Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Ақмылтық 2499 3 пікір 21 Қыркүйек, 2023 сағат 13:11

Қазақ бизнесі Ресейден қашан құтылады?

Қазақ сауда сақал сыйпағанша дегенді тегін айтпаған. Бірақ нарықтық экономика кіммен сауда жасау керектігін, қалай жасау керектігін басты орынға қояды, деп жазады Mezgil.kz порталы

Қазақтар темекі өндіру және арақ шығарудан Ресейді артқа тастап, бәсекеге қабілетті өніммен осы елдің бұл саладағы өнімінің аяқ-қолын байлап тастаған сәтте, Назарбаев билігі ұлттық бизнестің мүддесін сатып кетіп, кәсіпкерлерімізді толағай табыстан айырған болатын.

Осылайша ЕАЭО аясында қазақ бизнесі Ресейдің көлеңкесінде қала берді. Бірақ, билік қашанда «Ресейдің cауда саясаты тұрғысынан ел серіктесіміз» екенін үнемі мақтанышпен есімізге салып отырады.

Осы жолы да салды.  Министрлер кабинеті сейсенбі күнгі хабарламасында Ресейді  қазақстандық өндірушілердің бас импорттаушысы болып қала беретіні айтып: «Қазақстандық өндірушілер дайын өнімінің айналымы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 39,4 млрд болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға жоғары. Олардың үштен бірі Қазақстаннан шикізаттық емес тауарларды экспортқа тасымалдаудан тұрады. 12,1 млрд доллар сомасына экспорттық жеткізілімдердің ең көп көлемі Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға, Түркияға, алыс шет елдерден — Нидерландыға, Ұлыбританияға, Жапонияға жөнелтіледі», - деп мәлімдеді.

Енді хабарламаның мына бір жерін тарқата айтар болсақ: «Отандық тауар өндірушілердің сыртқы нарыққа шығуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан сауда және интеграция министрлігі экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетіп отыр. Бұл - сауда миссияларын ұйымдастыру, халықаралық көрмелер мен бизнес-форумдарға жөнелту, оқыту жобалары мен бағдарламаларына қатыстыру сынды бағдарлар. Осылайша, акселерация бағдарламасы қазақстандық компанияларға жаңа нарықты игеруге көмектеседі. Биыл бағдарламаға қатысу үшін тамақ, химия, тоқыма және қызмет көрсету салаларын экспорттайтын 111 кәсіпорын таңдалды. Экспорттаушы компанияларға қолдау көрсету үшін сауда-экономикалық жобалар ұйымдастырады», - деп нақтылады.

Ресейді сыртқы саудада басқа елмен алмастыру процесі жүріп жатыр, бірақ, ол біз ойлағандай емес, өте баяу.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048