Сенбі, 23 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 2819 6 пікір 11 Тамыз, 2023 сағат 14:17

Қазақтың «екінші Әлиханы» қайда барады?

Фото: akorda.kz

Премьер Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинетінің басына бұлт үйіріле бастаған сияқты, деп жазады DALA INSIDE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкімет жұмысына үш бағыт бойынша көңілі толмайтыны байқалды:

а) бюджет шығындарының тоқтаусыз өсуі;
ә) бүкіл энергетикалық (ТЭЦ, құбыр), коммуналды инфрақұрылымның ескіруі;
б) мәселені шешуде креативті көзқарастың жоқтығы.

Жалпы, Әлихан Смайыловта креативпен үлкен проблема бар екенін талай рет жазған болатынбыз. Барлық жарқын бастамаларды үкіметішілік бюрократия жеп қойды. Бюрократия - қазақтың нағыз сорына айналып отыр. Премьердің айтқаны әкімдерге басқаша жетеді. Мысалы, Смайылов «шаш» десе, облыс әкімі оны «құлақ» деп естиді, ал мәселеге қатысы бар аудан әкіміне (мектеп, аурухана директоры) ол тіпті «мұрын» болып естіледі. Сонда, нақты проблеманы шешуі тиіс, сол жерде отырған жауапты тұлға «шаш» мәселесінің орнына «мұрынмен» айналысып отырады.

Әлихан Смайылов та шаршады. Қазақтың маңдайына біткен саясаткер іштей «ұлттың Әлиханы» ретінде тарихта қалғысы келген. Бірақ оны система жеп қойды.

Премьерді орнынан алып тастау қиын емес. Дәл осы кезде Қазақстанның жалпыұлттық трагедиясы алдымыздан шығады. Премьер қылып енді кімді тағайындаймыз? Бізде лайықты адам жоқ. Егер Роман Скляр тағайындалса, екі жылдан кейін еліміз бюджеттік кризиске ұшырап, Қазақстан дефолт жариялауы ғажап емес.

Жаңа Қазақстанның тұңғыш премьері Әлихан Асханұлы жаңа экономика жасай алмады. Ол инфляцияны 20,3%-ға көтеріп алды да, артынан 14 пайызға түсіре білді. Бар күші соған кетті. Сөйтіп жүргенде, әкімдер білгенін істеді. Сондықтан, осы күзде Смайыловтың премьер креслосында қалу шансы тек 30%-ды құрайды дейді, DALA INSIDE инсайдері.

Мұның алдынғы посттарымызда жазғанымыздай, проблема Әлихан Смайыловта емес. Проблема - қалыптасып қалған системада. Оны өзгерту, бұзу ешкімнің қолынан келмеді. Басқарудың жаңа жүйесі құрылмады. Баяғы модельдер, докладтар, трансферттер, бюджет шығындары мен қызметтік хаттар. Система бір-бірінен аумайтын 20 Смайылов туып тастап отыра береді және оның ештеңесі кетпейді.

Жаңа премьер кім болса да ескі басқару жүйесін толық бұзып, бюрократиядан арылған жаңа жүйе құрып үлгермесе, ол да осы системаның кезекті құрбаны болмақ.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445