Жұма, 17 Мамыр 2024
Арылу 2511 8 пікір 30 Тамыз, 2023 сағат 14:08

Аралас мектепте аралас тілде білім беру керек...

Коллаж: Әлеуметтік желіден

Орыс әлемінің сойылын соғушылар қаза тілді мектептерді аралас мектепке айналдыру тәсіліне көшіп кәнігіп алды. Дәл қазір елімізде 2 мың 551 қазақша-орысша аралас мектеп бар. Ендеше осы мектептерге қатысты жаңа бағдарлама керек. Осы мәселе орыс тілділер басым аймақтарда түкке тұрмайтын дауға айналып жүр.

Бізге неге бұлай деп отырмыз. Елімізде таза орыс тілінде білім беретін  1 мың 203 білім ошағы бар. Сонда елімізде білім беретін осы мектептерге жәнегі 2 мың 551-ді қоссаңыз 3 мың 774 мектеп бар екендігіне көз жеткіземіз. Бұдан шығатыны егер арлас мектеп ұғым-түсінігі білім беру процесінде орын алды ма? Ендеше осы аралас мектептерге арнап, мекмлекеттік тілде 100, 70 және 50 пайыз пәндерді оқытатын білім ошағына айналдыру керек.

Қазір орыс тілінде беретін педагог ұтаздар жетіспесе, қазақ тілінде білім беретін ұстаздар жұмыссыз жүр. Одан кейін қазақ тілін үйретуді бір ғана қазақ тілін оқытатын мұғалымдерге жүктеп оқушылар мектептен мемлекеттік тілді білмейді деп ойбайлауға көшеміз. Оқу ағарту минстрлігі осы проблеманы шешудің орнына бір мектепті қазақ пен орысқа бөліп тіларалық алалауды қоздырып отыр. Одан шығатын жол сыныптарды 100, 70 және 50 пайыз мемлекеттік тілде оқытатын сыныптарға айналдырса ешкім қой демейді. Себебі 30 және 50 пайыз орыс тілінде оқытатын мектеп бағдарламасы орыс тілінде білім беруге арнап жазылған. Тек орыс пен қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды шәкірттерге пайыздық білім алуын қатысты таратып беру ғана қалып отыр. Ешқандай бағдарлама жасап бас ауыртудың керегі де жоқ.

Және мектеп басшылығы үнемі орыс тілділер болғандықтан қазақ сыныбына беретін ұстаздар қысым көруде. Тап осы айсбергтік проблемаға да тосқауыл қойылады.

Бұл мәселені біз жорналшылар қауымы үнемі көтеріп жүрміз. Бірақ не депутаттар, не оқу ағарту министрлігі осы проблеманы шешуге қатысты жақ ашқан емес. Тек әр мектеп жеке болуға тиіс деп болмайтын әңгімені қозғаумен шектеліп отыр. Аралас мектеп аштың ба, аралас тілде білім берілуі керек екендігін білмейтін біз ақымақ па, билік ақымақ па?

Әрі қазақ баласы орыс мектебіне барады деп зарлағанша, осындай тіліп түсетін жерде іліп түсе алмайтынымыз бар. Бұған кім кінәлі?

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2104
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2210
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625