Жұма, 17 Мамыр 2024
Абай мұрасы 6465 109 пікір 24 Тамыз, 2023 сағат 14:40

Абайды жамандаушылар көбейіп кетті. Неге?

Жақында Қазақстанда Абай күні аталып өтті. Абай Құнанбайұлының есімі елімізде және шетелдерде түрлы нысандарға, көшелерге берілген. Қазақстанда Абай күні 3 жыл бұрын бекітілген.

Көпшілік қазақ ақынын орыс мәдениетін үйренуге шақырғаны үшін сынайды. Мысалы Абай қара сөзінің бірінде:

«Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сатады. Тек майордың күлгені керек деп, к...і ашылса да, қам жемейді. Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. Ләкин осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді. Жоқ, олай ниет керек емес. Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейік, мұны көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. Қазір де орыстан оқыған балалардан артық жақсы кісі шыға алмай да тұр. Себебі: ата-анасы, ағайын-туғаны, бір жағынан, бұзып жатыр. Сүйтсе де, осы оқыған балалар - ана оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. Не қылса да сөзді ұқтырса болады оларға. Жақсы атаның балалары да көп оқыған жоқ, қайта, кедейдің балаларын орысқа қорлап берді. Олар осыдан артық қайда барсын? Және де кейбір қазақтар ағайынымен араздасқанда: «Сенің осы қорлығыңа көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма мұрт қойып кетпесем бе!» деуші еді. Осындай жаман сөзді, құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай айтқан қазақтардың баласы оқығанменен не бола қойсын? Сонда да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, қай көп үйреніпті? Кірді, шықты, ілді, қайтты, түбегейлеп оқыған бала да жоқ. Әкесі ел ақшасымен оқығанға әрең оқытады, өз малын не қылып шығарсын? Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол - мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?» дейді.

ХІХ-ші ғасырдың соңындағы Ресей империясы шынымен де ғылымы мен мәдениеті дамыған, үйренер тұстары көп ел болды. Ғылым мен әдебиетке, мәдениетке үлкен ықпал еткен дүниежүзіне танымал ғалымдар Дмитрий Менделеев, Илья Мечников, Иван Павлов, жазушылар Федор Достоевский, Лев Толстой, Антон Чехов, композиторлар Петр Чайковский, Модест Мусоргский, Николай Римский-Корсаковтар шықты.

Бұлсол кездегі Ресейдің интеллектуалдық және мәдени әлеуетін көрсетеді.

Батыс Еуропа, Америка Құрама Штаттары Ресейден кем түскен жоқ, бірақ азиялықтар үшін ол елдер туралы ақпарат алу қиын еді. Сондықтан Абай қазақтарды анағұрлым қолжетімді орыс мәдениетіне көңіл бөлуге шақырды.

Ол 25-ші қара сөзінде «орыс халқының керемет екендігін» айтпайды, тек олар үйренген білімді үйренуге, соған ұмтылуға үндейді.

Қазақты қамшылап, кем жерін жасырмай айтып, гуманизм жолына бағыттайды. Ұлы философтың өзінің туған халқын сынауы, оның менсінбеуінен әлде бір сорлы тағдырды тілеуінен туған жоқ.

Шындығында көптеген ұлы жазушылар мен ақындар өз заманындағы келеңсіздіктерді анықтап, көрсетуді басты міндеттерінің бірі санаған.

Біздің елде отаншылдық деген өз елін, ұлтын мадақтау деп түсінеді. Үнемі мақтау қаншалықты сындарлы? Біреуді үнемі мақтап, оның кемшілігіне, қателігіне көз жұматын болсақ, сол адамның өзіне зиянын тигізбей ме?

Ұлы Абай осы қасиет туралы да өсиет екен. Абайдың «Қара сөздері» әлі күнге өзекті. Кез-келген қазақ оны мезгіл-мезгіл оқып отырса артық етпейді.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

109 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2233
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1634