Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7061 0 пікір 26 Шілде, 2013 сағат 21:03

Қарасай ұрпақтарынан ашық хат

ҚР Парламенті Мәжілісінің

Депутаты С.Ә.Үмбетовке

 

 

Құрметті Серік Әбікенұлы! Отырған орынтағыңның бұрынғы қызметтеріңе қарағанда елге жақындау, халықтың қалаулысы болған соң өткеннен қалған «игі» жұмыстарыңа қысқаша шолу жасап бүгінгіңе береке тілеп ойымызда жүрген кейбір жайттарды ортаға салсақ деген пиғылмен осы ашық хатты баспасөз бетінде жария етуді жөн көрдік.

ҚР Парламенті Мәжілісінің

Депутаты С.Ә.Үмбетовке

 

 

Құрметті Серік Әбікенұлы! Отырған орынтағыңның бұрынғы қызметтеріңе қарағанда елге жақындау, халықтың қалаулысы болған соң өткеннен қалған «игі» жұмыстарыңа қысқаша шолу жасап бүгінгіңе береке тілеп ойымызда жүрген кейбір жайттарды ортаға салсақ деген пиғылмен осы ашық хатты баспасөз бетінде жария етуді жөн көрдік.

            Есіңде болар, 1999 жыл. Жамбыл обылысының тұрғындары табан асты дүрлігіп облысқа шапыраштыдан шыққан атпал азамат Серік Үмбетов басшылыққа келеді екен, химия зауытының түтініне тұншығып, ауылшаруашылығы тұралап, экономикасы жүдеп тұрған облыстың бағы жанып, тасы тауға домалайды екен деген тәтті қиялға бой алдырған еді. Өкініштісі сол 5 жыл облыс басқарған мезгіл аралығында елдің есінде қалардай игілікті іс істемедің, керісінше рулас ағайындарыңның арасында бітпес реніш, ұсақ-түйек интрига қалдырдың. Ол әлі жалғасын тауып келеді. Шындығына келсек, сол кездері елден ерекше қуанышқа бөленген осы облыста тұрып жатқан шапырашты руынан шыққан азаматтар болды. Елден шыққан пысықтар ерекше белсенділік танытып аталы-балалы қос баһадүр Қарасай мен Көшек батыр атына қор құрып, оның бірі осы облыстың Талас ауданында шейт болып жерленген екен дегендей уәж келтіріп, ойдан тарих құрастырып, көршілес жатқан ағайындардың  қонысы болған шұрайлы жер «Есей сазы» аталған алқаптағы төбе басындағы ескі қорымды Көшек батырдың жерленген жері деп белгілеп басына күмбез орнатты. Ол жағын өзің жақсы білесің.Бүгінде бұл жер бір пысық руластарыңның жеке фазендасына айналған. Кезінде сол бабаңның басына барып оның аруағын үркітіп, саяттық жасап талай аң-құсын атқансың. Есі бар, көрген білгені, көңілге тоқығаны бар есті азамат әулие жатқан қорымның басында оқ атып аруақты мазаламайтынын ескерген жоқсың. Естуімізше, әлі де сонау Астанадан келіп-кетіп, мылтық атып, аңшылық жасап жүрген көрінесің. Сол қылығыңа қарағанда ол жерде бабаңның сүйегі жатпағанын іштей сезетін сияқтысың. Хош, сонымен сол екі бірдей ашылған қорға ағайынды Әмзеевтер иелік еткені есіңде болар. Көшек батыр туралы ойдан құрастырылған тарихты баба рухына жасалған қиянат деп білген бір топ ағайындар сол 1999 жылы «Дат» газетінің бір санында «Қарасай батырдың аруағы Әмзеевтерді кешірмейді» деген айдармен мақала жариялаған болатын. Артынша көп ұзамай ақкөңіл, көпшілік болашағынан үміт күткен арыстай бауырымыз екінші Әмзеевтен айырылып қалдық. Аллаға да жақсы адам керек деген түсінік бар қазақта, алдымызда күліп-ойнап жүгіріп жүрген азамат көп ауырмай көз жұмды. Сонымен, Көшек батырды жарыққа шығарған еңбегін елеп сол 1999 жылы Әлібек Әмзеевті Облыстық мәдениет басқармасының бастығы қызметіне тағайындадың. Өзің облыста басшы болып тұрғанда кадр таңдау саясатын қаншалықты тиімді жүргізгеніңе ел өз бағасын бере жатар. Енді сол жұмыссыз бос жүрген Ә.Әмзеевті кенеттен осындай жоғары лауазымға тағайындауыңа байланысты, оның кім, қандай деңгейдегі мемлекеттік қызметкер болғандығы жөнінде баспасөз бетінде жария етілген мақалалардан үзінді келтірейік:

-  В апреле 1999 года с легкой руки акима Серика Умбетова вновь назначен начальником управления культуры. Как вспоминают сведущие чиновники, его кандидатура на эту должность рассматривалась несколько месяцев ранее, когда ещё акимом был  С.Калмурзаев. Тогда этому воспротивились некоторые работники акимата не понаслышке знакомые с его деятельностью. Они открыто заявили что А.Амзеев в бытность начальником управления не раз допускал финансовые вольности из-за которых и был вынужден освободить  руководящее кресло. Акиму были предоставлены соответствующие спарвки и документы, и на его дальнейшей карьере был вроде поставлен жирный крест. Правда, вскоре сменившему Сарыбай Султановича Серику Абикеновичу сказать обо всём этом никто не решился, и Амзеев опять возвращается в вожделенное кресло начальника управления культуры.

Ары қарай осы қызметте жүріп Ә.Әмзеевтің мемлекет қаражатың талан-таражға салған былықтарын толығымен айта келіп, оның жеке басына тоқталып моральдық азғындықтарын былай деп көрсетеді:

-  С другой стороны А.Амзеева старающегося создать все условия семье и детям, понять можно. Стараясь, видимо загладить какую-то семейную драму, он сегодня покупает им и машины, и квартиры, и дома. Хотя не оформил ни одной ипотеки, ни одного кредита. Опять-таки люди говорят что два года назад, на юбилее отца, его дети даже не присутствовали, как и жена. Впрочем всё это не мешает Амзееву вести весьма разгульный образ жизни,несовместимый с его возростом и чином. Ведь скольких молодых девушек и женщин, работающих в театре и управлении он склонял к совместному времяпрепровождению. А одну 30-летнюю актрису драмтеатра А.., отвергнувшую его домогательства, он преследует до сих пор. И не доходят до него, что это не по-мужски.

-  За долгие годы пребывания на посту начальника упарвления А.Амзеев со своими соратниками создал целую коррумпированную сеть. Его мало интересовали проблемы области в сфере культуры. Для него должность стала лишь источником обогощения, при этом он постоянно толкал работников на финансовые нарушения.

Осылайша газеттің төрт бетіне жарияланған мақалалар былайша аяқталады:

-  Вот такие дела, несовместимые с нынешней моралью и принципами, политикой Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева, призывающего искоренить гидру коррупции во всех её проявлениях, творятся в управлении культуры акимата Жамбылской области. Люди здесь уже устали ждать справедливости…

(газета «Тараз-Times» №29 от 23.07.2009 год, №3 от 03.02.2011год)

Міне, сенің таңдаған кадрыңның, қолына майлы жілік ұстатқан азаматыңның сиқы. Осындай арам пиғылды арсыздарды қолдап ел арасында рушылдық, сыбайлас жемқорлықты өршітіп, ағайын арасына іріткі салып, алауыздыққа жол беріп отырсың. Сенің осындай құйтұрқы саясатыңның салдарынан Жамбыл облысында тұратын ат төбеліндей азғантай шапырашты Үмбетовтың астауынан жем жеген «құрметтілер», астаудан аластатылған шерменділер және жәй қара жаяу шаруаға бөлініп өзара алакөз болып өмір сүріп жатыр.

Ел арасына сызат түсірмей ауызбірлікпен тату тәтті бірге қатар бейбіт өмір сүрейік деген Президенттің саясатын сен және жаныңдағы Ә.Әмзеев сияқты нөкерлерің бүгінгі күні жоққа шығарып отыр. Әр істі Елбасының тапсырысымен деп бастап аяғын құрдымға кетіретін атқамінерлер сияқты Ә.Әмзеев соңғы кездерде әр сөзін Үмбетовтың айтуы бойынша, деп бастайтын жағдайға жетті.

Жақында Алматыдан шапыраштылардан өзің  жасақтап жіберген бір топ нөкерлеріңнің облысқа не мақсатпен келгені жалпыға белгісіз күйде қалып қойды. Өзің мұрындық болып Көшек батыр ауылында Көшек батырға арналған қазақша күрестен өткізілген жарыстың аяғы ағайынның өз ара өкпелесуімен аяқталды. Жарыс өткізуге басшы етіп өзің тағайындаған нөкерің Ә.Әмзеев сол Көшек батыр ауылынан шыққан «Қазақстан барысы» атағының иегері бауырымызды жарыс өткізуге ақша бермеді деп өзіңе телефон шалып қаралады. Ә.Әмзеев тарапынан мұндай қаралаулар өзің облыс әкімі болып тұрғанда да жиі кездесіп тұрды. Оның сөзін қолдап кезінде көптеген азаматтарға қиянат жасап олардың қызметінің өсуіне тосқауыл қойдың. Соның бірнешеуін мысалға келтіріп кетейік. Өзің облыс әкімі қызметінде болған жылдары Меркі ауданына әкім сайламақшы болған Досымхан Аралбеков деген азаматтың кандидатурасын Әмзеевтің айтуымен кері қайтарыпсың, елге белгілі өнерлі бір жігітті Байзақ ауданына басшы қызметке тағайындауға қарсы болыпсың, өзіңнің рулас бір ағайының тағы сол Әмзеевтің жамандауымен өзіңе өкпелеп кезінде оппозиция қатарына өтіп кеткен көрінеді, оны осы уақытқа дейін халық жауындай көретін сияқтысың. Кейіннен екіжүзділік танытып бір ағайындармен бас қосуда, елде қолынан іс келетің азаматтар бар деп маған Әмзеев айтқан емес, ол оңбаған адам деп ақталғандай сыңай танытыпсың.

Бүгінде Таразда күлтөбеде күнде жиын. Аталарыңа арнап кітап жаздым деп аңқау ағайындарды әуре сарсаңға салып дастархан ұйымдастырып алақан жайып елден жылу жинау Әмзеевтің әдетіне айналды. Енді Әмзеевтің «жазушылық дарынына» тоқталсақ, ол туралы жоғарыда көрсетілген газет бетіндегі мақалада былай дейді:

- Считая себя маститым драматургом, Амзеев ставит и свои пьесы в облдрамтеатре, но во что они обходятся бюджету?, Так , на его спектакль «Қор болған Қодар-ай» было затрачено почти 500 000 тенге. При этом пьеса демонстрировалась лишь один рас, на ней присутствовали всего 150 зрителей, доход составил…7,5 тыс. тенге. Осылайша драматургия шыңының биігіне көтеріле алмаған Әмзеев енді сол өзінің баяғы ермек еткен сүйікті тақырыбы Қодарға қайта айналып соғып, кітап жазған болыпты.

 

            Құрметті Серік мырза!

Есіңе сала кетейік біз қазір ел басқарып отырған атқамінерлердің бойынан иман кетіп, халық пен мемлекеттің байлығын талан-таражға түсірген, жемқорлық сыбайластық жайлаған, ел арасы бай, кедейге бөлінген, рушылдық жаппай орын алған қатал да қатігез қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Соған қарамастан әлі де болса қаймағы бұзылмай, бейбіт өмір сүріп жатқан халықты алатайдай бүлдіріп дүрліктірудің ешқандай қажеті жоқ. Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін депті ертеректе қазақтың бір данышпаны. Сен Алматыдан оқтын-оқтын шапыраштылардан топ жасақтап оған облыстағы нөкерлеріңді қосақтап ел арасына жіберіп үгіт жұмысын жүргізетіңдей ел арасы әзірге бүлінген жоқ-тыныштық.

Шапырашты руы қандай да бір болмасын үгіт насихатпен мәртебесін көтеретін ру емес. Шапыраштыдан кезінде ел қорғаған батырлар, кедей-кепшіктің, езілген қара халықтың мұң-мұқтажын жырлаған ақындар шыққан, қазақтың басқа руларымен терезесін тең санап ешкімге басымдылық көрсетпеген ежелден келе жатқан киелі ру. Оны жеке бастың мүддесіне пайдалануға ешкімнің құқығы жоқ. Турасына келсек біздің саған айтарымыз «Аяз би, әліңді, құмырсқа, жолыңды біл» деген қағиданы естен шығарма, астыңдағы орынтағыңды құрметтеп оның қадірін біліп халыққа, мемлекетке адал қызмет ет. Жан-жағыңа қара, Қазақстан деп аталатын мемлекетте сендерден басқа да ел-жұрт бар екендігін ұмытпа.

 

Қарасай батырдың бір топ ұрпақтары

Тараз қаласы.

 

Редакциядан: Қарасай батырдың бір топ ұрпақтары жолдаған ашық хатқа қатысты Жамбыл облысы мәдениет басқарамасының бастығы Әлібек Әмзеев  немесе Мәжіліс депутаты Серік Үмбетов мырза қандайда бір жауап беруді жөн деп тапса, жариялауға әзірміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036