Бейсенбі, 1 Қазан 2026
2492 2 пікір 21 Қыркүйек, 2023 сағат 14:15

Назарбаев университеті мен мектептеріне қоғамдық бақылау енгізілді

Бүгін Сенат «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заңға университетте, зияткерлік мектептерде қоғамдық бақылау «Қоғамдық бақылау туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылатыны туралы норма енгізді. 

Заңның мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бақылау арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету.

«Аталған заңдар мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың ашықтық дәрежесін кеңейтіп, азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Біріншіден, заңда қоғамдық бақылау ұғымы, қоғамдық бақылаудың мақсаты мен басты қағидаттары айқындалады. Екіншіден, қоғамдық бақылауды іске асыратын қоғамдық бақылау субъектілері және қоғамдық бақылау объектілері айқындалады және олардың құқықтары мен міндеттері нақтыланады. Мәселен, қоғамдық бақылау субъектілері қоғамдық бақылау топтарын құруға, сарапшыларды тартуға, сондай-ақ, ақпарат сұратуға, қоғамдық бақылау объектілерінің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдануға және басқа да қадамдарға құқылы болады», - деді сенатор Руслан Рүстемов.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 282
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 306
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 388