Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
2312 1 пікір 21 Қыркүйек, 2023 сағат 16:31

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2022 жылғы 14 наурызда Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, 2023 жылғы 4 қаңтарда Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Министр қызметінен 1 қыркүйекте босатылды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 742