Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 3059 5 пікір 4 Қазан, 2023 сағат 13:48

Рим статусын мойындау: Путин үшін тағы бір есік жабылды

Біз бұған дейін Армения Парламенті Халықаралық Қылымыстық соттың (ХҚС) Рим статутын ратифицияламақшы деген ақпаратты жазған едік.

Кеше, сейсенбі күні, Армения Парламенті өзінің кезекті отырсында ХҚС Рим статутын ратифициялады.  Рим статуты ХҚС шешімін оны мойындаған мемлекетке мүлтіксіз орындауға міндеттейді. Бәріміз білеміз, бұған дейін ХҚС Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға бұйрық берген болатын.

Армения оппозициясы кешегі жиында «Рим статуты Арменияның сыртқы саясатына қайшы келеді» деп мәлімдеп, талқылауға қатысудан бас тартқан.

Сонымен Армения Парламенті ХҚС  Рим статутын ратифициялау үшін дауыс беру кезінде биліктегі «Азаматтық келісім» фракцияның 60 депутаты жақтап, ал, «Айастан (Армения)» мен «Арға адалдық» фракцияларының 22 депутаты қарсы дауыс берді.

Енді аталған құжатқа Армения президенті Ваагн Хачатрян қол қоюға тиіс.

Бұл тарихи құжатқа қол қою Ресейдің өзінің мәңгілік одақтасы санаған Армениядан біржола айырылғандығын білдіреді. Өзін Орталық Азиядағы ең өркениеті еліміз деп санайтын біздің Қазақстан да ХҚС Рим статутын ратифициялауға қадам жасап, Ресейден қашан ірге ажыратады деген ой әр қазақтың кәлләсінде жүргені жасырын емес. Сол күн алыс емес деп тілейік!

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5263