Жексенбі, 24 Қараша 2024
1357 0 пікір 26 Қыркүйек, 2023 сағат 13:48

Қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылды

Үкімет «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру мәселелері туралы» 2023 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысын қабылдады, деп хабарлады Zakon.kz.

Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылсын, – делінген құжатта.

Осы құжатқа сәйкес, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының заңында және басқа да заңдарда белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу серіктестік қызметінің негізгі нысаналары болып айқындалды.

Серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқығы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беріледі.

Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

серіктестік жарғысын бекітуді;

мемлекеттік тіркеу үшін серіктестік атынан құжаттарға қол қоюға, серіктестік органдары құрылғанға дейін қаржылық-шаруашылық қызметті іске асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген тұлғаны сайлауды;

серіктестікті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді, – делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552