Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3302 0 пікір 20 Маусым, 2013 сағат 05:42

Әкім сайлау елді әлекке салу ма?

Әкімдер сайлауын жүзеге асыратын күн жақындап келеді. Алла қаласа, осы жылы жергілікті мәслихат депутаттары еліміздегі 2533 әкімге таңдау жасамақ. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің 91,7 пайызын құрайды екен. Десек те, осы бір ауқымды саяси науқанның дүбірі құлақ тұндырарлықтай болып тұрған жоқ. Президенттік немесе парламенттік сайлау жақындағанда үдере түрегелетін саяси партиялар да үнсіз. Тіпті сайлауалды пиар технология жұмысының да қарқынды емес екені айтылып қалып жүр. Неге? Аламан бәйгеге жүйріктерін үкілеп қосатын саяси ұйымдар үшін әкім сайлауы құнан бәйге, тіпті тай жарыс сынды болып көрініп қалған жоқ па? Осы бір сауалдардың айналасында ой өрбітіп көрсек...

Әкімдер сайлауын жүзеге асыратын күн жақындап келеді. Алла қаласа, осы жылы жергілікті мәслихат депутаттары еліміздегі 2533 әкімге таңдау жасамақ. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің 91,7 пайызын құрайды екен. Десек те, осы бір ауқымды саяси науқанның дүбірі құлақ тұндырарлықтай болып тұрған жоқ. Президенттік немесе парламенттік сайлау жақындағанда үдере түрегелетін саяси партиялар да үнсіз. Тіпті сайлауалды пиар технология жұмысының да қарқынды емес екені айтылып қалып жүр. Неге? Аламан бәйгеге жүйріктерін үкілеп қосатын саяси ұйымдар үшін әкім сайлауы құнан бәйге, тіпті тай жарыс сынды болып көрініп қалған жоқ па? Осы бір сауалдардың айналасында ой өрбітіп көрсек...

Сайлауға партиялардың дайындығы қандай?

Бұл сайлау халыққа не береді? «Әкім­дер сайланады» деген хабар шығысымен, ең алғашқы сауал осылай қойылған бо­латын. Оған түрлі жауаптар берілді. Сол жауаптардың дені «әкімдерді мәслихат де­пу­таттары емес, халық сайласа демо­кра­тия­ға жол ашар едік» дегенге келіп тіреле берді. Десе де, «мәслихат депутаттарын халық сайлағандықтан, бұл сайлау халық­тық таңдауға баратын алғашқы баспалдақ» дегендер де болды. Бірақ сол алғашқы баспалдаққа қадам жасап жатқан қандай пар­тиялар бар? Осы сауалдарға жауап алмақ болып, мамандарға хабарласқан едік.

Мақсат Жақау, «Ақ жол» партиясының өкілі:

– Ауыл әкімін сайлау тікелей аудан әкімі­нің немесе мәслихаттың ұсыны­сы­мен жүзеге асады. Ал еліміздегі бұл лауазымды қызметтерде негізінен ірі партиялардың өкілдері отыр. Сон­дық­тан да біздегі басқа партиялар өз үміткерлерін әкім сайлауына кандидат етіп ұсынғанымен, олардың сайлану мүмкіндігі аз болатыны сөзсіз. Яғни, меніңше, бұл мәселе, біріншіден, демо­кра­тиялық статистика тұрғысынан ма­ңы­­зы бар секілді. Ал жеке тұлғалық кан­дидаттарға маңызы аса зор болмай тұр. Сол себепті де жергілікті шаруа­шы­лықты жүргізетін әкімдердің жауап­кер­шілігін арттыру мақсатында жұмыс жасалып, халықтың алдындағы берген уәделерін орындата білудің жолдарын қарастырғанымыз жөн.

Саясаттанушы Мақсат Жақау әкім сайлауы барысында әр партия өз өкілін кандидаттыққа ұсынуға болатынын жоққа шығармады. Ал «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев болса: «Ауыл әкімдерін халық сайлауы керек. Жалпы, аймақтағы өкілдеріміздің бәрінің де пікірі осындай. Себебі бізде негізінен ауданда да, облыста да басшылық қыз­мет­терде «Нұр Отан» партиясының өкілдері отыр. Олар өз партияласына қол ұшын соза­тыны сөзсіз», – дейді. Десе де, біздің саяси партиялар ел ішіне кіріп, халықпен етене араласса, өз өкілдерін сайлауға қа­ты­с­тыру мақсатында кешенді жұмыс жа­са­са, саяси белсенділігін арттырса, жағ­дай мүлдем басқаша болар еді.

Пиар технологияның қарқыны бәсең

Сайлау жақындады, бірақ әкім болуға талпынғандар мен өзінің болашақ бағдар­ла­масын жасап, ел алдына шығып жатқан кандидаттар аз. Неге? Бұл сұраққа саяси ғылымдар докторы Сайын Бор­ба­сов: «Меніңше, алдағы әкімдер сай­лауын­да түрлі айлалы әрекеттерге не­гіз­делген технологиялар қолданыла қой­майды деп ойлаймын. Өйткені әкімдер бір шағын қаланың, ауданның, ауылдың деңгейінде сайланады. Қазір халықтың электоралдық һәм саяси мәдениеті қалып­тасып қалды. Олар түрлі лас тех­но­ло­гия­ларға жол бермейді. Сондықтан да отан­шыл адамдардың билікке келуіне бәріміз де мүдделі болуымыз керек» деп жауап берді. Мамандармен пікірлескенімізде, олардың көбі бұл сайлауда біздегі әкім­дер­дің сайлауалды пиарынан гөрі рулық сипаты басымдық алатынын айтты. Мәсе­лен, саясаттанушы Мақсат Жақау әкім сай­лауы барысында рушылдық пен жершілдік мәселесіне мүлдем жол бермеу керектігін айтады. Әйтпесе әр аймақта өз руластарын жақтайтын тенденция қалыптасып кетуі мүмкін екен. Ол өз сөзінде тіпті: «Солтүстік пен Шығыс Қазақстан секілді облыстарда орыс диаспорасы көп шоғырланған ай­мақ­тар бар. Сол өлкелерде ұлт пен ру ара­сындағы саяси тартыс туындауы мүмкін», – дейді. Ал Сайын Борбасов болса ру­шыл­дық мәселеге саяси сипат берудің қажеті жоқ екенін айтты. Ол кісінің пікі­рін­ше, бұл сайлауда рушылдық көзқарас бол­ға­нымен, ол ашық түрде белең алмайды-мыс. Сайын Борбасов: «Сайлауда рушыл­дық көзқарас жасырын, өте құпия түрде болуы мүмкін. Ішкі келісім арқылы өзінің саясатын жүргізуді көз­дей­тін­дер де кезде­седі деп білемін. Бірақ біздің азаматтар кім іскер, кім алғыр, кім халықтың жайын терең түсінеді, соны таң­дай­ды», – дейді.

Мәслихаттардың жұмысын жандандыру керек

«Болашақ» жастар қозғалысының көшбасшысы Дәурен Бабамұрат: «Әкім сайлауы ал­дында жергілікті мәслихаттар­дың жұ­мысын жандандырып алуымыз керек еді», – дейді. Ол: «Кейбір әкімдеріміз бүгінгі күнге дейін де рулық принциппен сай­ла­нып келді. Рулық принциппен сай­лан­­­ған­нан кейін елге қызмет ету, әділет­тілік, заң­дылық деген секілді принцип­тердің бар­лығы ұмытылады. Біріншіден, біздің мәслихаттар осы бір үрдістің жал­ғаспауын қадағалауымыз қажет. Екіншіден, қазір біздің мәслихаттарда негізінен бұ­рын­ да әкімшілік қызметте жұмыс істеген аза­мат­тар отыр, бұл жайтқа да өзгеріс енгізіп, мәслихат депутаттығына түрлі қоғам­дық ұйымдардың өкілдерін, белсенді зей­нет­керлерді, жастарды т.б тарту керек. Шын­ды­ғын айтуымыз қажет, қазір аудан­дар­дағы мәслихаттардың жұмысы көңіл көн­шітпейді. Біз алдымен осы мәс­ли­хат­тардың жұмысын жандандырып алуымыз керек еді. Жарайды делік, ендігі мәселе «осы мәслихаттар халық қалайтын кан­ди­дат­тарды әкімдікке ұсына ала ма?» деген сауалға келіп тіреледі. Бұл сауалға толыққанды жауап бермей, бізде алға жылжу болмайды», – деді.

Түйін

Әне-міне дегенше әкімдерді де сайламақпыз. Кейбір әкімдікке кандидат тұлғалар мәслихат депутаттарына жағар жол іздеп, ал кей депутаттар болса өз бизнесіне кедергі келтірмейтін әкім қарастырып жүргенде ортадағы халық ұмыт қалмаса екен дейсіз... Сол себепті де бұқараның көкейіндегі мәселелер көтерілуі үшін әкімдер сайлауына бейжай қарамауымыз қажет секілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328