Жексенбі, 24 Қараша 2024
1546 5 пікір 26 Қыркүйек, 2023 сағат 15:56

Жанболат Мамайға кітап жазуға тыйым салынды

Бұл туралы оның жұбайы, журналист Инга Иманбай мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, кеше Бостандық аудандық соты Жанболат Мамайдың «қоғамдық саяси және публицистикалық қызметке тыйым салу бойынша» түсіндірме беруді сұрайтын өтініш хаты негізінде отырыс өткізген.

“Жанболат мынадай сұрақтарды қойды: оған жабық ғимаратта тренинг өткізуге рұқсат етіле ме; оқыған кітаптары бойынша онлайн эфирлер жүргізе ала ма; елдің қатардағы азаматы ретінде ақпарат құралдарына сұхбат бере ала ма; құқық қорғау қызметімен айналысып, соттарға мониторинг жасап, түрлі жиындарға қатыса ала ма; әлеуметтік желіге саяси емес тақырыптармен шығып, эфир жүргізе ала ма; кітап жазып, оны шығарып, көпшілікке таныстыра ала ма. Сот Елена Кван барлық сұрақтарды қарастырған соң оған нақты жауап берді: жоғарыда аталған іс әрекеттерді жүргізуге Жанболатқа тыйым салынған. Жанболаттың «кітап жазуға және оны шығаруға неге тыйым саласыз?» деген сұрағына сот «мұны да қоғамдық саяси іс әрекет деп санаймын» деді. Сот отырысының соңында ол Жанболатқа жазасын тәртіп бұзушылықсыз өтеуге, олай болмаған жағдайда түрмеге қамалатынын жеткізді”, – деп жазды Инга Иманбай.

Бір сөзбен айтқанда, 2029 жылға дейін Жанболат Мамайға қоғамдық кеңістікте қандай да іспен шұғылдануға толық тыйым салынды.

Еске салайық, сот Жанболат Мамайды 6 жылға шартты түрде соттады. Оған қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынды. Жанболат Мамайға «Қасақана жалған ақпарат тарату» (274-бап), «Билік өкілін қорлау» (378-бап) және «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» (272-бап) бойынша айыптар тағылған еді. Алғашқы екі айыптау 2021 жылғы оқиғаларға, ал үшіншісі 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға қатысты.

Маусымда апелляциялық сот тіркелмеген Демпартия көшбасшысына шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырған болатын.

Мамай ісін зерделеген БҰҰ жұмыс тобы Қазақстан үкіметіне үндеу жолдап, белсендінің негізсіз сотталғанын мәлімдеген.

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555