Сенбі, 12 Қазан 2024
1343 2 пікір 28 Қыркүйек, 2023 сағат 13:45

Мұхамедиұлы тағы да сот залына келді

Арыстан Мұхамедиұлына рейдерлік жолмен «Дипломат» қонақ үйін тартып алды деген айып тағылып, тағы да сот өтіп жатыр.

Айыптау деректеріне сәйкес, 2019 жылы «Дипломат» қонақүйіне иелік етіп отырған К. есімді кәсіпкер А.Мұхамедиұлынан көмек сұраған. Мұхамедиұлы болса ол кәсіпкерге 2,5 млрд теңге беруге келісіп, оның орнына жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 71 пайыз капиталын қайын енесінің атына рәсімдеуді сұраған. Тергеу тарапы экс-министр сол кезде қонақүйді өз билігіне алуды жоспарлаған деген пайымда.

Мәміле жасалғаннан кейін бірнеше уақыт өтіп, А.Мұхамедиұлы К. есімді кәсіпкерден капиталдың қалған 29 пайызын беруін талап еткен. Тиісінше ол бас тартқан. Содан кейін айыпталушы «Дипломат» қызметкерлеріне өзін осы кешен иелерінің бірі ретінде көрсетіп, олардан ЖШС директорын қонақүйге кіргізбеуін тапсырған. Деректерге сай, артынша А.Мұхамедиұлы серіктестік қатысушыларының жиналысын ұйымдастырып, хаттаманы қолдан жасап, ЖШС басшысы атанады.

Сотта Арыстанбек Мұхамедиұлы тағылған айыппен келіспеді.

Еске салайық, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда қамауға алынған еді.

Биылғы 20 маусымда сот үкімімен А.Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар оның сыбайластары да сотталды.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

2 пікір