Онлайн орталық ашылды
4 тамыз күні Бесқарағай ауылындағы аудандық кітапханада Елордамыз Астананың 15 жылдық мерей тойы қарсаңында «Кәсіпкерлікті қолдау онлайн орталығы» ашылды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2020 жылға қарай «экономиканың 40% дейін шағын және орта бизнес есебінен өндірілуі тиіс» деген міндет қойды. Сонымен бірге, бизнестің индустриалдандыру көшіне ілесе алмай келе жатқанын атап өткен болатын. Осыған орай облыс бойынша «Кәсіпкерлікті қолдау онлайн орталығы» жобасы іске асуда. Жоба облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен, сондай-ақ компьютерлік және спутниктік құрал-жабдықтарымен қомақты үлес қосатын БҰҰ Даму Бағдарламасымен (ПРООН) бірлесіп жүзеге асырылып отыр. Жобаны жүзеге асырушылар құрамына А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана және облыс әкімі жанындағы жастар бастамасын қолдау орталығы кіреді.
Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқандар аудан әкімінің орынбасары Е.Е.Рахметуллин, аудандық мәслихат хатшысы Қ.Қ.Садықов, облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі В.М.Козинский, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Ж.Чегибаев, ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері
З.Т.Муканова О.Ф. Мальцева, С.К.Титова кәсіпкерлер, мекеме басшылары, жастар, бұқаралық ақпарат өкілдері.
Мерекелік шашумен, лента қию рәсімі құрметті қонақтар В.М. Козинскийге және и М.Ж.Чегибаевқа табыс етілді.

Құттықтау сөздермен кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Р.С. Набиев, кәсіпкер Р.А. Жуматаева, сонымен қатар тікелей эфирден облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапхана директорының орынбасары Б.Ж.Шагиева, аудандар бойынша «Онлайн орталығының» координаторы Р.С.Миязова, Мақаншы ауылынан К.К. Казембекова сөйледі.
Аудандық кітапхананың директоры Ж.Ж. Алпыспаева және аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы Б.У.Омаров барлық қатысқан қонақтарға алғыс білдіріп мерекелік дастарханға шақырды.