Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
2915 0 пікір 14 Қыркүйек, 2023 сағат 15:26

Құмар ойынға салынғандар саны көбейді

Қазақстанда құмар ойындарға тәуелді адамдар саны шамамен 36 мыңға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

"Бірқатар шетелдік ғылыми зерттеулерге сәйкес, әлемде лудоманияның таралуы жер шарындағы ересек тұрғындардың шамамен 3%-ы деп бағаланады, шамамен 12,5%- ы үнемі ойнайды. Сонымен қатар лудоманияның клиникалық өлшемшарттары бар адамдардың тек 8%-ы өздерін құмар ойындарға тәуелді адамдар деп санайды. Қазақстанға математикалық моделдеу кезінде құмар ойындарға тәуелділікпен байланысты проблемаларды мойындайтын адамдардың саны шамамен 36 мың болды", – делінген хабарламада.

Министрлік тәуелділік профилактикасының ұлттық жүйесінің (химиялық және химиялық емес) жобасын дайындамақ, оның шеңберінде бірқатар іс-шаралар іске асырылмақ. Тәуелділігі бар адамдарға көмек көрсету стигмасын төмендету мақсатында олардың есеп саясатына өзгерістер енгізіледі.

Министр Ажар Ғинияттың айтуынша, қолданыстағы клиникалық хаттамалар, емдеу стандарттары, медициналық көмек көрсету сапасы жеке наркологиялық орталықтарда да қолданылуға тиіс.

Айта кетейік, бұдан бұрын Тоқаев Қазақстанда құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырған.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1132
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2662
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746