Азия ойындары: Қазақстан үшінші медалін алды
Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Никита Чирюкин оқ атудан 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен сайыс финалында қола жүлдеге қол жеткізді. Ал алтын медальді қытайлық Ли Юхонг еншіледі.
Бұл Азиадада ел қоржынына түскен үшінші медаль болып тұр. Кеше дзюдошыларымыз Әбиба Абужақынова күміс, Мағжан Шәмшәдин қола жүлде еншілеген.
Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.
Фото: ашық дереккөзден
Abai.kz