Бейсенбі, 22 Қазан 2026
2154 0 пікір 3 Қазан, 2023 сағат 13:35

Қырғыз бен Тәжік шекара дауын шешпек

2 қазанда Қырғызстанның Тәжікстанмен шекаралас Баткен қаласында екі ел үкімет өкілдерінің шекараны бекіту бойынша кезекті кездесуі өтті.

Қырғызстан тарабын елдің Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев бастап барса, Тәжікстан делегациясын елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Саймумин Ятимов жетектеген.

Кездесу барысында қырғыз-тәжік шекарасын толыққанды бекіту үшін даулы аймақтарға қатысты мәселенің тезірек шешім табуына күш салу қажеттігін атап өткен. Сонымен бірге шекаралас аймақтарда тұратын екі ел тұрғындарының достық қарым-қатынасына мән беру қажетігін де айтқан.

Екі ел арасындағы шекара қашықтығы 972 шақырым. Оның 664 шақырымы бойынша келісімге келген. Қалған 300 шақырым жер дау туғызып келеді. Осы даулы аймақ тұрғындар арасындағы жиі қақтығысқа себеп болып отыр.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1134
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1577