Сейсенбі, 11 Тамыз 2026
Билік 1083 0 пікір 31 Шілде, 2026 сағат 16:33

ЖИ: Қазақстанның жаңа белесі

Сурет: Mugalzhar.kz сайтынан алынды.

Әлемдік геосаясатта Жасанды интеллект жаһандық басқару жүйесін қайта құруда, ал басқару стандарттары бойынша бәсекелестік күн сайын күшеюде. Ұлы державалар арасындағы бәсекелестік аясында дамушы елдер мен тасадағы аймақтардың өздерінің цифрлық егемендігін қалай қорғай алатыны барған сайын маңызды мәселеге айналуда. Оның ішінде Қазақстан да бар.

Сол мақсатта елімізде 2025-жылдың 18-қыркүйегінде «Жасанды интелект және цифрлық даму министрлігі» құрылды. Сөйтіп Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы кешенді жасанды интеллект туралы заңды қабылдады.

Бұл бағытты дамытуда қазіргі таңда ЖИ саласында көшбасшыға айналып келе жатқан шығыс көршімізбен ынтымақтастықтың маңызы ерекше екені анық.

«Сандық Жібек жолы» атанған бұл ынтымақтастық  инфрақұрылымға инвестиция салу және технологияларды беру арқылы жүзеге асырылады, бұл байланыстар егемендікті құрметтеу және Біріккен Ұлттар Ұйымының ортақ қағидаттарын негізге алу арқылы жүзеге асады.

Бір жағынан, Қытайдың қолданбалы сценарийлерде, өнеркәсіптік тізбектерде және технологиялық экожүйелерде жинақтаған тәжірибесі бар; екінші жағынан, Қазақстанның институционалдық құрылыста, цифрлық қаржыландыруда және есептеу инфрақұрылымында жедел дамуы бар. Екі тараптың да өзара толықтыратын артықшылықтары - Қытай мен Қазақстан арасындағы прагматикалық ынтымақтастықтың жаңа өсу нүктесіне - жасанды интеллект саласындағы жаңа сатыға, жаңа деңгейге  негіз болуда.

Қазақстанның 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп белгілегені белгілі.

16 шілде күні түстен кейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шанхайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Тоқаев Қытайға 2026 жылғы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына және жасанды интеллектті жаһандық басқару жөніндегі жоғары деңгейлі кездесуге қатысу үшін барды. Сол күні 29 елдің өкілдері Шанхайда «Дүниежүзілік жасанды интеллект ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге» (WAICO) қол қойды, бұл 29 ел ұйымның негізін қалаушы мүшелері атанса, ал Қазақстан негізін қалаушы толыққанды мүше ретінде қатысты.

Сондай-ақ, 16 шілдеде Тоқаев Қытайдың жоғары технологиялық компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел басында кездесу өткізді. Тоқаевтың Шанхайға жұмыс сапары кезінде Қытай мен Қазақстан жалпы сомасы 15 миллиард АҚШ долларынан асатын 70-тен астам коммерциялық келісімге қол қойды.

Бұл екі елдің Мемлекет басшыларының дипломатиясынан бастап көпжақты басқаруға, цифрлық инфрақұрылымнан бастап озық өндіріске дейінгі ынтымақтастығының жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын көрсеткіші.

Яғни Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық дәстүрлі инфрақұрылымдық байланыстан сандық инфрақұрылым, технологиялық инновациялар және басқару саласындағы ынтымақтастық сияқты жаңа сатыға жетті деген сөз.

Қытай сарапшылары жаңа әріптестікті - «ақылды серіктестік» деп дәл стпаттап отыр.

Биылғы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының «Ақылды серіктестер, ортақ болашақ» тақырыбы да соны нақтылайды.

Abai.kz

0 пікір