Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Арылу 2521 11 пікір 13 Қыркүйек, 2023 сағат 14:43

Ресей пропогандасынан қашан құтыламыз?

Таяуда өткен әлеуметтік-мәдени даму комитет отырысында еліміздегі ең өзекті мәселе Ресей арналарының телекеңістігімізді жаулап алуы төңірегінде өрбіді.

 

Депутат Мақсат Толықбай: «...Одан кейін тағы бір маңызды мәселе бар: Ресейлік телеарналардың қызметіне шектеу қою керек. Бізде қазір сол Ресейлік ақпарат кеңістігінде өмір сүретін біраз отандасымыз бар. Ресейдің пропагандасына тойып алған. Ұлтараздық мәселелері Қызылжар болсын, басқа жерлерде болсын туындап та жатыр. Қараңыздаршы менің үйімде теледидар тұр. Менен ешкім рұқсат сұраған жоқ. Үйіме кіріп алды...соны көрген балалар уланып жатыр...олар кіргені үшін бізге ақша төлесін. Біз соны сағалап, шектеу қоюымыз керек.

Рейтинг деген пәле бар. Телеарналардың рейтингісі қалай өлшенеді. Халық саны 100 мыңнан асқан ірі қалаларда 1 немесе 2 адамның үйіне қондырғы қояды сонымен өлшейміз. Рейтингіге қарасаң бүкіл қазақ «Пусть говорят» көретін сияқты. Халықтың жартысы 40 пйаыз қайда тұрады, ауылда тұрады. Бірақ ауылдықтар бізде есепке алынбайды. Ауылдың тұрғындары адам емес пе? Біздің қазақша бағдарламалардың ғұмыры қысқа болатын да сондықтан. Мысалы үшін «Домбыра» дейтін телеарна бар бізде. Байғұс иесі 4 камереасы бар, бүкіл өңірлерді аралап, дәстүрлі әншілерді, біздің күйшілерді түсіріп, Ютубтан беріп жатыр. Неге Алма TV-ға болсын, басқасына болсын неге қосылмайсың десем, айына 600 мың теңге төлеуім керек дейді... Бір жылға 7 млн. теңге керек. Екі жыл төлесе, шығыны 14 млн. болады. Содан кейін Алма TV тегін қосады дейді. Үлттық өнер, «Домбыра» сияқты телеарналарды неге қолдамаймыз. Мысалы «Қалаулым» қанша? 3 сағаттық эфиріне 2 млн. теңге кетіп жатыр. Сонда «Домбыра» сияқты арналарға бір жылдық бюджет бере алмаймыз ба? Мен сенбеймін, бүкіл қазақ «Пусть говорят», «Поле чудес» көреді дегенге.

Сондықтан министрлік ауылды да есепке алу керек. Оларға да өлшеуіш құралдарды енгізіп, білмеймін сауалнама жүргізесізде ме, ауылдағы әрбір үйді аралайсыздар ма? Өлшеуіш құрал қосыздар ма, бұл сіздердің проблемаларыңыз!», - деп мәселені төтесінен қойды.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов депутатың сауалына түсіністікпен қарап: «Ресейлік телеарналарды көрмеу түгілі, оларға ақша төлейміз. Яғни уды біз өзіміз сатып аламыз. Ең алдымен біз төлем мәселесін шешіп алуымыз керек. Сіз кәбілді операторға айына 5 мың ақша төлейсіз ғой. Сол бес мың ақшаның ішінен 3 мыңын олар Ресейге төлейді. Сондықтан біз бірінші осы мәселемен жұмыс істейміз. Яғни біз сыртқы арналарға ақша төлемеуден босатамыз. Біз шетелдік арналарға ақша төлесек, өз арналарымыз кәбілді операторға ақша төлейді. Құдай қаласа осы жолы бұл мәселе нақты шешімін табатын болады», - деп тұщымды жауап берді.

Енді бізге Мәдениет және ақпарат министрілігінң осы мәселені жыл соңына дейін қалай шешетіндігіне сырт көз бақылаушы болу ғана қалды.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053