басел Асадқа тақтағы орын бұйыр­­мапты. Башар Асадтың би­лікке келген кезінен бастап Сирияда Иран мен Ресейдің әсері қатты болды. 

Сириялық Тартус портында РФ ӘТФ орналасқан. Сондай-ақ бұл Ресейдің Жерорта теңізіндегі соңғы базасы. Азаматтық соғыс болсын, ха­лық­аралық соғыс болсын, оның әрқашанда себебі болады. Си­риядағы себеп – геосаяси себеп. Си­рия – Түркия, Ливан, Ирак, Из­­райль мен Иорданияның ор­та­сын­да орналасқан аса маңызды плацдарм. Друздық әскери лидер Салим Хатум мынадай ой айтқан: «сек­тант­тық және трайбалистік әсер­лердің тарауынан Сирияға азамат­тық соғыс қаупі төніп тұр». 

2011 жыл «араб көктемі» бас­талды. Бастауын Тунистен алған көтерілістер тізбегі араб елдерін бірінен кейін бірі жаулады. Бір уақытта бірнеше араб елін шар­пыған бұл көтеріліс жемісін тез берді. Тунисте абсолютті көсем Бен Алидің биліктен аластатылуы, Египетте Хосни Мүбарактың да кетуі, Ливиядағы Муаммар Кад­дафидің өлтірілуі, Йемен прези­денті Али Абдалла Салехтің өз еркімен кетуі араб «көктемінің» иісін Сирияға да жеткізді. Алға­шында тек үкіметке қарсы акция болып басталған митинг, кейін келе азаматтық соғысқа ұласты. Ең алғашқы толқулар 2011 жыл­дың 26 қаңтарында басталды. Кейін­нен 15 наурызда жаппай на­разылық шерулердің басталуына келді. Бұл шерулер ел президенті Башар Асадқа қарсы бағытталған бүкілхалықтық көтеріліске алып келді. 

Таққа отырған Башар Асадтың қолында әлсіз экономика, жем­қорланған үкімет аппараты, хал­қының негізгі бөлігінің мүшкіл халі, тұрақсыз саяси жүйе мен әлсізденген ұлттық идеология қалды. Президенттік таққа отыр­ғалы бері, Сирияны АҚШ халық­аралық террорды қолдайтын мем­лекеттердің қатарына кіргізді. Мемлекеттің сыртқы қарызы 18-19 млрд АҚШ долларын құрады. Елдегі билік баастық партияның қолында болды. Бұл партияның негізгі тірек күші болып алауиттер есептеледі. Олар жалпы халық санының 10 пайызын құрайды. Сун­нитік арабтар елдегі билікке араластырылмады. Осының бар­лығы қазіргі Сириядағы жағдай­дың себебі. Халық санының артуы мен көзі ашық жастардың нара­зылық күйлері, мыңдаған адам­ның көшеге, шеруге шығуына алып келді. Наразылық таныту­шы­ларға қару көтерген мем­ле­кеттік әскердің әрекеттері елдегі азаматтық соғысқа алып келді. Сириядағы азаматтық соғыстың басталуына шетелдердің де қаты­сы жоқ емес. Түркия, Франция, Сауд Арабиясы, АҚШ, Катарда сириялық оппозиция өкілдеріне қызу түрде қолдау жүргізіліп жатыр. Сириядағы оппозициялық армияны қаржыландырып та, жабдықтап та отырған осы елдер. Оппозициялық армия қатарында шетелден келген, «Ағайынды-мұ­сылмандар», «Таухид», «әл-Каи­да», «Талибан» қозғалысы сын­ды халықаралық ұйымдардың сар­баздары көп. Бұл елдердің Си­риядағы жағдайды мұқият бақы­лауының да сыры көп. Біріншіден, осы аймақта Иран, Ресей, Қытай сынды алып державалардың ық­палы үлкен. Екіншіден, елдегі би­ліктің барлық тетіктері алауит­тер­дің қолында. Үшіншіден, елдегі күрдтердің жағдайы. Төртіншіден, Сириядағы билікке батысқа көз­қарасы оң адамдардың келуін ұйымдастыру. Осындай фактор­лар­дың барлығы дерлік Таяу Шы­ғыстағы Сирия мәселесіне басқа елдердің араласуына алып келді.

Ал енді Башар Асадты қолдай­тын топқа оралсақ. Б.Асадтың режимін бірнеше әскери дивизия, жабдықталған алауиттер, полиция мен арнайы агенттіктер қолдайды. Бұл жерде тағы да шабиха топ­тарын айтып кетуге болады. Бұл топтар негізінен, алауиттерден тұра­ды. Бұл топтар Хафез Асадтың кезінде режимнің тірегі ретінде құрылған. Бұл топтардың жұ­мы­сын Хафез Асадтың інісі Джамиль қадағалаған. Ал қазір Джамильдің ұлы Фуаз басқарады. Шабиха жақ­сы дайындалған және жаб­дықталған. Қазіргі кезде Башар Асадтың ең негізгі тірегі болып отыр. «САТ» – бұл Ливиядағы ҰУК қатарындағы сарбаздардың ана­логы. 2013 жылдың 19 наурызында сириялық оппозиция өкілдері премьер-министр лауазымына Хасан Хитоны тағайындады. Опп­озиция өкілдерінің 50-нен 35 дауыс жинаған бұл адам, АҚШ-та бизнеспен айналысады. 2012 жылдың қазанында Си­рия президенті Башар Асад Түр­кия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглумен кездесу барысында мынадай мәлімдеме жасаған: «Егер Дамаскіге қарсы НАТО әскерінің шабуылы басталса, маған Голан жоталарына жүздеген ракетаны орналастыруға және оны Тель-Авивке бағыттауға 6 сағаттан артық уақыт қажет емес». Сонымен қатар Сирия президенті Б.Асад оның үндеуіне Ливандағы «Хезбалла» қосылып, Израйльге ракеталық шабуыл жасайтынын мә­лімдеді. «Осы жоғарыдағы ай­тыл­ған жағдайлар 3 сағат ішінде болады, ал келесі 3 сағат ішінде Иран Парсы шығанағында НАТО-ның әскери кемелеріне шабуыл жасайды. Бұл АҚШ пен ЕҚ бір уақытта жасалған шабуыл бола­ды» деп Б.Асад мәлімдеді.

Башар Асадтың ресейлік «Russia Today» телеканалына берген сұх­батында: «Сирияда азаматтық соғыс емес, терроризмге және оны сырттан қолдап отырған күш­­терге қарсы соғыс жүріп жа­тыр» деді. Ал түркиялық «Джу­мху­риет» газетіне берген сұхба­тында Сирия президенті Башар Асад: «Егер де мен жаман мақсат­тармен креслода отырған болсам, онда Американың бұйрықтарын орын­дап отыратын едім, ақшаның артынан жүгіретін едім, өзімнің ұстанымдарым мен ұлттық мүд­дем­нен бас тартып, Сирияның территориясында Американың «ПРО» системасын орнатар едім» деген еді. 

Екі жыл бойы болып келе жат­қан Сириядағы соғыстың салдары ора­сан зор. Біріншіден, елдің эко­но­микасы одан бетер құлдырады. Екіншіден, 70 мыңнан астам адам қаза тапты. Үшіншіден, 1 мил­лионға жуық сириялықтар үй-күйсіз қалып, басқа елдерде бос­қын болып жүр. Төртіншіден, Си­рияның халықаралық арена­дағы абыройының түсуі. Елдің құлдыраған экономикасына 2 жылдық азаматтық соғыс 80 млрд АҚШ долларына тең шығын әкел­ді. ЮНЕСКО-ның тарихи мұ­ра­ларына кірген, ортағасырлық өркениеттен қалған Дамаскідегі базар мен Омейядтар мешітін қиратты. Бұл тек Сирия халқына емес, бүкіл әлемдік мәдениетке алып келген зардап. Миллионға жуық адамын әр елге тарыдай шашып жіберді. Елді 40-50 жылға артқа тартты. Халықтың бірлігі жоғалды. Елдің болашаққа деген сенімі мен үміті қалмады. Өз елін халықаралық соғыс аренасына айналдырды.

Бастауын 2011 жылдан алған «араб көктемі» ақыр аяғында Си­рияға тоқтады. Елді 40 жыл бойы басқарған алауиттер династия­сының бәлкім, соңғы күндерін кө­ріп тұрған шығармыз. Бұл көте­рілістің басталуы бір ғана жағ­дайдың әсерінен болмады. 40 жылдан бері жинала беріп, 2011 жылы өз шегіне жетті. Елдегі би­лікке қорғаныс министрі болған Х.Асадтың төңкеріс арқылы келуін алғашында халқы үмітпен қарсы алды. Бірақ та әскери ойда болған Х.Асад елдің жағдайын көтеруден бұрын, КСРО-дан тек қана қару-жарақ сатып алумен айналысты. Елдің экономикасы орасан зор шығынға кірді. Одан қалса, 1982 жылғы «Ағайынды-мұсылман» ұйымының көтерілісін аяусыз басып, өзіне фунда­мен­та­листерді қарсы қойды. Елдегі би­лік тек қана алауиттердің қолында болды. Қазіргі таңда Сирияда 2,5 млн күрдтер өмір сүреді. КСРО құлағанға дейін күрдтік зиялы қауым өкілдері дәрігер, фармацевт, құрылысшы, заңгер болып істеді. Билікке БААС келгеннен бастап, күрдтердің құқықтары мен бос­тандықтары еленбеді. 1962 жыл­дың қазанында Сирияда шұғыл түрде халықтық санақ басталды. Және күрдтік ауданда тұрып жат­қан соңғы 10 жыл салық есеп­шотын көрсетпеген күрдтер Сирия азаматтығынан айырылып, тек Сирияда өмір сүруге рұқсат беретін қағаз алды. Азаматтығы болмағандықтан, күрдтерге меди­циналық, әлеуметтік жеңілдіктер көрсетілмеді. Елдегі күрдтердің құқығы қорғалмады. Халықтың жағдайы еш өзгермеді. Баяғыдай сыртқы қарыз өсе берді, билік Ресейден қару-жарақты ала берді. «Араб көктемін» ХХ ғасырдың ортасында болған ұлт-азаттық көтерілістеріне теңеуге болады. Бірақ ол кезде басқыншыларға қарсы болса, қазіргі кезде «дик­таторларға» қарсы болды. Басқа араб елдерінің абсолютті көсем­дерінің тақтан аластатылуы, басқа елдердегі көтерілістің нәтижелері Сирия халқына да жаңа үміт сыйлады. Өз халқына қару көтерген бас­шының билікте көп отырмауы ға­жап емес. Қазақ айтпақшы, «елім дейтін ерің болмаса, ерім дейтін елің болмас».

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1534
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3314
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6007