Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2599 0 пікір 10 Тамыз, 2023 сағат 13:05

Қазақстан Ресейлік "Яндекске" уақытша шектеу қойды

Yandex.kz интернет домені 9 тамызда жұмыс істемеді.

Қазақстандық IT мамандар сәрсенбі күні түстен кейін Ресейдің "Яндекс" IT компаниясының жергілікті өкілдігіне тиесілі бұл доменнің ісі Интернет-ресурсты Қазақстан аймағынан тысқары ақпараттық-бағдарламалық кешендерге жайғастыру үшін тоқтатылғанын жазды. Мәліметті Қазақстанның цифрлық даму министрлігі растады.

Бір күн бұрын ресейлік басылымдар Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі 1 қыркүйектен бастап "Яндекс.Такси" барлық елдегі ақпарат базаларына "тәулік бойы" кіру құқығын алатынын жазған.

Meduza басылымы Яндекс Go (такси және жеткізу қызметі) қолданған мәліметтер енді Ресейдің дата орталығында ғана сақталатынын білдірген.

Қазақстанның цифрлық даму министрлігі "Яндекстен" дата орталығының жайғасқан жері "қазақстандықтардың жеке мәліметтерін қорғау үшін қойылып жатқан шаралар, құқық қорғау және арнайы органдармен өзара әрекеттесу жолдары" туралы мәліметті сұрағанын хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 976
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2501
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 679
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651