Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3766 0 пікір 7 Қыркүйек, 2009 сағат 06:18

Бек Датұлы. Үрімжі үркіп тұр

Үрімжіде жағдай ушығып барады. Шілденің 5-жұлдызындағы 140 адамның өмірін қиған қақтығысқа қатысты сот ісі жаңа жанжалдарға бастамашы болғандай. Үрімжіден жеткен ресми мәліметке сүйенсек, ұйғыр сепаратистері бауыр рагі ауруының вирусы жұқтырылған инелерді террорлық қаруға айналдырған. Олардың құрбандары 400 адамға дейін жеткен дейді Үрімжідегі бейресми ақпарат көздері. Осындағы этникалық қазақтардың айтуынша, ұлты қазақ бес адамға да аталған вирус жұқтырылған. Қаскөйлер ойларын іске асыру үшін бала-шаға мен әйелдерді, қарияларды да аямады деседі. Бұған ашуланған қытайлар жергілікті билікті шара қолдануға шақырып митингке шыққан. Төтенше оқиғаға байланысты Үрімжіні тағы әскер басыпты. Бейжіңнен жеткен жоғары шенді мемлекет қызметкері ұйғырлар ең көп шоғырланған екі ауданда кездесу өткізіп, халықты сабырға шақырған. Ол дүрбелең тудырушылардың аяусыз жазаланатынын ескертіпті. Соңғы бірнеше күн бойы Үрімжі көшелерін қытай әскерлері күзетуде. Көшеде ұйғыр ұлтының өкілдері некен-саяқ кездеседі. Тек ұйғырлар ғана емес, жалпы халық көшеге шығудан қорқады. Үрейлі вирустың елесі қала көшелерін кезіп кеткен. Мектептер жабылып, бейсуат жүрген жан бақылауға алынған. Шекара да жабық. Сыртпен байланыс бір жақты ғана. Интернет істемейді, телефондар сыртқы әлемге қатынамайды. Тек сырттан (шет елдерден) барған қоңыраулар әзірге қабылданып тұр.

Үрімжіде жағдай ушығып барады. Шілденің 5-жұлдызындағы 140 адамның өмірін қиған қақтығысқа қатысты сот ісі жаңа жанжалдарға бастамашы болғандай. Үрімжіден жеткен ресми мәліметке сүйенсек, ұйғыр сепаратистері бауыр рагі ауруының вирусы жұқтырылған инелерді террорлық қаруға айналдырған. Олардың құрбандары 400 адамға дейін жеткен дейді Үрімжідегі бейресми ақпарат көздері. Осындағы этникалық қазақтардың айтуынша, ұлты қазақ бес адамға да аталған вирус жұқтырылған. Қаскөйлер ойларын іске асыру үшін бала-шаға мен әйелдерді, қарияларды да аямады деседі. Бұған ашуланған қытайлар жергілікті билікті шара қолдануға шақырып митингке шыққан. Төтенше оқиғаға байланысты Үрімжіні тағы әскер басыпты. Бейжіңнен жеткен жоғары шенді мемлекет қызметкері ұйғырлар ең көп шоғырланған екі ауданда кездесу өткізіп, халықты сабырға шақырған. Ол дүрбелең тудырушылардың аяусыз жазаланатынын ескертіпті. Соңғы бірнеше күн бойы Үрімжі көшелерін қытай әскерлері күзетуде. Көшеде ұйғыр ұлтының өкілдері некен-саяқ кездеседі. Тек ұйғырлар ғана емес, жалпы халық көшеге шығудан қорқады. Үрейлі вирустың елесі қала көшелерін кезіп кеткен. Мектептер жабылып, бейсуат жүрген жан бақылауға алынған. Шекара да жабық. Сыртпен байланыс бір жақты ғана. Интернет істемейді, телефондар сыртқы әлемге қатынамайды. Тек сырттан (шет елдерден) барған қоңыраулар әзірге қабылданып тұр. Біз телефон арқылы хабарласқан Үрімжідегі қазақтар осылай дейді. Қытайдағы біздің елшілік те, Қазақстандағы Қытай елшісі де, өзге де ресми орындар аталған оқиғаға қатысты ресми мәлімет таратқан жоқ.

 

Шекараның жабылауына байланысты қытайдан Қазақстанға тауар тасымалы да тоқтатылды. Осыны пайдаланған Алматы базарларындағы саудагерлер мектепке қажетті кейбір құрал-жабдықтарға тағы да үстеме баға қосып жіберген көрінеді. Егер тауар айналымы тез қалпына келмесе, сауда орындарындағы өзге тауарлардың да бағасы көтеріледі. Билік орындары мұны мұқият қадағалап, баға тұрақтылығын қамтамасыз етуі қажет.

 

Қарым-қатынасқа уақытша тиым салынуға байланысты Алматының кейбір қонақ үйлері мен мейрамханалары өздерінің қымбат тапсырыстарын күтіп қалған көрінеді. Ол «қымбат тапсырыс» - кальянмен шегетін темекіні хош иістендіргіш таблеткалар екен. Оны жеткізетін түрік жігіті танымал бизнесмен көрінеді. Шекараның жабылуына байланысты ол қазір тауарды өзге бағыттармен әкелуді ұйымдастырып жатыр екен. Осы мәліметті берген ақпарат көзінің айтуынша, аталған таблеткалардың құрамының 30 пайыздан астамы есірткі болса керек. Сондықтан да сауық орындарында сұранысқа ие көрінеді. Ал оны шекарадан өзге тауарлардың тасасында алып өтеді екен. Бейтаныс біреуден естіген бұл ақпаратты әншейін құқық қорғаушылардың құлағына алтын сырға деп айтып отырғанымызды біліңіз. Ақиқаттығына кепіл емеспіз, бірақ сауық орындарында кальян қымбат қызмет түрлерінің бірі екенін айта аламыз. Сол сауық  орындарында есірткінің еркін таратылатыны да жасырын емес.

Қысқасы, тап іргеміздегі елдің ішкі ахуалы тым күрделеніп тұр. Әсіресе, бауыр рагын тарататын вирустың таралуы қауіп ойлатады. Ондай пәлекеттің біздің елге де жетуі тез болуы мүмкін. Абай болайық.

 

«Абай-информ».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341