Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3743 0 пікір 2 Тамыз, 2013 сағат 06:46

Парижде өткен құрылтай: «Айқын» газетіне ашық хат

 Еуропа қазақ жастары конференциялары – Еуропадағы қазақ қоғамдарының еңбегі

 

Еуропадағы бауырларымыздың қазақ газеттеріне арнап жазып жатқан ашық хаттарының тағы бір парасын жариялап отырмыз. Бұл хатта да алыстағы ағайын Талғат Мамашевтің (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары) сөзін жоққа шығарып, нақты, дәлелді уәж айтады.

Abai.kz

 Еуропа қазақ жастары конференциялары – Еуропадағы қазақ қоғамдарының еңбегі

 

Еуропадағы бауырларымыздың қазақ газеттеріне арнап жазып жатқан ашық хаттарының тағы бір парасын жариялап отырмыз. Бұл хатта да алыстағы ағайын Талғат Мамашевтің (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары) сөзін жоққа шығарып, нақты, дәлелді уәж айтады.

Abai.kz

  «Айқын» газетінің 16.07.2013 күнгі санында журналист Құтмағамбет Қонысбайдың «Сырттағы қандастарға көзқарасты мемлекеттік деңгейде өзгертетін уақыт жетті» деген тақырып астында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевпен өткізген сұхбаты жарияланды. Онда Мамашевтің: «... біз соңғы жылдары Еуропада екі рет жастар конгресін ұйымдастырдық. Бұл шаралар конференция, дөңгелек үстел түрінде өтті. Мамыр айында Парижде Еуропа қазақтарының кіші құрылтайын өткіздік» деген сөзі бар. Бірақ Мамашев айтты деген бұл сөз дұрыс емес, бекер сөз. Ешқандай негізі жоқ, бос сөз. Өйткені Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы еш уақытта Еуропада жастарға арнап, конгрес те, конференция да ұйымдастырған емес. Бұл әншейін «дайын асқа тік қасық». Еуропада соңғы жылдары Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы (FEKA) мен оның құрамындағы Еуропа қазақ қоғамдары тарапынан ұйымдастырылып келе жатқан, тіпті дәстүрге де айналған Еуропа қазақ диаспорасы жастар конференцияларына жоқ жерден иемдене қалып, ұпайын өзіне аудару айла-шарғысы ғана. Өйткені бұл конференциялардың біріншісі 2009 жылдың сәуір айында Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы мен Мюнхен қазақ мәдениет қоғамы тарапынан Алманияның Мюнхен қаласында, екіншісі, 2009 жылдың желтоқсан айында «FEKA» мен Швеция қазақ мәдениет қоғамы тарапынан Швецияның Весторос қаласында, үшіншісі, 2011 жылдың желтоқсан айында «FEKA» мен Франция қазақ мәдениет қоғамы тарапынан Франциясының астанасы Парижде, төртіншісі, 2012 жылдың желтоқсан айында «FEKA» мен Kелн қазақ мәдниет орталығы тарапынан Kелн қаласында бірге ұйымдастырлып өткізілген. Бұл конференциялардың бесіншісі биылғы желтоқсан айында тағы «FEKA» мен Ұлыбритания қазақ қоғамы тарапынан Ұлыбританияның астанасы Лондонда бірге өткізілмек болып жоспарланып отыр. Бұл конференциялардың ішінде 2011 жылы Парижде өткен Еуропа қазақ диаспорасы жастар конференциясына ғана (астын сызып отырып айтамыз) Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының өкілі біздің шақыруымыз бойынша қонақ, тыңдаушы ретінде қатысқан. Қауымдастықтың Еуропадағы қазақ диаспорасы жастар конференцияларына ешқандай қатысы жоқ. Ал бұл конференцияларды ұйымдастыру ойымыз 2008 жылы «FEKA»-ның құрылу жұмыстарының бастауына орай, Швецияның Весторос қаласында, сол жердегі қазақ диаспорасы жастарымен өткізілген бір жиналыс кезінде, жастардың тілімізді, ділімізді, тарихымызды, мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді білгіміз, сақтағымыз келеді. Бұл үшін шаралар қолданылса деп қойған талаптарын қалай қанағаттандырамыз деген сұрақтан туындаған. Мұны да ескерте кетелік. Демек Еуропадағы қазақ диаспорасы жастар конференциялары «FEKA» және оның құрамындағы Еуропа қазақ қоғамдарінікі, бастан-аяқ олардың бастамасы және еңбегі. Бұл ешқандай талас та, дау да тудырмайды.

Ал биылғы мамыр айында Парижде өткен Еуропа қазақ құрылтайын Франция қазақ мәдениет қоғамы ұйымдастырды. «FEKA»және оның құрамында орын алатын Еуропадағы қазақ қоғамдары ойдағыдай өтуі үшін Франция қазақ мәдениет қоғамына рухани қолдау білдіріп, онымен тығыз бірге істесіп өткізді. Қауымдастық делегациясы да құрылтайға ұйымдастырушы емес, қонақ ретінде қатысты және құрылтайдың қызықты өтуіне өз үлесін қосып қайтты. Біз жоғарыда аталған сұхбатта осы құрылтай төңірегінде айтылғандарды осылай дұрыстаған жөн демекпіз.

Сөз соңында, «Айқын» газеті редакциясынан, журналист Құтмағамбет Қонысбайдың Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бірінші орынбасары Талғат Мамашевпен «Сырттағы қандастарға көзқарасты мемлекеттік деңгейде өзгертетін уақыт жетті» деген тақырып астында өткізген сұхбатына жасаған осы түзету-ескертуімізді, аталған газетте біздің жауабымыз ретінде жариялануын талап етеміз. Біздің мұндай жауап беруге журналистік этика тұрғысынан толық хақымыз бар. Өйткені әңгіме біздің еңбегіміз, сол еңбек арқылы атқарған іс-шараларымыз туралы болып отыр.

Құрметпен,

Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasi (FEKA)
Avstrya Qazaq Madeniyet Qogami
Berlin Qazaq Qogami (Almaniya)
Daniya Qazaq Madeniyet Qogami
Fransiya Qazaq Madeniyet Qogami (AKFT)
Hollandiya Qazaqtari Qori
Koln Qazaq Madeniyet Ortaligi (Almaniya)
Myunhen Qazaq Madeniyet Qogami (Almaniya)
Norvegiya Qazaq Madeniyet Qogami
Shvetziya Qazaq Madeniyet Qogami
Ulibritaniya Qazaq Qogami

 

„Aiykyn“ Gazetine Ashiq Hat!

Nemese

Ewropa Qazaq Jastari Koneferentsiyalari Ewropadagi Qazaq Qogamdarinin Enbegi

„Aikyn“ gazetinin 16.07.2013 kungi saninda jurnalist Qutmagambet Qonisbaydin „Sirttagi qandastarga kozqarasti memlekettik dengeyde ozgertetin uvaqit jetti“ degen taqirip astinda Duniyejuzi Qazaqtari Qawmdastigi toragasinin birinshi orinbasari Talgat Mamashevpen otkizgen suhpati jariyalandi. Onda Mamashevtin „… biz songi jildari Ewropada eki ret jastar kongresin uyimdastirdiq. Bul sharalar konferentsiya, dongelek ustel turinde otti. Mamir ayinda Parijde Ewropa Qazaqtarinin kishi quriltayin otkizdik“ degeni keltiriledi. Biraq, Mamashev aytti degen bul soz  duris emes,  beker soz. Esh qanday negizi joq, bos soz. Oytkeni Duniyejuzi Qazaqtari Qawmdastigi esh uvaqit Ewropada jastarga arnap, kongres te konferentsiya da uyimdastirgan emes. Bul ansheyin „dayin asqa tik qasiq degendeyin“, Ewropada songi jildari Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasi (FEKA) men onin quramindagi Ewropa Qazaq Qogamdari tarapinan uyimdastirilip kele jatqan, tipti dasturge de aynalgan Ewropa Qazaq Diasporasi Jastar Konferentsiyalarina joq jerden iyemdene qalip, upayin ozine avdaruv ayla-shargisi gana. Oytkeni, bul konferentsiyalardin birinshisi 2009 jildin savir ayinda Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasi (FEKA) men Myunhen Qazaq Madeniyet Qogami tarapinan Almaniyanin Myunhen qalasinda; ekinshisi 2009 jildin jeltoqsan ayinda FEKA men Shvetziya Qazaq Madeniyet Qogami tarapinan Shvetziyanin Vesteros qalasinda; ushinshisi  2011 jildin jeltoqsan ayinda FEKA men Fransiya Qazaq Madeniyet Qogami tarapinan Fransiyanin astanasi Parijde; tortinshisi 2012 jildin jeltoqsan ayinda FEKA men Koln Qazaq Madeniyet Ortaligi tarapinan Almaniyanin Koln qalasinda birge uyimdastirilip otkizilgen. Bul konferentsiyalardin besinshisi biyilgi jeltoqsan ayinda tagi FEKA men Ulibritaniya Qazaq Qogami tarapinan Ulibritaniyanin astanasi Londonda birge otkizilmek bolip josparlanip otir. Bul konferentsiyalardin ishinde 2011 jili Parijde otken Ewropa Qazaq Diasporasi Jastar Konferentsiyasina gana - astin sizip otirip aytamiz – Duniyejuzi Qazaqtari Qawmdastiginin okili bizdin shakiruvimiz boyinsha qonaq, tindavshi retinde qatisqan. Qawmdastiqtin Ewropadagi Qazaq Diasporasi Jastar Konferentsiyalarina esh qanday qatisi joq. Al, bul konferentsiyalardi uyimdastiruv oyimiz  2008 jili FEKA-nin quriluv jumistarinin bastavina oray, Shvetziyanin Vesteros qalasinda, sol jerdegi Qazaq diasporasi jastarimen otkizilgen bir jiynalis kezinde, jastardin tilimizdi, dilimizdi, tarihimizdi, madeniyetimizdi, salt-dasturlerimizdi bilgimiz saqtagimiz keledi; bul ushin sharalar qoldanilsa dep qoygan talaptarin qalay qanagatttandiramiz degen suraqtan tuvindagan. Muni da eskerte ketelik. Demek Ewropadagi Qazaq Diasporasi Jastar Konferentsiyalari FEKA jane onin quramindagi Ewropa Qazaq Qogamdariniki, bastan ayaq olardin bastamasi jane enbegi. Bul esh qanday talas da dav da tuvdirmaydi.

Al,  biyilgi mamir ayinda Parijde otken Ewropa Qazaq Qurultayin Fransiya Qazaq Madeniyet Qogami uyimdastirdi. FEKA jane onin quraminda orin alatin Ewropadagi Qazaq Qogamdari qurultaydin oydagiday otuvi ushin Fransiya Qazaq Madeniyet Qogamina ruvhaniy qoldav bildirip, onimen tigiz birgestesip otirdi. Qawmdastiq delegatsiyasi da qurultayga uyimdastiruvshi emes, qonaq retinde qatisti jane qurultaydin qiziqti otuvine oz ulesin qosip qaytti. Biz jogarida atalgan suhpatta osi qurultay tonireginde aytilgandardi osilay duristagan jon demekpiz.

Soz soninda „Aikyn“ gazeti redaksiyasinan, jurnalist Qutmagambet Qonisbaydin Duniyejuzi Qazaqtari Qawmdastigi birinshi orinbasari Talgat Mamashevpen „Sirttagi qandastarga kozqarasti memlekettik dengeyde ozgertetin uvaqit jetti“ degen taqirip astinda otkizgen suhpatina jasagan osi tuzetuv-eskertuvimizdi, atalgan gazette bizdin javabimiz retinde jariyalanuvin talap etemiz. Bizdin munday javap beruvge jurnalistiykaliq etika turgisinan toliq haqimiz bar. Oytkeni angime, bizdin enbegimiz, sol enbek arqili atqargan is-sharalarimiz tuvrali bolip otir.

Qurmetpen,

Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasi (FEKA)
Avstrya Qazaq Madeniyet Qogami
Berlin Qazaq Qogami (Almaniya)
Daniya Qazaq Madeniyet Qogami
Fransiya Qazaq Madeniyet Qogami (AKFT)
Hollandiya Qazaqtari Qori
Koln Qazaq Madeniyet Ortaligi (Almaniya)
Myunhen Qazaq Madeniyet Qogami (Almaniya)
Norvegiya Qazaq Madeniyet Qogami
Shvetziya Qazaq Madeniyet Qogami
Ulibritaniya Qazaq Qogami

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3221
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276