Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
3243 4 пікір 8 Тамыз, 2023 сағат 14:02

Алматыда қазақ тілін тегін үйрететін курс ашылды

Алматыда қала әкімі аппаратының тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен қазақ тілін тегін үйрететін курс ашылды.

Almaty.tv-ның хабарлауынша, курсқа мемлекеттік қызметшілер, этнос өкілдері мен сауда-ойын сауық орталығының, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру саласының қызметкерлері мен басқа да қала тұрғындары қатыса алады.

Оқыту тамыз-желтоқсан айлары аралығында болады. Курстағы сабақтар онлайн және оффлайн пішінінде өтеді. Бұл жерде оқыту тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлініп, әр топқа аптасына екі рет жүргізіледі.

Кустар Алматы қаласы аудан әкімі аппараты ғимараттары мен Алматы қаласы аудан аумағындағы кітапханаларда болады.

Қазақ тілін үйрену курсына жоғарыда көрсетілген топтарға жататын 18 жасқа толған барлық адам қатыса алады.

Байланыс телефондары:

Мемлекеттік тілді дамыту институты –  8 776 830 03 67, 8 747 793 52 64.

Аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:

Алатау – 2998649;

Алмалы – 8776 830 03 67;

Әуезов – 3032558;

Бостандық – 2755068;

Жетісу – 3842754/75; 8700 770 70 73;

Медеу – 2916434;

Наурызбай – 3074553; 8 708 767 97 41;

Түрксіб – 2231115.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 979
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2505
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 683
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 654