Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3710 0 пікір 22 Шілде, 2013 сағат 09:50

Министр мырза, өтінішімізге құлақ ассаңыз!

Құрметті  Бақытжан  Тұрсынұлы!

Біздің  Сізге  өтініш жазу  себебіміз: бірден  әңгіменің  төркіне көшсек, Ақмола  облысының  білім басқармасын  ұзақ  жылдар  басқарған  Марат  Өмірбайұлы  Ибраев мырза кенеттен қызметінен  босатылды.  Оның өз еркімен  жұмыстан кету туралы  арыз жазғаны  үш ұйықтасақ  түсімізге  кірмейді. Мәселенің ақ-қарасын анықтау  үшін  Сізге өтініш жасап  отырмыз.

Білім-ғылым  саласында  ұзақ  жылдар  абыройлы  қызмет атқарған, халықтың  қалаулысы, елдің  елеулісі, ұлттың  ұстыны, ар-ұяты  бола білген  басшымыздың  аяқ асты  жұмыстан  кетуі біз үшін үлкен сұрақ  болып қалды. Педагогикалық  тәжірибесі мол, баламен де, педагогпен де  емін-еркін қарым-қатынас жасай  алатын, облыстың  білім-ғылым саласы  бойынша  өткізілген  барлық  іс-шараларының  бел ортасында  жүретін, басшымын  деп  тәкаппарланып, даңғойсымайтын, ақ ниетті, адал, әділ  шенеуіктің  қызметінен  босағаны  көкейімізге  күдік тудырды.

Біздің Марат  Өмірбайұлына  еш туыстық қатынасымыз жоқ. Тек  бұрынғы  басшымызға  деген  шынайы  лебізімізді  білдіріп отырмыз.

Өзіңіз  білесіз, Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  мемлекеттік  тіл өркендеп  келеді. Мемлекеттік  тілдің  өркендеуіне  бір кісідей  үлкен  үлес қосқан патриот жанның  бірі осы адам.  Ақмола  облысы  мемлекеттік  тіл  жағынан  ақсап тұрғаны белгілі. Білім-ғылым саласының  өркендеуіне, мемлекеттік  тілдің  қанат жайып, тұғырлануына , балалардың  жарқын  болашақта  жайбырақат  өмір  сүруіне  тер  төгіп еңбек  еткен  тұлғаның  адамгершілігі  мен  парасаттылығы, ақ жарқындылығы, әрбір жасаған  ісінен  көрініп- ақ тұрады. Осындай  елім, жерім деп халықтың  арбасына  шегіліп, қамықпай, қайыспай ағынға қарсы жүзген  жанның  бар  жасаған  жақсылығы  мен  ұшан теңіз  еңбегін  жоққа шығаруға  дәтің  шыдамайды.

Қасиетті  Рамазан  айында  облысымыздың № 1 педагогы  жұмыстан  босатылғаны  жанымызға  батады. Елге  қызмет етіп,  өзінің  жеке басының қамын емес, халықтың  мүддесі үшін  қызмет  атқарған, бас сауғалап, жалтақтамай, турашыл, әділ бола  білген  Марат  Өмірбайұлындай  тұлғалар  елімізде  саусақпен  санарлық!  Тағы  да  бір  әділ  адамды  солақай  саясат па, әлде  біз  түсінбейтін  белгісіз  көп  әрі  сансыз  кедергілер әсер етті ме екен?!

Мемлекеттік  тілі  енді- енді  өркендеп, қаз -қаз  қадам басып келе жатқан  Арайлы  Арқа өңірінің  білім  көкжиегіндегі  өзіндік  орны  бар  ұлағатты  ұстазды  енді  білім  басқармасынан, олимпиадалар  мен конференциялардан  көре алмайтындығымыз  қиын- ақ.

Біздің өтінішімізге  құлақ  асып, осы істі біржақты  шешетініңізге сенеміз.  Бұрынғы  басшымызды  білім  басқармасынан  қайта  көріп, білім  күні  қарсаңында  қауышысып  жатсақ,  қуанышты  болар  ек.

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі,өлкетану және экология орталығы»,  «Звездный»  БСО  Ақмола, Қостанай  облыстарының  педагогикалық  ұжымы, тәрбиеленушілер  және  қызметкерлер

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3589