Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5220 0 пікір 27 Маусым, 2013 сағат 18:29

Мемлекеттік тілді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті

Қазақстан Республикасы Сенатының

төрағасы Қ. Ә.Мәмиге

 

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің

төрағасы Н.З. Нығматуллинге

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі С.Н. Ахметовке

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік хатшысы М.М. Тажинге

 

Қазақстан Республикасы Президенті

Әкімшілігінің басшысы К.Қ. Мәсімовке

 

Көшірмесі: облыс әкімдері, министрлер,

Қазақстан Республикасы Сенатының

төрағасы Қ. Ә.Мәмиге

 

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің

төрағасы Н.З. Нығматуллинге

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі С.Н. Ахметовке

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік хатшысы М.М. Тажинге

 

Қазақстан Республикасы Президенті

Әкімшілігінің басшысы К.Қ. Мәсімовке

 

Көшірмесі: облыс әкімдері, министрлер,

агенттіктер мен Ұлттық

компаниялар басшыларына

 

                      

Өзіңізге белгілі «НұрОтан» ХДП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, «Қазэнержи» компаниясы, «Атамекен» Одағы» КҚ,  Қазақстан халқы ассамблеясы, ҚР ҰҒА, жазушылар Одағы, «Ақжол» және «Азат» ЖСД партиялары, қаржыгерлер мен тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастықтары құрған Ұйымдастыру алқасы дайындаған елдегі адам капиталын дамыту арқылы интеллектуалдық ұлт қалыптастыру Бағдарламасын республика басшылығы қолдап, ол  іске асуда.

Қазақ тілінің қоғамның барлық салаларына енуі мемлекетті нығайтып, қоғамды дамытатын негізі және бірден-бір жол екені әлем елдерінде дәлелденген баламасы жоқ аксиома.

Елбасының Жолдаулары мен Үкіметтің 2020 жылға дейінгі Тілдерді дамыту бағдарламасы аясында өткен жылы жүрген акция бойынша Қаржы, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктері, Қостанай облысы мен «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық компанияларының жұмыстары қанағатсыз деп табылып, Үкіметтің ресми шараларды мемлекеттік тілге көшіруі қоғамда жақсы қолдау табуда.

Одан кейінгі сараптама соңғы жарты жылда мемлекеттік органдардағы хат айналымындағы қазақ тілі үлесінің күрт төмен түсіп кетуін Президент әкімшілігінен келетін хаттармен байланыстырады. Президент әкімшілігі мен кеңсесі және барлық мемлекеттік мекемелер бұл кемшіліктерді жақын уақытта түзетеді деп сенеміз. 

Заң жобаларын мемлекеттік тілде дайындау үшін министрліктерге үш ай беріледі және ол Парламентте сол тілде қабылдануы тиіс. Басқа тілдерге аудару – ол келесі мәселе. Осы уақытқа дейін көпшілігі Ресейден көшірілген заңдардың елді дамытудың орнына сыбайлас жемқорлықты дамытатынын осыдан екі ғасыр бұрын батыстың менталитетіне негізделген АҚШ-тың ең демократияшыл Конституциясы мен заңдарын көшіріп алған Латын Америкасындағы испан тілді, менталитеттері шығыстық елдердің сыбайлас жемқорлық, наркомафия т.б. арылып, өркениет жолына түсе алмай келе жатқанынан және өзіміздегі байлық оның иесі халыққа емес, шетелдік компаниялар мен алаяқтардың несібесі болуынан көреміз.

Министрліктерде заң жобаларының дайындалуына және ресми шаралар мен ісқағаздардың қазақ тілінде жүргізілуін әр министр, жауапты хатшы және кеңсе қамтамасыз етеді. Парламент кеңсесінде де заң жобасының түпнұсқасы, одан кейін заң қазақ тілінде қабылдануына алдымен спикерлер мен кеңсе жауапты. Осы жұмыстарға, яғни ел дамуына кедергі болатын ескірген заңдарды, заман талабына сай емес шенеуніктер мен депутаттарды да іскер тұлғалармен алмастыратын уақыт келді.

Конституциямызда, «мемлекеттік тілді құрметтеу елдегі әрбір азаматтың міндеті» деген бабына сәйкес республика аймағында барлық бейресми және ресми шаралардың мемлекеттік тілде жүргізілуін мемлекеттік органдар, жеке мекемелер және әрбір азамат қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар, қалалар мен елді-мекендер, көпшілік орындардағы барлық жарнама, маңдайшадағы анықтамалар, шетелдің компаниялары, телеарналар, БАҚ-да қазақ тіліне басымдылық берілуін қадағалап, қажет болған жағдайда заманауи заңдар қабылдауға ұсыныстар жасау прокуратура, заң және құқық органдарының тікелей жұмысы.

«Қазтесті» мемлекеттің барлық жүйесіне міндетті түрде енгізіп, соның қорытындылары арқылы жұмысқа тағайындауды шешетін уақыт келді.

Қостанай облысында қазақ тілінің кемшін қалуына, алдымен облыс әкімінің идеология жөніндегі орынбасары болып он бес жылдан бері отырған Бектұрғанов кінәлі болса, Алматы қаласындағы қазақ мектебі үлесінің небәрі 20% болуына, алдымен білім басқармасының бұрынғы және қазіргі басшылары кінәлі. Қостанай облысы мен Алматы қаласының әкімдерінен жоғарыдағы аталған шенеуніктерді жұмыстарынан босатып,  кемшіліктерді түзетулерін талап етеміз.

ЮНЕСКО-ның Алматыдағы мектебінде (БЭСТ) қазақ тілін ашуға қарсы болып отырған Қуанышева деген азаматшаның мәселесі туралы сол халықаралық ұйымның Бас хатшысына жазуға тура келеді.

Елдегі кейбір жетім балалар үйлерінде қазақ тілінің мүлде оқытылмауының себебін тиісті министрліктер, қала әкімдері мен әр облыстағы басқармалардың хат арқылы жауап беруін және алдағы оқу жылынан бастап онда мемлекеттік тілде оқытып, үйретуді қамтамасыз етулерін талап етеміз!

Білім және ғылым министрлігінің ЖОО-да қазақ тілі топтарына берілетін квотаны басқаларға беріп бюджеттің есебінен мемлекеттік тілді дамытуға қарсы істеп келген әрекеттері қазақша үйренуге талпынған басқа ұлт жастарының арасында наразылық туғызуда. Бұдан былай да балабақшалар, аралас және орыс мектептері, барлық оқу-тәрбие орындарында (оның ішінде Британ, Ресей т.б. елдер университеттері) мемлекеттік тілді үйрету мен оқулық-монография шығаруларына мониторинг жүргізіліп, әрқайсыларының басшыларының жұмысына баға беріледі.

Алдағы оқу жылында балабақшалар, мектеп, колледж, ЖОО-на алғаш баратындарды мемлекеттік тілде тәрбиелеу мен оқытуға үгіттеп, оларға заманауи сапалы білім беруді қамтамасыз етуде барлық ата-аналар, тәрбиешілер мен ұстаздар, әкімдерді атсалысуға шақырып, осы хаттың солардың барлығына жетуін қамтамасыз етуін сұраймыз. Бұл істі жүйелі жүргізу үшін алдағы маусым айынан бастап барлық оқу-тәрбие орындары, БАҚ, азаматтардың белсенді араласып, қажет болғанда бізбен хабарласып отыруларын сұраймыз. Жұмыстың нәтижесі mtdі.kz сайтында жарияланып отырады.

 

Құрметпен,

Ұйымдастыру алқасы атынан   

 

Ж.М. Әкім,

«Халықаралық  адам институтының президенті,

Еуропа жаратылыстану ғылымдары

академиясының мүшесі

 

А.Ә. Осман,

«Мемлекеттік тілге құрмет» қорының Төрайымы,

Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, профессор                                

 

М. Тоқашбаев,  

«Президент және халық» газетінің

бас редакторы                                                                                               

 

Ғ. Әнес,

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының

вице-президенті, ф.ғ.д.                                                                                           

 

Б. Қапалбеков,

Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры,

ф.ғ.к.                                                                                                              

 

Ғ. Жәкиев,    

Ғ. Мүсірепов атындағы Республикалық қордың

төрағасы                                                                                                               

Біздің мекенжайымыз:  050008, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Жандосов   к-сі 1/1, 402-404 кеңсе. Тел./факс: + (727) 502355, 2938875. ұялы тел.: + 7015220404. e-mail: akkz2012@inbox.ruakimov2002@mail.ru.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269