Өскемен: радиация мөлшері Чернобыль апатында болған залалдан үш есе көп
Өскеменнің студенттер қалашығындағы радиацияның мөлшері Чернобыль апатында болған залалдан үш есе көп. Мамандардың есебінше, радиацияның шегі 15-20 микрорентгеннен аспауы тиіс. Ал студенттер қалашығындағы радиоактивті дақтардан сағатына 300 микрорентген таралуда. Бір айта кететін дерек, Чернобыль апатының өзінде радиация мөлшері 100 микрорентгенді құраған.
Мұндағы дақтардың пайда болуы 1950-1960 жылдары жұмыс істеген қалайы зауыты қалдықтарының көмілуімен байланысты екен. Ол қалдықтар бар-жоғы бір метр тереңдікте көміліпті. Экологтар радиациялық сәуленің кесірінен адамдар онкологиялық ауруларға шалдығуы ықтимал екенін айтады.
Адамдардың денсаулығына аса қауіпті дақтарды жоюға шамамен 1 млрд. теңге қаражат керек. Әзірге республикалық бюджеттен мұнша қаржыны бөлдіру мүмкін болмай тұр.
Abai.kz