Сенбі, 12 Қазан 2024
Жаңалықтар 3382 0 пікір 5 Тамыз, 2013 сағат 06:27

Шәріпхан Қайсар. Байқоңыр: баяғы гептил «жыры»

О баста жалдау ақысы күмән келтіріп, күмілжіткен Байқоңыр айлағы уақыт өткен сайын талай мәселесімен көзге түсуде. Ресейдің «Роскосмосының» еркінсіген еркелігін көтеріп келген қазақ билігі бұл жолы неғып қазақшыл болып қалғаны тағы күмәнді...

Байқоңыр мәселесін қарастырған Қазақ елінің мемлекеттік комиссиясы өз отырысына халықшыл азаматтарды да шақырған болды. Көп нәрсені көзге шұқымай-ақ, сол отырысқа қатысқандардың сөзіне тоқталсақ, біраз жайға қаныға түсеміз.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

 - Облыс жұртшылығының арасында сырқат үлесінің (соның ішінде қантамыр жүйелері, т.б.) айтарлықтай өсе түскенін келтіруге мәжбүрмін. Бұған әлемуеттік-экономикалық алғышарт болмаса да орын алып отыр. Бұл бізді мазаламай тұрмайды. 
Зымыранды жөнелткенге дейін де, кейін де үзіліссіз экологиялық мониторингті жүзеге асыру керек.
Гептилге қатысты технологияларды да, құрамталарды да тыйған жөн. Халық саулығы бәрінен қымбат.
Зиянды бағалау әдістемсін әзірлеген абзал.
Ғарыш айлағының маңайындағы облыс тұрғындарына Ресей азаматтарына берілетін көлем деңгейінде  өтемақы төлеу керек болмаса үстемақы қарастырған мақұл.

Мұнымен бірге Қ,Көшербаев Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласындағы ҚР азаматтарына 50%-ға дейін экологиялық төлемді көтеруді ұсынды.  

Нұрлан Қаппаров,ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі:
- Биылғы жылдың 29 шілдесінде алдын ала және усыздандырудан кейін де топырақтағы гептилдің уыты айтарлықтай азайғаны байқалды:
- үшкіл шұңқырдың 0 -20 см  қабатында – 7597-ден 215-ке дейін Пайдалы әсер коэфициенті  (ПӘК - 35 есе), 20-40 см тереңдікте –2733-тен 17,9-ға дейін  ПӘК  (152 есе) және 40-60 см тереңде –5-тен 0,8-ге дейін ПӘК ( 6 есе) азайған;
- шұңқыр аумағындағы 0 - 20 см тереңде  - 1433-тен 188,1-ге дейін ПӘК (гептил уыты 7 есе) төмендеген.

Одан әрі Н. Қаппаров мырза Қазақстанның экологиялық кодексінің Байқоңыр айлағына жүрмейтіндігін айтып, елдің заңдық қауқарсыздығын әшкереледі. «Бұл дұрыс емес.Мұны қайта қарау керек, әрі экологиялық мәселелерді кешенді түрде шешу қажет».

А.Лопатин, РосКосмос басшысының орынбасары: «Апат себебі - Причина аварии –немқұрайдылық пен техникалық қатеде. Қазір келтірілген экологиялық зиян есептелу үстінде» дейді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР, 1-вице-министр: «15 жылдың ішінде 5 рет зымырандардың ірі апаты болды. Әр 3 жылда бір апат».

Айдос Сарым, саясаттанушы:  - «РосКосмос» өкілдері баяндарына кірісті. Оларды тыңдап отырсаң, бәрі де мамыражай және протондық игілік жауғандай әсер аласың. Дегенмен, Протон құлдыраған жердегі айтарлықтай ластануды теріске шығаруға қымсынады.

Сонымен, қорытындысында Қазақ билігі Б.Сағынтаевтың ауызымен ғарыш айлағы жөніндегі екіжақты келісімшартты қайта қараймыз дегенді айтып қалды. Екінші «теңестірме» сөзбен «Бірақ Байқоңыр екі ел үшін алма дауы болмауы керек» деп те қылп етті...  Ал, журналистерді қырып-жоя жаздаған мінезді ғарышкер, Ресей батыры әрі ҚазҒарыш басшысы тым-тырыс...

Abai.kz

0 пікір