Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
2121 2 пікір 29 Қыркүйек, 2023 сағат 15:29

Пашинян Таулы Қарабақ тұрғындарының көшуіне Әзірбайжан билігін айыптады

Арменияның үкімет басшысы Никол Пашинян Таулы Қарабақтан этностық армяндардың жаппай кетіп жатқаны үшін Әзербайжанды этностық тазалау саясатын жүргізді деп айыптады.

Премьер-министрдің баспасөз хатшысы Назели Багдасарян хабарлағандай, 28 қыркүйекке қарата Арменияға Таулы Қарабақтан 66 500 адам барған. Бұл жікшіл аймақтағы 120 мың этностық армяндардың жартысынан көбі екенін білдіреді.

"Бұл тікелей этностық тазалау және депатриация (отанынан айыру) актісі. Бұл туралы армян тарап халықаралық қауымдастыққа бұрыннан ескертіп келеді",- деді Пашинян 28 қыркүйекте өткен үкімет отырысында.

Ресми Баку бұл айыптарды теріске шығарып, аймақтағы армяндарды Әзербайжанға "реинтеграция" жасау әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді.

Ал мойындалмаған "Таулы Қарабақ республикасының" басшысы Самвел Шахраманян 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап сепаратистік құрылымды жою туралы жарлыққа қол қойған.

Жарлыққа сәйкес, жаңа жылға дейін "осы республикаға қараған мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар" таратылады.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068