Жексенбі, 24 Қараша 2024
АЭС құрылысы 2231 12 пікір 1 Қыркүйек, 2023 сағат 14:27

«АЭС салынуы-салынбауын» референдум шешеді...

Сурет: Әлеуметтік желіден

Осы жолғы Жолдауында Мемлекет басшысы республика жұртшылығын толғандырған көптеген мәселелерге нақты да, нық жауап бере білді. Бұрынғы Елбасы дәуіріндегі Жолдауларға тән әлдебір буылдыр сенімнің жетегінде кетушілктен адалық айқын байқалды.

Біздің бұл арада айқын байқалды дегеніміз – ол АЭС салу текетіресі. Қазір қазақ қоғамын тіл ғана екі бөліп отырған жоқ. Сонымен бірге елімізде АЭС салынуы қолдаушылар мен оған қарсы екі бірдей лагерьге бөліндігі де жасырын емес. Республика тұрғыдары еліміз халқы көп 50 мемлекеттің қатарына қосылғаннан кейін энергетикалық қуат көздерінің тапшылығы айқын сезіле бастады. Оның бұлай болу себебі бұрынғы билік кезінде КСРО мұраға қалған электр желісіне жаңартлу еш жасалған жоқ. Және ЭКСПО өткеннен кейінгі онда қозғалған «Жасыл Экономика» қағаз күйінде қала берді.

Мемлекет басшысы ескі биліктен мұраға қалған энергетика саласындағы артта қалушылық пен бағанның осы саладағы жылдан жылға қымбаттауы халыққа да, бизнеске де өз кесірін тигізіп отырғанын жақсы біледі. Міне, осы тығырықтан шығыуды жақтаушылардың бірі – АЭС салу десе, екінші жағы – «Жасыл экономиканы» дамытуға ден қоюға шақырады. Президенттіміз ханға тән салиқалықпен бір-біріне атарға оғы жоқ екі тараптың да көңілін тауып, «АЭС салыну-салынбауын» Бүкілхалықтық Референдум шешеді деп қара қылды қақ жарды.

АЭС салынбайтын болса, оның баламалы жолдары жел мен күн энергетикасы дамуына кең жол ашылады. Және Ресей Атом өндірісіне ләппай тақсыр болып жүргендердің де ауыздары жабылады. Президент осылайша мағжаншаласақ, «Тоқсанның тобының» көңілін тауып, ресейшіл «онның» ауызына Референдуммен қақпақ қоя білді.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552