Жұма, 2 Қазан 2026
3541 4 пікір 29 Қыркүйек, 2023 сағат 15:40

Таулы Қарабақтан Арменияға 85 мыңға жуық адам көшіп кетті

Әлемдік қауымдастық мойындамаған Таулы Қарабақ республикасынан Арменияға 84 770 адам келді. Бұл туралы Армения прмьерінің баспасөз хатшысы Назели Багдасарян хабарлады. Бұл өңірде 120 мыңнан астам адам тұрады.

Таулы Қарабақ билігі Әзербайжан талаптарына көніп, қарсылық көрсетуді доғарған соң, аймақтағы этникалық армяндар бұл жерден кетіп жатыр.

28 қыркүйекте ТҚР басшысы Самвел Шахраманян мойындалмаған республиканы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойып, мемлекеттік мекемелердің бәрін тарату туралы жарлыққа қол қойды.

Босқындарды Армения мен Таулы Қарабақ арасын жалғайтын Лаин дәлізіне жақын Корнидзор ауылында қарсы алып жатыр. Гуманитарлық орталық осы жерде орналасқан.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 294
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 319
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 414