Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5735 0 пікір 4 Шілде, 2013 сағат 07:52

«Едіге» эпосы: эпикалық шындық пен тарихи шындық (жалғасы)

  • Ер Едігенің туғанына — 655 жыл

Көк Орданы билеп отырған Орыс хан Ақ Орда мен Көк Орданы біріктіру үшін қарамағындағыларды жинап, құрылтай өткізеді. Ханның бұл пікіріменен Тайқожа келіспейді. Орыс хан Ақ Ордаға қарсы аттанған кезде ол жорыққа қатыспайды. Осы қылығы үшін хан Тайқожаны өлтіреді. Оның жас баласы Тоқтамыстың өміріне де әлденеше рет қауіп-қатер төнеді. Ақыр соңында елін тастап, Мауеренахрдағы Ақсақ Темірге қашады. Ол жөнінде Өтеміс қажы өзінің «Шыңғыс-наме» атты еңбегінде былай дейді: «Бұл Орыс хан да ұлы патша болды, бүкіл Түркістан уәлаяттарына билік жүргізді. Тоқтамыс хан мен Темір-Құтылы ханға ол кезде хандық тимеді. Бұлар аталмыш ханның қызметінде жүрді, Алланың рахымымен Тоқтамыс оғланның бойында патшалық фәрр байқалды да, аталмыш оғланның нөкерлері мен басқа адамдар оған ықтиярмен тағзым етті. Осы себепті аталмыш хан Тоқтамыс оғланды жек көріп кетті де,  оның көзін құртуды ойластырды», – дейді [Прошлое Казахстана. 1997,с.190]. Бұдан әрі Тоқтамыстың қашқаны, суық күні мұз басып жатқан Сырды кешіп өткені, қуғыншылардың Тоқтамысты аяғынан атып, ауыр жарақатты қылғаны, оны Ұрық Темірдің тауып алғаны жазылған.

  • Ер Едігенің туғанына — 655 жыл

Көк Орданы билеп отырған Орыс хан Ақ Орда мен Көк Орданы біріктіру үшін қарамағындағыларды жинап, құрылтай өткізеді. Ханның бұл пікіріменен Тайқожа келіспейді. Орыс хан Ақ Ордаға қарсы аттанған кезде ол жорыққа қатыспайды. Осы қылығы үшін хан Тайқожаны өлтіреді. Оның жас баласы Тоқтамыстың өміріне де әлденеше рет қауіп-қатер төнеді. Ақыр соңында елін тастап, Мауеренахрдағы Ақсақ Темірге қашады. Ол жөнінде Өтеміс қажы өзінің «Шыңғыс-наме» атты еңбегінде былай дейді: «Бұл Орыс хан да ұлы патша болды, бүкіл Түркістан уәлаяттарына билік жүргізді. Тоқтамыс хан мен Темір-Құтылы ханға ол кезде хандық тимеді. Бұлар аталмыш ханның қызметінде жүрді, Алланың рахымымен Тоқтамыс оғланның бойында патшалық фәрр байқалды да, аталмыш оғланның нөкерлері мен басқа адамдар оған ықтиярмен тағзым етті. Осы себепті аталмыш хан Тоқтамыс оғланды жек көріп кетті де,  оның көзін құртуды ойластырды», – дейді [Прошлое Казахстана. 1997,с.190]. Бұдан әрі Тоқтамыстың қашқаны, суық күні мұз басып жатқан Сырды кешіп өткені, қуғыншылардың Тоқтамысты аяғынан атып, ауыр жарақатты қылғаны, оны Ұрық Темірдің тауып алғаны жазылған.

Низам-ад-дин Шамидің «Зафар-наме» кітабында қашқан Тоқтамыстың Темірмен жолығуы сипатталған. Низам-ад-дин Шами өз заманының сауатты адамдарының бірі болған. Ақсақ Темірдің 1392-1393 жылдардағы Иранға жасаған жорығы кезінде қолға түсіп, оған қызмет еткен. 1400 жылдың басында Низам-ад-динге Ақсақ Темір өзінің жорықтарын, ел басқаруын  жазуды тапсырған. Ол үшін қасындағы жылнамашыларының жазған деректерін, күнделіктерін берген. Ғалымның тайға таңба басқандай етіп тұжырымдап жазған жазуы Ақсақ Темірге ұнап, разылығын білдіріп, құптаған. Бұл кітапты тарихшы Темір өлгенге дейін 1404 жылы бітірген. Ақсақ Темір дәуіріндегі тарихты тануда бұл еңбектің алар орны өте зор. «Зафар-намеде»: «Тоқтамыс оғлан келген кезде  әмірлер араға жүріп, оны Темірге таныстырды. Оның ұлылығы оған құрмет пен сый-сияпат көрсетуі де мүмкін болғанның бәрін жасауға күш салды. Ол онымен бірге Самарқанға келді, патшаға лайық тартулармен той өткізді, оған (Тоқтамысқа) және оның серіктеріне ақылға сыймайтын сансыз көп алтындарды, қымбат әшекей бұйымдарды, малдар мен маталарды, аттар мен өгіздерді, шатырлар мен қостарды, барабандар мен жалауларды, жасақтар мен әскерлерді бөліп берді.

Ол (Темір) Отырар мен Сауран аймақтарын бөліп берді және оны сол жерлерге жөнелтті», – деп таңбаланған [Из глубины столетий. 2-е издание. – Казань: Татарское книжное издательство, 2004,с.370]. Тоқтамыстың осылайша Көк Ордамен іргелес жерге қоныстануы Орыс хан үшін  онша қолайлы болмаған. Бұл туралы «Шыңғыс-намеде»: «Хан жайлауға бара жатқанда оның еліне [Тоқтамыс оғлан]  қуып-жетіп, жылқыларын айдап кетті. Қуғыншылар орта жолда оларға жетіп, талқанын шығарды. Ол қайтып [Темір-бекке] келді. Әлқисса, Тоқтамыс оғлан қазақылап [Орыс хан] еліне шауып және жылқыларды айдап кетіп жүрді», – делінген [Өтеміс қажы. Шыңғыснаме // Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. 1 т. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005,192-б]. Орыс хан бұл кезде Еділ бойында жорықта жүргендіктен, оның баласы Құтылық-Бұға Тоқтамыс оғланға қарсы әскер алып шығып, көп шайқасқан [Өтеміс қажы. Шыңғыснаме // Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. 1 т. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005,298-б]. Соғыс кезінде Құтылық-Бұғаға оқ тиіп, содан өледі.

Соғыста жеңілген Тоқтамыс қашып тағы да Ақсақ Темірге келеді. Ақсақ Темір Тоқтамысқа одан әрі құрмет көрсетіп, көп әскермен Көк Ордаға қарсы қайта аттандырады. Мұның себебін түсіну қиын емес. Іргесіндегі Көк Орданың Орыс хан басшылығымен күшейіп, Ақ Ордаға қосылып, ірі мемлекет болып кету қаупі Әмір Темірге ұнамайтын еді. Темір Тоқтамысты жақсы көріп жарылқамаған керісінше, оғланды өз саясатын жүзеге асыру үшін пайдаланған. Бұл жолғы шайқасты Орыс ханның екінші ұлы Тоқтақия басқарды. Тоқтамыс Тоқтақиядан жеңіліс тапты. Бас сауғалап қашып, кесе жатқан өзеннен жүзіп өтеді. Қолынан жарақат алады. Қалың қорысқа кіріп, жан сауғалайды. Мұны естіген Темір оны таптыртып алып, жағдайын жасап, ер жүрек әрі батыл деп мақтайды.

Ақсақ Темірдің мұндай харекетінің сыры туралы А.Якубовский өзінің әйгілі «Тимур» атты еңбегінде былай деп жазады: «Особенно тяжелыми в жизни Золотой Орды были годы с 1360 по 1380. В течение двадцати лет в Золотой Орде сменилось около 25 ханов, не считая временщика эмира Мамая, владевшего все это время правобережной частью Золотой Орды. Характерно, что большая часть левобережных ханов, сидевших на престоле в Сарае иногда менее года, являлась выходцами из Ак-Орды, из присырдарьинских областей, из левого крыла улус-джучиева войска.

Вспомним ханов Хызра, Темир-Ходжу, Мурида (Амурат в русской летописи) и Кильдибека. Вмешательство Белой Орды в золотоордынские дела шло параллельно с ростом экономического и политического могущества этой прежде отсталой части Улуса Джучи. Особенно решительные шаги в этом отношении предпринял Урус-хан, правивший в Ак-Орде до 1377 года. Урус хан задумал стать не только саранским ханом,  он решил объединить обе части Улуса Джучи под своей властью. Тимур знал обо всем, что происходило в той и другой Орде, боялся объединения и тем самым усиления опасного соседа и искал случая помешать ему», – дей келіп, мұндай жағдайда Тоқтамыстың өз аяғымен алдына келуін ұтырымен пайдаланғанын айтады [Якубовский А. Тимур // Властелин Евразии. – Алматы: Кочевники, 2003,с.106].

Низам-ад-диннің жазуынша, Ордаға оралған Орыс хан Ақсақ Темірге елші жіберіп: «Тоқтамыс менің баламды өлтірді және сенің аймағыңа кетті. Менің жауымды маған ұстап бер, егер де көнбесең, онда соғысатын жеріңді айт», – деп хабарлайды [Прошлое Казахстана.1997,с.289]. Оған келіспеген Темір қарсы соғысқа дайындалады. Екі жақ бір-біріне таяу келген тұста ауа-райы бұзылып, әуелі жаңбыр жауады, соңы қарға ұласады. Оның аяғы қатты аяз болады. Суық өткен қарсыластар аздаған қақтығыспен тарқасады.

Келер жылы тағы да екі жақ бір-біріне қарсы аттануға қамданады. Алайда Орыс ханның кенеттен қайтыс болуы нәтижесінде соғыс тоқтатылады. Өтеміс қажының жазуынша, Орыс ханның өліміне төмендегідей жағдай  себеп болған. Көк Ордадағы шырын, барын, арғын, қыпшақ Тоқтамыстың әкесінің қол астында болған рулар екен. Тоқтамыс Орыс ханға қарсы жорықтар ұйымдастырғаннан кейін бұлардың ер жүрек жігіттері қолдау көрсетеді. Мұны естіген хан аталған руларға қысым көрсетеді. «Бұл кезде олар да өз тарапынан Тоқтамыс оғланға кісі жіберіп: «Сенің әлегіңнен хан бізге қаһарын төгіп, малымызды тартып алып жатыр, біздің де басымызға қатер төнді, егер бізді қорғай алмасаң, қиямет күні туғанда қолымыз жағаңда болады», – дегенді айтқызады. Бұл сөзді естіген оғланның көңілі бұзылып, елшіге: «Осы жыл жайлауға шыққандарыңда елдің соңында көшіңдер… дайын отырыңдар,  иншалла,  өлмесем,  мен  де  сіздерге  жетермін деді», – деп жазады Өтеміс қажы [Өтеміс қажы. Шыңғыснаме. 2005,193-б]. Одан арғы мәліметтер бойынша, уәделі уақытта Тоқтамыс жетеді. Дайын отырған ру адамдарын ертіп, Еділге қарай кетеді. Екі күннен кейін есіткен Орыс хан  200-300 адам ертіп, соңынан қуады. Бұлардың жақындағанын сезген соң атқа мінуге жарайтын балаларды жинап, Жалалладдин сұлтанды басшы қылып, аман қалу үшін алға жібереді. Егер біз  жеңіліп жатсақ, қашыңдар деп кеңес береді. Қуғыншылар жеткен соң, екі ортада ұрыс басталады. Теке тірес кезінде Жалалладдин қасындағы балаларымен бірге әкелеріне жәрдем беру үшін кері оралады. Майданға араласады. Орыс ханға кездейсоқ оқ тиіп, содан өледі [Өтеміс қажы. Шыңғыснаме. 2005,193-195-б]. Тарихшылардың көрсетуінше, бұл 1377-78 жылдар.

Ордадағы дүрбелең  кезінде Едіге Тоқтамыс пен Темір жағына өтіп кетеді. Жалғыз Едіге емес, көп адам осылай істейді. Ол жөнінде ноғай ғалымы М.Г.Сафаргалиев былай дейді: «Несмотря на столь решительную победу над Тохтамышем победитель оказался в критическом положении. В самой Синей Орде в это время началось какое-то брожение против Урус-хана. Его эмиры, очевидно, чувствуя слабость хана в борьбе с Тохтамышем, стали его покидать. На сторону Тохтамыша в 1376 г. перебежал сын одного из эмиров Урус-хана Едигей, отец которого Балтычка из племени акмангит занимал пост старшего эмира при дворе Урус-хана. Бегство Едигея, принадлежавшего к придворной аристократии свидетельствовало о колебаниях в придворных верхах Синей Орды. Едигей принес известие о больших военных приготовлениях Урус-хана» [Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. – Саранск, 1960,140-б].

Деректер бойынша, Көк Ордада бұдан кейін бірнеше хандар алмасады. Ақыр соңында Темір Мәлік таққа отырады. Бірақ Темір Мәлік қарамағындағы елді жөнді басқара алмайды. Ол жөнінде Шараф-ад-дин Әли Жезді былай деп жазады: «День и ночь пьет, спит полудня. Если даже будет сто важных дел, никто не может разбудить его. По этой причине все потеряли надежду на него. В улусе Джучи-хана хотять прихода Токтамыша» [Шарафад-дин Әли Жезді. Зафар-наме. – Ташкент: SANAT, 2008,87-б]. (Астын сызған – А.Ж.). Тарихшының айтуынша, Ақсақ Темірдің қолдауымен ақыры Тоқтамыс жеңіске жетеді. 1379 жылы Көк Орданың тағына отырады. Кеңестік тарихшылар Көк Ордада Тоқтамысты қолдаушылардың көп болғанын, олардың Темір Мәліктен түңіліп, хан тағына Тоқтамысты шақырғанын  ескере бермейді.

Бұдан соң Темірдің Тоқтамысқа ерген әмірлері оны Сығанақта хан тағына отырғызады, ғұрып-дәстүрді сақтап, «оның құрметіне нисар жасайды» (шашуға ақша шашу).

Бұл уақиғалардың барлығы хижраның 780 жылы (1378-1379) болып еді.Осыдан кейін қажырлы Тоқтамыс хан Көк Орда мен Ақ Орданы біріктіру қажеттігіне айналасындағыларды сендіреді. Көктемде Тоқтамыс Еділ бойына жорыққа аттанып, Сарай Беркені басып алады. Ол тұста Алтын Орданың көп бөлігін Мамай билеп отыр еді. Мамай мен екеуі 1380 жылы Калка өзенінің жағасында кездеседі. Академик Б.Грековтың жазуынша қанды шайқас өтеді. Мамайды жеңген Тоқтамыс аз уақыттың ішінде Алтын Ордаға қарасты елдер мен жерлерді қайта біріктіреді. Орданың әл-қуатын арттыруға күш салады. Муни-ад-дин Натанзи Тоқтамыс туралы: «Ол қабілетті, ер жүрек, кең пейілді әдемі патша болды. Оның әділеттілігі мен жақсы мінез-құлқы жалпыға мәлім» деп жазады [Прошлое Казахстана.1997,с.303]. Мұны халық эпосы да жоққа шығармайды. Эпостың ұлттық версияларының басында Тоқтамыс әділ болып көрінеді. Оның әділдігі қойшы баланың төрт рет дұрыс шешім жасағанын естіп, ордасына шақырып, үстіндегі ескі-құсқы киімдерін тастатып, асыл тон кигізіп, тұлпар ат мінгізіп, ел-халықтың билігін қолына беруінен байқалады. Жыршылар Тоқтамысты түпкілікті қаралай бермейді. Оның адамға тән адамгершілік сипаттарын көрсетіп отырады. «Бир күни хан мойнымдағы парызымнан қутылайын деп Едигени жети жасына келгенде мектепке берди. Ол он жыл оқып сауатхан болды.

Катта хазират устазынан пәтия алды. Жасы да онсегизге толды. Тоқтамыс хан хожа урыуының  ишинен сайлап Қарақас айым деген қызды алып берди. Баласына арнап ақ отау тикти. Хан жети парызынан қутылды» [Едиге. Қияс варианты // Едиге. – Нөкис: Қарақалпақстан, 1990,145-б], – деп көрсетеді Тоқтамыстың адамгершілігін Қияс жыршы.

Ол – орынды жерде қолы кең мырза. Мәселен, Нұраддин жеті жасында алдына арыз айтып келгенде Тоқтамыс жөн сөзге тұрып, оған бабасы Шыңғыстан қалған бір ләген ділдә сый береді. Және  ел арасына іріткі салып жүрген Ағай, Тағайды зынданға қамайды.

Ш.Уәлиханов нұсқасында елін тастап, қашып бара жатқан Тоқтамыс халқына қарап:

Едігем менің ер еді,

Едігемнің мінгені

Аузы ақтан кер еді.

Едігемнің асу ісі сол еді,

Өзінен бір жас үлкенді

Әзіз ағам, сіз біліңіз дер еді.

Өзінен бір жас кіші тұрса,

Үкем, сен тұра тұр,

Мен сөйлейін дер еді.

Едігемнің ескіден кегі бар еді,

Кете алмай-ақ жүр еді,

Көре алмасы көп болды,

Көтермесі жоқ болды,

Мен сүйтіп айырылғанмын, Едігемнен, –

деп өткенге өкініш білдіреді [Мағауин Е. Едіге. – Алматы: Айқап, 1993,52-б].

«Едігемнің ескіден кегі бар еді» деуін кейбір ғалымдар Тоқтамыстың Балтышахты өлтіруімен байланыстырады. Бартольдтың жазуынша Балтышах – Едігенің әкесі. Оның өлімі турасында қазіргі заман тарихшысы Тұрсын Сұлтанов өзінің «Золотая Орда» деп аталатын кітабында сол дерекке сүйене отырып, былай деп жазады: «Темірмәлік шайқас басталғанда-ақ тұтқынға алынып, өлтіріледі. Дешті Қыпшақтың атақты батырларының бірі, ханның бас әмірі Балтышақ та қолға түсіп қалады. Балтышақтың адалдығы мен батырлық даңқын естіген Тоқтамыс әмірді алдыма келтіріңдер деп бұйырған. Қол-аяғы байлаулы Балтышақ алдына келгенде Тоқтамыс оған былай депті:

«Егер мені патшам деп мойындасаң, сый-құрметім дайын, мал-мүлкімен қоса патшалықты өзіңе басқартамын».

Әбді ар-Разақ Самарқандидың жазуында батыр Тоқтамыстың алдында бір тізесін бүгіп былай депті:

«Темірмәлік тірі кезде, әмір әлі билеуші болып бақуат өмір кештім; сенің оның тағына отырғаныңды көрген көзім неге шығып кетпейді. Маған рақым жасағың келіп тұрса, менің басымды шапқыз да, Темірмәліктің басының астына қалдыр, денесін менің денемнің үстіне қой, қасиетті, асыл денесі қор болып жер жастанбасын».

Адал жанды ержүрек батырдың тілегі орындалыпты [Сұлтанов Т.Т. Золотая Орда. – Алматы: Мектеп, 2004,68-б].

Бірақ Тоқтамыстың жоғарыдағы сөзінің басқаша мәні болуы да ықтимал. Тоқтамыстың ол сөзінің негізгі астары хан сарайында қызмет етіп, үлкенді аға, кішіні іні тұтып, өте инабатты болған, ішкі дауды бітіріп, сырттан келген жаудың бетін қайтарған Едігені азғырғанға еріп, басын алмақ болғанына өкіну болуы да мүмкін.  Сыпыра жыраудың да:

Еділден әрмен өтсе сол,

Сәтемір ханға жетсе сол,

Осы өшін сірә да

Сенен алмай қалмас-ты боғай құбаша ұғыл! [Мағауин Е. Едіге. 1993,37-б] – дегенде айтып тұрғаны – ханның Едігені жазықсыз қуғындап өлтірмек болғаны. Бұл жерде жырау ханның батырдың әкесін өлтіргеніне екпін беріп тұрған жоқ. Себебі ол дәуірдегі тарихты қарап отырсақ, бір елдің әміршісі екінші елдің әміршісін өлтіріп, орнына соның баласын қойған жағдай немесе бір елдің ішінде төңкеріс жасап, төңкерістің басқарушысы елдің ханын қуып, орнына сол ханның баласын қойған жағдайлар жиі кездеседі. Едігенің өзі Шәдібекті хандықтан қуып жіберіп, оның орнына баласы Болатты отырғызған. Бұдан да әрі өтіп, тақ үшін өз әкесі мен бауырларын  өлтіргендер де бар. Мысалы, Алтын Орда ханы Бердібек (1357-1359).

Қалай болғанда да Едігенің Тоқтамыспен ақи-тақи араздасып, кетісуіне дейін хан сарайында небір шырғалаң тартыстар өткенге ұқсайды. Едіге Ақсақ Темірге оны жақсы көргендіктен емес, осындай қиыншылықтардан, басына қатер төнгендіктен қашып барған саяси босқын. Нұртуған нұсқасында бұл жағдай неғұрлым кеңірек баяндалған. Бірақ бұл нұсқаның аяғы тарихи оқиғадан алыстап, қаһармандық эпостың табиғатына орай батырдың қалыңдық іздеп шығуы, ол жерде қалыңдығын алып кеткен дұшпанмен соғысып, жеңіске жетуіне ұласады.

Жыршылардың айтуынша, ханның Едігемен араздасуы екі ортадағы айдап салушылардың кесірінен болады. Тоқтамыс образындағы көзге түсетін ең кемшін сипат – сөзге ергіштігі. Бұны біз ханның нөкерлерінің сөзіне, әйелінің, Кеңжанбай, Ағай, Тағай сөздеріне еріп кетуінен көреміз.

Тоқтамыс та пенде. Пенделікпенен азғырғанға ереді. Эпостың қарақалпақша версиясында екі ортаға әуелгі от жағушылар — ханның төңірегіндегі билер.

Расын айтып сөйлесем,

Едіге сенің жалшыңыз.

Жұртыңды билеп барады,

Жылқыңды баққан малшыңыз [Едиге. – Нөкис: Қарақалпақстан, 1990,148-б], – дейді хан нөкерлері.

Тоқтамыстың кеңес үкіметі кезінде асыра жамандалуының себебі: ол 1382 жылы Мәскеу қалаcын шапқан. Куликово шайқасында орыс әскерінің үштен екісінен астамы қырылғаны тарихтан белгілі. Мамай жағынан да көп адам өледі. Бұл майданда орыстар көп қырғынға ұшырағанымен, Алтын Ордаға қарсы бас көтеруге болатынын түсінді. Өздерінің қолбасшысы князь Дмитрийді бүкіл Русьтің ұлы князі деп ұлттық мақтанышына айналдырды. Мамайды жеңген Тоқтамыс Мәскеу княздігін бұқтырып қоюды да естен шығарған жоқ. Бұл жөнінде Карамзин: «(1381 г.) В следующее лето Хан послал к Дмитрию Царевича Акхозю и с ним 700 воинов требовать, чтобы все Князья наши, как древние подданные Моголов, немедленно явились в Орде» деп жазады [Карамзин Н.М. История государства российского. – Москва: «Олма-Пресс образование», 2004,230]. Бірақ Куликово шайқасынан даңққа бөленген ұлы князь Дмитрий хан сөзіне құлақ аспайды.

Айтқанға  мойын ұсынбаған соң Алтын Орда ханы үнсіз қалады. Орданың  ішкі тірлігін қалыпқа келтіру жұмысымен шындап айналысқан Тоқтамыс Мәскеуге жорық жасауды да есінен шығармайды. 1382 жылы хан әскері қалаға жақын келді. Мәскеудің ұлы князі Дмитрий ІV адам жинау үшін Костромаға баруым керек деп отбасын өзімен бірге алып, қасына негізгі қолбасшы Владимир Андреевич Серпуховты ертіп, қашып кетті. Мәскеу ұлы князсыз, әскербасысыз қалды. Қалада үрей орнады. Митрополит Киприан да шаһарды тастап қашты.

Тек князь Остей ғана тәртіп орнатуға күш салды. Кремль қорғанына өрмелеп шықпас үшін оның сыртқы іргесіндегі ағаштан жасалған құрылыстың бәрін өртеуге бұйрық берді. Қорғанның қабырғасының үстіне зеңбіректер орнатылды. Лақтыратын тастар, қайнатып құятын қарамайлар алып келінді. Алтын Орда жауынгерлерінің алдыңғы шебіндегілер 23 тамыз күні Кремль іргесіне келді. Қорғанды айналып көрді, сосын князь Дмитрийді сұрады. Содан соң көзден таса болды. Кремльді қорғаушылар оқиғаның осылай жақсы біткеніне қуанысты. Ертеңіне Тоқтамыс хан бастаған негізгі күш жетті. Кремльге шабуыл жасады. Келесі күні де шабуыл жалғасты. 24 мыңдай мәскеулік қырғынға ұшырады. Тоқтамыс хан қаладағы алуға жарайтын дүниенің бәрін алды. Икондарды, қымбат бағалы заттарды, алмас пен алтынды, бүкіл қорды тиеп алып кетті. Қайтар жолында Тоқтамыс хан өз әскерінің барлық княздіктерді тонауына жол берді.

Тоқтамыстың Кремльді алуын орыс тарихшылары орыс адамдарының ақ көңілділігінен, аңқаулығынан болды дейді. Мәселен, Карамзин «В четвертый день осады неприятель изъявил желание вступить в мирные переговоры. Знаменитые чиновники Тохтамышевы, подъехав к стенам, сказали Москвитянам, что Хан любит их как своих добрых подданых и не хочет воевать с ними, будучи только личним врагом Великого Князя; что он немедлено удалится от Москвы, буде жители выйдут к нему с дарами и впустят его в сию столицу осмотреть ее достопамятности» [Карамзин Н.М. 2004,с.231], – дей келіп, сенгендіктен қақпаны ашқанын айтса, қазіргі орыс тарихшысы Ю.В.Мизун: «Он только хотел бы осмотреть его изнутри. Доверчивая русская душа! Ворота (Спасские) отворили и поплатились за это жизнью», – деп жазады [Мизун Ю.В., Мизун Ю.Г. Ханы и князья. – Москва: Вега, 2005,с.158]. Әрине, бұл адам сенерлік нәрсе емес. Ал, Лев Гумилев трагедияны арақтан көреді: «Чего хотел посадский люд? Выпить и погулять. Поэтому население Москвы, простые московские люди, сев в осаду, прежде всего направились к боярским погребам, сбили замки, вытащили оттуда бочки с медом, пивом, винами и основательно напились. ….Через некоторое время, когда был выпит весь запас спиртного, москвичи решили договориться с татарами: татарам было предложено изложить свои условия мира, для чего осажденные собрались впустить в город посольство. Но, когда открывали ворота, никому из представителей «народных масс» не пришло в голову выставить надежную охрану, дабы пропустить только послов. Посадские просто открыли ворота, татары ворвались в город и устроили резню», – дейді [Гумилев  Л. Н. От Руси к России. – Москва: АСТ, 2004,с.211-212]. Әлбетте, бәрі де баланың сөзі.

Тоқтамыстың Мәскеуге жорығынан соң Куликово шайқасы ұмытылды. Орыс княздіктерінің Алтын Ордаға бұрынғыдай салық төлеп тұруына тура келді, ал атақты Дмитрий Донской болса 1384 жылы өзінің ізбасары, баласы князь ІІ Василийді Тоқтамысқа кепілдікке берді. Мұнымен ғана шектелмей, Алтын Орда ханы 8 мың сом алтын ақша алып, оны да кепілдік ретінде ұстап отырды. Саясатқа жетік Тоқтамыс хан  Мәскеуге қарсы оны теңгеріп тұра алатын антисимметриялы күш ұйымдастыра білді – Мәскеу княздігімен Тверь, Рязань, Суздал княздіктері жаулық қарым-қатынаста болды. Алтын Орда күшейіп, орыстар бұрынғы қалпына толық келтірілді. Осылай болып ұзақ кете беруі әбден мүмкін еді, Ақсақ Темірдің  Алтын Ордаға қарсы жүргізілген  жорықтары бұған бөгесін жасады. Бұл жөнінде Ю.В.Мизун: «Казалось, что русские обречены на вечное рабство. Но им помог Бог руками (мечами) Тамерлана. Тамерлан разгромил Орду, и Россия получила передышку, поскольку Орда была занята своими внутренними проблемами. В такой ситуации московский князь в 1405 г. отказался платить дань Орде», – деп жазады [Мизун Ю.В., Мизун Ю.Г. 2005,с.160].

Тар кезеңде халқын тастап, әйелін алып қашқан Дмитрий князь орыс халқының мақтанышы болып қала берді. Әлі де ұлттық мақтанышы. Сол князьді тізе бүктіріп, баласын кепілдікке алып кіріптар қылған, Алтын Орданың айбарын қайта асырған Тоқтамыс өз елінде, өз жерінде қазір жаман аталады.

Жоғарыдағы Мәскеу жорығына, Алтын Орда мен орыс князьдіктері арасындағы бұрынғы жағдайды қалпына келтіруге байланысты Ресей тарихшылары сол кезден бүгінгі күнге дейін Тоқтамыс хақында ұнамсыз пікірлер қалыптастырып келеді. Олардың көрсетуінше, Тоқтамыс тек татардың ғана ханы, тегі де белгісіз. Мәселен, Л.Гумилев: «Трудно сказать, был ли мусулманином сам Токтамыш?» – дейді [Гумилев Л. Н. Древняя Русь и Великая степь. – Москва, 2007,с.432]. Алтын Орданы төрт-бес ай емес, он сегіз жыл басқарған Тоқтамысты тағы да былай деп жазғырады: «Бедный Тохтамыш! Сев на престол Золотой Орды, он оказался на должности выше уровня его компетентности. При этом он не представлял себе всех трудностей, с которыми было связано управление полиэтничной страной, и не отдавал себе отчета в том, что грозит и что ему необходимо для спасения» [Гумилев Л. Н. 2007,с.595].

Тоқтамыс тұсындағы Алтын Орданың көтерілуі жалғыз Дмитрий князьға ғана емес, Ақсақ Темірге де ұнамады. Бұл мәселе туралы А.Якубовский айтқан мына пікір шындыққа саяды: «Тимур был доволен таким оборотом дела, он думал сделать Тохтамыша своим верным вассалом и проводником своей политики в Улусе Джучи. Тохтамыш, однако, не оправдал надежд Тимура и, став акордынским ханом, пошел по стопам политики Урус-хана, т.е. начал внутри Улуса Джучи борьбу за объединение и создание сильной Золотой Орды. Воспользовавшись полным ослаблением Мамая, которого Дмитрий Донской разбил на Куликовом поле в 1380г., Тохтамыш в том же году двинулся на Мамая и на р. Калке нанес быстрое и сокрушительное поражение.

Победа эта дала возможность Тохтамышу захватить власть в Золотой Орде и объединить вновь обе части Улуса Джучи. С каждым годом росли и усиливались противоречия между Тимуром и его коварным, но энергичным ставленником. Тохтамыш делал как раз то, против чего готовил его Тимур. Стремясь  вернуть Золотую Орду к лучшим дням времени Узбек-хана (1312-1340), Тохтамыш начал ряд походов за расширение золотоордынской территории, в том числе в Закавказье и Азербайджане, послав большое войско в 1385 г. для захвата Тебриза.

Великодержавная политика Тохтамыша была неприемлема для растущего тимуровского государства в Мавераннахре. Тохтамыш не только был помехой деятельности Тимура, но вместе с тем представлял интересы государства, которое в сущности своей было полной противоположностью государству Тимура в Мавераннахре» [Якубовский А. Тимур // Властелин Евразии. – Алматы: Кочевники, 2003,с.107]

Хорезм бұрын Алтын Орда қарауындағы жер болатын. Онда Ақсақ Темірдің де билігі орныққан жоқ еді. Сондықтан Тоқтамыс 1380 жылы Хорезмді Алтын Ордаға қаратты. Бұл оқиға кейбір орыс тарихшылары айтып жүргендей, Тоқтамыстың Әмір Темірге күш көрсетуі немесе оның беделіне нұқсан келтіруі мақсатында істелген жоқ еді. Ханның мақсаты жоғарыда  А.Якубовский айтқандай, Алтын Орданы бұрынғы қалпына келтіру болатын. Орыс тарихшылары Тоқтамыстың Әзірбайжан жеріне жорығын да Әмір Темірге қарсы істелінген іс деп есептейді. Ал оның астарын ноғай тарихшысы М.Г.Сафаргалиев өзінің «Алтын Орданың құлауы» дейтін еңбегінде былайша ашып көрсетеді: «С тех пор, как торговые пути, связывающие Запад с Востоком, переместились с севера на юг, овладение Азербайджаном и Ираном для обоих государств приобрело особо важное значение. Тимур ранее Тохтамыша начал борьбу за захват Ирана. Его первый поход на Иран, закончившийся овладением важнейшими стратегическими пунктами восточного Ирана, относится еще к 1380 году. В 1385 году войска Тимура вторглись в Исфаган и Азербайджан. С захватом этих районов Тимур наносил большой удар золотоордынской торговле», – дейді [Сафаргалиев М.Г. 1960,с.146].

Екеуінің арасындағы Әзірбайжан жеріндегі қақтығыс осы жағдайға байланысты болатын. Тоқтамыс мұнда Темірдің ұлы Мираншах бастаған қалың қолмен кездесіп, кейін шегінді. Бұл Мәселе халық эпосында да көрініс тапқан: Аңғысын: «Тақсыр ханымыз, дұрыс айтасың. Біз айтайық, сіз тыңдаңыз. Шаһаріңізде халыққа мәлім төрт қақпа бар еді, соның екеуі бекітулі болса, екеуі ашық тұратұғын еді. Әртүрлі жұрттан шаһаріңізге есепсіз керуендер келер еді. Шаһаріңді сауда қылар еді. Барлығының зекеті қазынаңызға кіретұғын еді. Халқың сондай дархан еді. Ойласаң ұлы дәулет еді. Ал қазіргі уақытта жұртыңда жемқорлар көбейді. Сізге ықтияр бермейді. Қалаңда жесір-жетім, ақсақ-майып жүре алмайды. Құлдарға билік тиді, қалаңа баяғыдай керуендер келмейді. Егер келе қойса, одан түскен дүнияны хан біліп отыр ма, білмейді ғой деп сізге қарата жібермейді. Айналаңдағылар өзара үлесіп алады. Осы жақтарын көре отырып, сізден дәулет тайды ма деймін, тақсыр», – деп, ханға туралап қарады [Едиге. Қияс варианты // 1990,280-б].

1386 жылы Темір Грузияны басып алып, Алтын Орданың Иранға өтер жолын бір жолата кесіп тастады. Темір өзінің Кавказдағы ықпалын күшейтумен айналысып жатқанда, Тоқтамыс Оңтүстіктегі шекарасын кеңейтуге ұмтылды. Алайда, Хорезмді қолда ұстап тұруға Темірдің мүмкіндік бермейтінін түсінген соң 1388 жылы оны тастап шығуына тура келді.

1387 жылы Әзірбайжаннан шегінген Тоқтамыстың біраз адамдары Темірге тұтқынға түскен еді. Тұтқынға түскендерге Ақсақ Темір «Біздің арамызда әке мен баланың құқы бар. Бірнеше ақымақтың кесірлерінен осыншама адамдар неге өлулері керек? Біздер арадағы келісулерді сақтауларымыз керек және ұйқыдағы тәртіпсіздікті оятып алмайық» деп тұтқындарға барлық жағдайларды жасап, шығарып салады. Шын мәнісінде мұны Ақсақ Темір жанашырлықпен істемеген еді. Оның ойы уақыт ұту, Алтын Ордаға қарсы қалың әскер ұйымдастыру болатын. Себебі сол тұрғанда  қолында Алтын Орданы басып алатындай күш жоқ еді. Низам-ад-дин Шамидің «Жеңістер кітабында» Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорығы 1391 жылы 22 қаңтарда басталғандығы айтылады. Ол өз жорығының мақсатын жасырып, Яссы, Сауран, Қарашұқ арқылы жүріп, Сарысу өзенін жағалап, Тобыл өзеніне дейін барады. Содан күрт бұрылып, Тоқтамыс сарайына қарата тіке тартады. Темірдің тосын әрекетін болжай алмаған Алтын Орда аяқ астынан әбігерге түседі. Бұл жөнінде М.Сафаргалиев былай деп жазады: «Оно началось еще в феврале 1391 г., в Сарае о нем узнали только 6 апреля» [Сафаргалиев М.Г. 1960,с.152]. Бұның үстіне жығылғанға жұдырық, біраз оғыландар мен бектер аласапыран кезеңде елін сатып кетеді. Аталған жағдайға қатысты Тоқтамыстың Ягайлоға жазған хатында нақты деректер сақталған. «Мы узнали об этом только тогда, когда он дошел до пределов (нашего) города, собрались и в то время, когда мы хотели вступить в сражение, те злые люди с самого начала пошатнулись и вследствие этого в народе произошло смятение. Все это дело случилось таким образом. Но бог милостив и наказал враждебных нам огланов и беков, во главе которых стояли Бекбулат, Ходжа-Медин, Бекиш, Турдучак-Берди и Давуд», – деп жазады хан [Греков Б.Д., Якубовский А. Золотая Орда и ее падение. – М.–Л: Наука,  1950,с.366].

Бұдан бұрын қаңтарда Тоқтамыс Ақсақ Темірге өз елшілерін жіберген еді. Елшілер Темірге Алтын Орда ханының атынан көп сый-сияпат ұсынады. Сәйгүлік жылқылар, қыран құстар сыйлайды. Тоқтамыс Әмір Темірден үлкен кешірім өтініп, арада орын алған келеңсіздіктердің себебін түсіндіруге тырысқан.  Жолдаған хатында Темірдің әке орнына «әке» болғанын, көп «жақсылықтар» жасағанын жаза келіп, арам ниетті адамдардың сөзіне еріп, арандатуларына ұшырап, қателіктер жіберіп алғандығына, тағы да көптен-көп кешірім сұрайды. Өткен әрекеті үшін ұялатынын және шын ниетіменен қапаланатынын айтып, енді өзіне ұсынылған шекарада тұруға ризалық  білдірген.

Сол кездегі қалыптасқан еларалық заңға қарағанда бұл Тоқтамыс тарапынан жасалған көп төмендеу еді. Себебі ол замандағы Қыпшақ даласын билеушілер Шыңғыс ханнан қалған заңдылықты басшылыққа алған. Ал Тоқтамыс  болса, Шыңғыс хан тұқымы, тақтың заңды мұрагері. Ақсақ Темір қарадан шыққан. Тоқтамыс бұл жағдайды жақсы білді. Білгендігі халық эпосында:

Сәмәркандта утырган

Аягы чонтык Шаһ Тимер

Ел біткенге жау болды,

Мен де оған жау болдым.

Асылсыздан туган Тимер би

Сәмәркандта шаһ булса,

Унике йортка баш булса,

Яны мин шаһ дип белмимен,

Самарқанда отырған

Аяғы шонтық Шаһ Темір

Ел біткенге жау болды,

Мен де оған жау болдым.

Асылсыздан туған Темір би

Самарқанда шаһ болса,

Он екі жұртқа бас болса,

Оны мен шаһ деп білмеймін, –

деп ханның өз аузынан беріледі [Идәгә. – Казан: 1988,115-б].

Темір қалыптасқан низамды бұзып отыр. Соған қарамастан хан Темірдің қойған шарттарына келісемін деп ризалық білдірді.

Ал ол болса, «мен оны өзімнің балаларымның деңгейіне дейін көтердім, мені тыңдамады» деген сияқты тайғақ дәлелдер айтып, өз райынан қайтпайды. Тоқтамыс Ақсақ Темірмен мүмкін болғанынша соғыспауға тырысты. Темір төніп келгенде қолын кейін шегіндіріп, жүріп-тұруға қиын жерлерге қарата кетті. Бұл оқиғалардың сілемі де халық эпосынан көрініс тапқан. Ұлттық версиялардың әуелгі бөлігінде Едігенің бейнесі бірте-бірте тұлғаланып, оның ақылдылығы, батырлығы, адалдығы, елге қамқор болғандығы, сол секілді Едігені сөзге ерген Тоқтамыстың қуғын-сүргінге салғаны көркемдік шешім тапқан. Эпостың басты қаһарманына, жағымды кейіпкерге айналған. Бірақ Сәтемір ханға қашқан оның баласын ертіп, Тоқтамыспен соғысып, бүлік салуға келуінен бастап, Едігенің бұрынғы қадір-қасиеті төмен түсе бастайды. «Едіге» жырыныңқазақша нұсқаларында қашқан Едігенің  Еділден әрі өткен сәттен бастап көркем бейнесі солғын тарта береді. Бұған дейін жырды оқушының  немесе тыңдаушының  бар ықылас-пейілі Едіге жағында болады. Едіге баласы Нұраддинді ертіп, жаулық мақсатпен келгенде, ел дүрлігеді. Қорқыныш туады. Бұл жөнінде: «Ел қорқып бүлді. Тоқтамыс ханға хабар етті. «Едіге екі бөлек келді», – деп. Хан айтты: «Әй, жұртым! Қойыңызды сойыңдар, қол қусырып алдына барыңдар. Сізге тимес, менің үшін бүлмеңдер», – деді», – делінген [Мағауин Е. Едіге. 1993,71-б]. Ханның осы лепесінен елді бүліншіліктен сақтап қалайын деген «Шыңғыс-наме»

Жұбаназар АСАНОВ,

филология ғылымының докторы,

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық

институтының оқытушысы.

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351